Инфоурок Дошкольное образование СтатьиЕресек топ балаларын батырлар жырлары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімділігі

Ересек топ балаларын батырлар жырлары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімділігі

Скачать материал

Ересек топ балаларын батырлар жырлары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімділігі

 

7М012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мамандығының

1 курс магистранты Дәуірбаева Д.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымд. профессор Атемкулова Н.О.

 

Н.Ә.Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән беріп: «қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау - менің перзенттік те, президенттік те парызым» – деп айтқан болатын. Осыны негізге ала отырып, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған шақта сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Айрандай ұйып отырған елдердің іркіттей іріп, бір-ақ күнде берекесі қашып жатқан бүгінгі алмағайып заманда ұлт болып ұйысу, бірлікті сақтау, жастарды отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру бұрынғыдан да маңызды мәселеге айналды. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырға жуық уақытта еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеудің сан түрлі тәсілдері қолданылып келеді. Бірақ ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу арналы жүйесін тапты деу қиын. Бұл іс көбіне тақырыптық шаралармен шектеліп жатады. Ондай шаралардың еш пайдасы жоқ деуден аулақпыз, алайда баланың бойында Отансүйгіштік сынды ұлы сезімді қалыптастыруға науқандық сипаттағы іс-шараның қауқарсыз екенін де жасырып қала алмаймыз. Бізге жаңадан «Америка ашудың» қажеті жоқ. Бұрынғы бабаларымыздың баланы ұлтжандылыққа қалай тәрбиелегенін зерттеп-зерделесек те көп нәрсенің беті ашылады. Бертінге дейін ауылдың қариялары жас балаларға батырлар жырын жаттатқызып, кеш болса жыр оқытқызып келген. Сол жыр жаттап, жыр тыңдап өскен балалар бүгінде ауызы дуалы, сөзі уәлі ақсақалға айналғанын өмір көрсетіп отыр. Батагөй, шежірешіл, сөзге шешен қай қариядан барып сұрасаңыз да, бала кездегі оқыған ертегісі, естіген аңыздары, жаттаған жырлары өмір бойы рухани азық, бүкіл болмыс-бітім, мінез-құлық, ұлттық танымның қалыптасуына іргетас болғанын ағынан жарылып айтады. Ендеше ұлттық тәрбиенің қайнар көзі осы жырларда жатқанына еш шүбә келтіруге болмайды. Қайта өшкенімізді жағып, өткен бабалардың осы бір тәрбиелеу тәсілін жаңғыртып, ертеңгіге асыл мұра етіп қалдыруымыз керек. Ол үшін әуелі батырлар жыры балаларға не береді дегенді тарқата талдап, тереңірек түйсініп алғанымыз жөн. Қазақ халқы ат үстінен түспеген кешегі күндері ұл баланың бойында жылқы малына деген құрмет, оның қасиетті, құтты жануар, қала берді «ер қанаты» екенін жете түсіну маңызды болғаны даусыз. Кішкене күнінен естіп өскен жырлардағы тұлпарлар бейнесі баланың бойында осынау батырларға айнымас серік болған сәйгүліктерге сарқылмас ынтызарлықты оятады. Мәселен, Қамбар батырдың аузынан шығатын мынадай бір шумақ бар:

«Қанатты туған пырағым,

Аға-іні сен едің,

Тар жерде жолдас шырағым,

Мойның алтын таяқтай,

Қамыстай екі құлағың,

Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе тұяғың,

Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар

Сымбатың менен сияғың...» - бұл жерде жылқы малының батырға жолдас қана емес, аға-інідей жақын болып кететіні айтылады. Жырларда кездесетін адам мен жылқының етене жақындығын, тіпті тұтасып бір денедей болып кететінін сипаттайтын тұстар көшпенді қазақ даласының ұландарын жер жаһандағы ең үздік атты әскер етіп тәрбиеледі. Ал қазіргі кезде жауға атқа мініп шаппайтыны бесенеден белгілі, дегенмен атқа мініп өскен ер баланың жігерлі, намысты, қуатты болып өсетіні сөзсіз. Атқа міну терапия түрі ретінде де танылып келеді. Қасиетті жануардың энергиясы адамға ерекше қуат сыйлап, шаршауын шығаратыны дәлелденіп, дамыған елдерде бұл ең пайдалы демалыс түрі саналып жүр. Сондықтан дені сау ұрпақ өсіру үшін атқұмарлық қасиеті ешқашан өшпеуі, ұмытылмауы тиіс. Отан қорғау, ел шетіне жау келсе, шеп құрып шекісу, қайрат көрсетіп, қаһарын таныту - ер жігітке парыз. Бұл парыз кешегі жаугершілік заманда да, бүгінгі бейбіт күнде де еркек кіндіктінің мойнынан түскен емес, түспейді де, түспек те емес. Қай елде де солай. Сондықтан ер баланы ерлікке, батырлыққа бала күнінен тәрбиелеу бүгін де маңызын жойған жоқ. Қайта әлем елдері әскери қуатын арттырып, оған миллиардтап ақша төгіп жатқан қазіргі таңда бұл өте маңызды тақырыпқа айналғанын жасыруға болмайды. Сол себепті де ұл балаға ерте жастан ерлік ұғымын, бұрынғы бабаларының бұл ұлы жолда өшпес із қалдырғанын жете түсіндіру керек. Ол, әрине, батырлар жырында кестелі тіл, өрнекті өлеңмен шебер өрілген, әсірелеумен әрленіп, баланы қайталанбас әсерге бөлейтін, оның қиялына қанат бітіретін ерекше формада берілген:

«... Астында Шұбар секірді,

Жазым болып кетер деп,

Үстінде бала бекінді,

Шынжыр арқан,темір тор,

Жүн- жүн болған секілді.

Тағы шұбар бұлқынды,

Үстінде бала жұлқынды,

Қамалап тұрған қалмаққа,

Жалғыз бала ұмтылды.

Енді қалмақ сасады,

Қақпаның аузын ашады.

Біріне бірі қарамай,

Қақпаға құлып сала алмай,

Бет бетімен қашады.

Алдыңғы жағын қалмақтың

Арт жағы келіп басады...

...Көк орданың басында,

 Көк өзеннің қасында,

Тайшық хандай ханына

Алпамыс берен айқасты.

Қарсыласып қалысты,

Тайынбай найза салысты.

Біріне - бірі ылағып,

Екі найза қағысты.

Осы менен екеуі

Біраз жерге барысты.

Найзаларын тастасып,

Қылышпенен салысты.

Ат үстінен жүгіртіп,

Бірін-бірі шабысты...» («Алпамыс батыр» жырынан).

Жырларда кездесетін тағы бір нәрсе - батырдың қалыңдығы туралы білуі және сол үшін күресуі. Махаббат үшін күрес! Осы бір ұлы сезімге адалдық тұтас бір ұлттың ұлы болуына ықпал етеді дегенге сенбессіз, бірақ солай. Себебі, өмірлік жар таңдау, оған деген қамқорлық пен құрмет, оны қорғау үшін жанын пида ете білу сынды қасиеттер елде берекелі шаңырақтардың көбеюіне негіз болады. Ал дәл сондай шаңырақтардан елі, жері үшін отқа түсуден тайынбайтын ұландар шығады. Сондықтан баланың бойында махаббатқа адалдық, сүйе білу, жар таңдай білу сынды құнды қасиеттерді қалыптастыруда батырлар жырының рөлі зор. Қазақтың батырлық жырларында елін қорғаған батырлармен қатар, олардың анасы мен жар-жұбайлары да үлгі етіп көрсетілген. Оларды батырларды жорыққа дайындаушы, намысы мен жігеріне дем беруші, ақылшысы және қамқоршысы ретінде көрсеткен. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында Құртқа ақылды, сабырлы, көреген болып суреттеледі. Ол жасымайды, қайта батырға үнемі ақыл қосады, Тайбурылды баптап, жарыққа дайындайды. Мұның барлығы батырдың қиындықтарды женіп шығуына септігін тигізеді. Қазақ қыздарының жарына деген мұндай адал қызметін Ақжүніс пен Гүлбаршын, Назымдардың да басынан көруге болады. Мұны ұрпақты ерлікке тәрбиелеудің тағылымдық үлгісі десе артық емес. Осы секілді ұзын-сонар шумақтарды мысал етіп, талай рухани құндылықтардың тамыры жырларда жатқанын дәлелдеуге болады. Оның ішінде адал достық, ерлік, отансүйгіштік, жауға деген қаһар, жарға деген махаббат, туған елге-жерге деген сағыныш, табиғатқа деген құрмет, бәрі-бәрі қамтылған. Сондықтан бала тәрбиелеуде батырлар жырын оқыту қайта қолға алынып, қайта жаңғыртылуы тиіс.

  Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет. Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды. Мектеп жасына ересек топ балаларымен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық  әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан  адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері.    Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,  ең аяулысы-анасына балайды.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне шын берілгендіктен рухында  тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу  идеялары  мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр. Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен  таныстырудың маңызы зор. Қ.Р-ның азаматтары  Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.

      Мектеп жасына дейінгі баланың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, олардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мен батырлыққа тәрбиелеу ісінде балалар әдебиеті ұсақ жанрларының ­­­­­­– оның ішінде ойын арқылы іске асырылатын ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Тәрбиешінің  балаларға шағын ертегі, санамақ, жұмбақ, батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтып:

                    Өжет адам өлімді жеңеді.

                    Ер бір өледі,

                    Қорқақ мың өледі, оны балардың өздеріне қайталап айқызуы, жаттатуы тәрбиеші жұмысының күнделікті жасайтын іс-әрекеті болып саналады. Шағын ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ т.б. айту барысында бала бір жағынан алғанда өзінің сөздік қорын байытса, екінші жағынан баланың әрбір затқа, құбылыстарға деген түсінігі қалыптасары анық. Балалар көбінесе әдеби шығармаларды тәрбиешінің көмегі арқылы ғана сөз сырын ұғынып, санасына ұялата алады. Сондықтан, балалар әдебиетінің ұсақ  жанрлары ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ ойындардың ежелден–ақ тәрбие саласында зор көмекші екені белгілі. Мектеп жасына дейінгі балалар, әсіресе, ертегілерді тыңдағанды жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян-кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді.

       Көптеген қазіргі кездегі  вариативтік  бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын  қамтыған. Ересек топ балаларымен жұмыста батырлардың суреттері бар  кітапшалар қолданған  дұрыс, олардың істеген ерліктерін бейнежазбалар немесе мультфильмдер арқылы, театрландырылған қойылымдар арқылы үнемі жаңартып ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолданысқа енгізу қажет. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, батырлық, ержүректік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

     Ересек топ  балаларын батырлар жыры арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімділігі еліміздің болашақ ұрпағын  елін, жерін, ана тілін сүйетін қадірлейтін, қорғай алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында  көптеген  тәрбиелік іс-шаралар , «Мен батыр боламын» атты сурет көрмелері, туып өскен жеріміздегі өлкетану мұражайына саяхаттар, театрландырылған қойылымдар, стендтер, жиі ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері, ата-аналармен бірге қазақтың батырларын таныстыру, дәріптеу мақсатында жиі ертеңгіліктер, іс-шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. 

 



Пайдаланған әдебиеттер:

1.     «Отбасы және балабақша» журналы  №3. 2011жыл

2.     «Мектепке дейінгі ұйым» журналы  №12. 2012жыл

3.      Ғабдуллин М.Сыдықов Т., "Қазақ халқының батырлық жыры", Алматы, 1972;

4.     Мектептердегі ұлтжандылық, отансүйгіштік және азаттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға арналған бағдарламалар  жинағы  Алматы, 2009жыл

5.     Аралбаева Р.К. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы: Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012 ж. –220 бет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ересек топ балаларын батырлар жырлары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2019 359
    • DOCX 28.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәуірбаева Дана Сәбитқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дәуірбаева Дана Сәбитқызы
    Дәуірбаева Дана Сәбитқызы
    • На сайте: 5 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15024
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 497 человек

Курс повышения квалификации

Инновационный подход в воспитании дошкольников в реджио-педагогике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 117 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек