Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ересек топ балаларына арналған
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ересек топ балаларына арналған

библиотека
материалов

Мен және менің есімім

Жарияланды 20-01-2014, 03:13 Категориясы: Өзін өзі тану 

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің есімім
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Сабақтың міндеттері: оқушылардың өздерін жан - жақты тереңірек ашуына бағыт бағдар беру, оқушы көз қарасын қалыптастыру. Оқушылардың өзін - өзі тануға жағдай туғызу. Қатысушылардың өзіндік санасы мен рефлексиясына ықпал ету.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, Оқушыларды түгендеу.
«Амандасу» тренингі
Бір оқушыға доп лақтырып оқушы оны қағып алып, лақтырған адамның көзіне қарап тұрып өзінің есімін атап «Өте қуаныштымын» дейді.
Ал, енді бірнеше секунд өздерің ойланыңдар, «Мен кіммін?» деген сұрақ қойыңдар, ең маңыздыларын және ең жақсыларын еске түсіріңдер, оны жүректеріне сақтаңдар, ол бізге кейін керек болады.
Рахмет, балалар! әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады. Қазір, сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. (И. Панарин тесті бойынша)

□ - таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
∆ - таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
О - таңдаған өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.

ІІ. Өз есіміне қатынасты анықтайтын экспресс - диагностика.
Мені сендердің өз есімдеріңе байланысты қатынастарың қызықтырады. Қазір біз оны саусақтарымызбен көрсетеміз. Көздерімізді жұмамыз, мен алақанымды соққан сәтте өз есіміне риза болғандар – бес саусағын, ұнайтындар – төрт саусағын, қалыпты қабылдайтындар - үш саусағын, аса ұнатпайтындар – екі саусағын, мүлдем ұнатпайтындар - бір саусағын көрсетеді. Сендер қалай ойлайсыңдар, өз есімің өзіңе ұнауы маңызды ма?

ІІІ. Есімді қабылдауға арналған топтық жұмыс.
Біз осы есімнің әртүрлі нұсқаларын айтамыз, ал сен жай ғана отыр, қайсысы саған ұнайды, тыңда және таңда. Осы есімді қаншама керемет адамдар иеленіп жүр, Көрдің бе, қандай керемет топта жүргеніңді. Олай болса, басқа бір есімді таңда. Сен бүгін -------- бол.

IV. «Өз есіміңді елестет» релаксациясы
Әркім өзінің есімін көз алдына елестетеді. Ол қандай? Үлкен бе, кіші ме? Сенің есіміңді ұстап көрсе жұмсақ па, әлде қатты ма? Ал енді кейін қайтамыз. Көзімізді ашамыз.

V. «Өз есіміңді суретке сал» арттерапиялық жаттығу
Шарты: ақ қағазға өзіне ұнайтын гүлді салу.
Дайын болса, әркім өз суретін тақтаға өзі қалаған жерге іледі.

VI. Суреттерді сөйлету, белгілеріне қарай топтау.
Бір шоғырда қандай есімдер өсуі мүмкін?
Қандай белгілері бойынша?
Осы адамдарды шын өмірде бақылап көру. Мүмкін олар да бір - біріне ұқсас шығар?

VII. Жаттығу «Сөйлемді жалғастыр»
Мен ойлаймын, себебі мен...
Басқалар ойлайды, себебі...
Менің болғым келеді...

VIII. «Өрмекші торы» жаттығуы. (Топты біріктіруге арналған).
Ортаға шеңбер құрамыз. Мен бір балаға оралған жіп лақтырамын, оны атымен атаймын және оны маған ұнайтын мінезі, сырт келбеті туралы айтамын, содан кейін жіпті алған бала келесі балаға лақтырады, дәл осылайша ол келесі балаға лақтырады.
Енді өрмекті тарқатамыз да басқа балалардың бізге не айтқанын есімізге түсіреміз.

IX. «Мен» бейнесіне түсінік, ауызша суреттеу.
Кім өзі туралы айтып бергісі келеді? Өзін - өзі суреттеу.

Қорытындылау
Сабақта сендерге не қызық болды, мүмкін кейбіреулер өзі туралы, өзінің аты және сыныптастарының өзіне қатынасы туралы ерекше білім алған шығар. Сендерге не ұнады? Не қиын болды?
Жүректен жүрекке
Балалар сендердің бүгінгі жұмыстарыңыз үшін үлкен рахмет. Бір - бірімізге жинақтаушы қол шапалақтау жаттығуы арқылы алғыс білдірейік. Мен сенің жаныңа келемін де саған қол шапалақтаймын. Ербол бұл саған арналған. Келесі кімге барамыз, сен өзің таңдайсың. Ең соңында біз барлық қатысушыларға бірге болғаны үшін алғыс айтамыз. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай біріктіреміз де, бәріміз бірге «Сау болыңдар» деп айтамыз.















Менің есімім..

Қазақтың ырымдары, салт-дәстүрлері өте көп. Солардың негізгілерінің бірі ол сәби дүниеге келгенде есімін қою. Есіміне қарай оның тағдыры байланысты болады дейді. Мұның анығына жеткен адам жоқ шығар. Алайда ырымшылдыққа баласақ солай болары хақ. Біздің қазақ халқында көбіне араб есімдері, парсы есімдерін қою дендеп кетті. Олардың атына қарап қандай мағына беретінін бір айтқаннан ұға білмейміз. Өз жақындарымнан мысал келтірер болсам екі жеңгем босанды. Қойған есімдері Ануддин және Анель болды. Түпкі мағынасы терең дейді, қандай мағына беретінін дәл қазір ұмытып отырмын. Қысқасы, қазіргі тілмен айтқанда «модный» есімдер. Менің бір танысым болатын. Оның есімі Әдемі. Қазіргі агент дейтінге тізіп жазып қоямыз ғой есімдерімізді. Сол жерге танысым «Адема» депті. Достарының бәрі солай атайтын көрінеді. Тіпті, төлқұжатына да солай жаздырмақшы екенін маған айтқан болатын. Оның айтуынша «Адема» деп айтқан көрікті естіледі екен.

      Негізі «Массагеттіктермен» толықтай таныспақ ниетте өз есімім жайлы айтпақ болғанмын. Өздерініңіз білетіндей есімім Ұлжан. Қазақтың есімі. Менің есімім аталысымен-ақ менің сырымды ашылып қояды. Көбісі «енді отбасыларыңда ұл бар ма?» деп тікесінен көшеді, не болмаса «нешіншісінің үйіннің?» дейді. Сондай-ақ алғашқы танысуларда кім болмасын алдымен есімімді «Тоғжан» дейді, содан кейін «Гүлжан» боламын, ақыр соңында Ұлжан екенімді біліп, кешірім сұрап жатады. Анық естілетін әдемі есім неге қоймағансың деп анама ренжитінмін бұрын. Жалпы «Ұ» дыбысы қысаң әрі жуан дыбыс болғандықтан естілуі анық шықпайтын көрінеді шамасы. Достар арасында да танымал «кличкам» болған емес. Алайда, студент болғалы құрбы қыздар тауып берді ғой.

   Жалпы көп жағдайда бұл есім ырыммен, отбасында ұл болсын деген ниетпен қойылады. Менде де сондай ырыммен қойылған. Ең бастысы,менің айтпағым, азан шақырып қойған есімдеріңізді өзгертіп, қысылудың қажеті жоқ. Өз есіміңіз жеке басыңызға бақыт әкелетініне сеніңіз. Мен де сондай сеніммен өмір белесіндеғі журналистік жолда жүрген жайым бар.



Сабақтың мақсаты:

адам есімдері жайлы, оны толық және еркелетіп айтуға болатыны жайлы түсінік беру; балалардың өз есіміне деген жағымды сенімін дамыту; өзге адамдарды есімімен атау әдетіне тәрбиелеу.

Әдістер: сұхбат, түсіндіру, әңгіме, ойын.

Құрал-жабдықтар: хрестоматия, айна, күннің және көбелектің макет-суреті, альбом.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін саяхатымызда «Өзін-Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.

Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.

Тез тұра ғой, өтінем,

Кім болады есімің?

(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың есімдерін қайталайды.)

Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.

Әңгімелесейік

Балалар, кірпі, керік және қонжық орманнан қандай зат тауып алғаны естеріңде ме?

(Балалардың жауаптары)

Дұрыс, олар айна тауып алған болатын. Айнаға қараңдаршы. Кімді көріп тұрсыңдар? Сендердің есімдерің айнадан көрінеді ме?

(Балалардың жауаптары).

Сендер айнадан өздеріңді және беттеріңді ғана көресіңдер. Бірақ, есімдеріңді көре алмайсыңдар. Біз өз есімімізді тек ести аламыз. Әрбір адамның есімі болады. Адам туған кезде оның жақындары мен туыстары: ата-анасы, атасы мен әжесі оған есім береді.

Тыңдайық – ойланайық

Тәрбиеші хрестоматиядан Т.Жарқынбаевтың «Мақұлжан» әңгімесін оқып береді, талқылау жасайды.

Төлеуді қандай бала деп ойлайсыңдар?

Төлеуді Мақұлжан деп неліктен атады?

Сендердің жасаған жақсы істеріңе қуанып, үлкендер басқа есімдермен атады ма?(ақылшы, көмекші т.с.с.)

Педагог сонымен бірге адамның тегі және әкесінің аты болатыны жөнінде тоқталып өтеді.

Есімдерді таңдаған кезде айналадағы қадірлі, сыйлы батырлардың есімдерін және табиғаттың жаратылысындағы сұлулық пен әсемдікке теңеп қойған.

Үлкен адамдар бір-бірімен сөйлескенде өз есімімен қатар әкесінің атын да атайды. Мысалы, менің есімім Айнұр болса, әкемнің аты бойынша Серікхан қызымын. Араларыңда кім өзінің ата тегін біледі? (Балалардың жауаптары)

Егер адам мейірімді болып, игі істер жасаса, оны елдің бәрі құрметтейді, сыйлайды. Ал егер жаман іс жасаса,онда «Әкесінің атына кір келтірді» деп айтады. Сондықтан, балалар, әрқашан да өз есімдеріңді бағалай біліңдер, таза ұстап, кір келтірмей ұзақ өмір сүріңдер!

Ойнайық

Ал сендердің еркелетіп айтатын есімдерің бар ма? Мұны біз қазір білеміз. Ойынға шақырамын. Бұл ойын «Ерке есім» деп аталады.

(Тәрбиеші күннің, көбелектің макеті немесе суретін пайдаланады).

Балалар, барлығың күннің айналасына жинала қойыңдар. Бізге мына көбелек көмектеседі. Ол қай сәулеге келіп қонса, біз сол бағыттағы балаға еркелетіп ат қоямыз. Мысалы, Сәулені – Сәулетай, Сәулежан, Дәуренді – Дәуренжан деп, болмаса, сендердің әке-аналарың, ата-әжелерің, аға-апаларың атайтын есіммен де атауға болады.

(Барлық балалар бір-бірлеп көбелек көрсеткен баланың есімін еркелетіп атап шығады).

Сабаққа қатысып отырған барлық балалардың есімдері аталады.

Шығармашылық тапсырма

Сендердің есімдерің кімнің құрметіне берілгенін үлкендерден сұраңдар.

Үйде өздеріңді үлкендер еркелетіп қалай атайтынын естеріңе түсіріңдер.

Үлкендердің көмегімен альбомның күн мен көбелектер салынған бетіне өз есімдеріңді жазыңдар. Суретті бояңдар.

Қорытындылайық

Балалар, әркімнің өз есімі бар. Бүгінгі сабақта біз есімді құрметтей, бағалай білу керектігі туралы білдік.

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен былай деп айтайық.

 Есімімді сүйемін!

 Оны аялай білемін!

(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)

 

Балалар, рақмет! Сау болыңдар!

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Менің есімім»

Мақсаты: әрбір баланың қайталанбайтынжеке тұлға екендігін ұғындыру.

-адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру;

Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

Өзара жағымды қарым қатынасқа тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

  • Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысың өз есімдеріңді айтып,есімдеріңнің бас әрпінен келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді айтасыңдар, ол біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Ал іске сәт бастайық, балалар.

  • Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін айтып, есімінің бас әрпіне сай (мысалы: Абзал адал, Дархан-дарынды, Ғазиза-ғибратты, Ардақ-ақылды, т.с.с) жағымды сөз айтып басқа балаларға да осындай жақсы қасиетті тілейді.

  • Балалар , сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?

  • Есімдерің өздеріңе ұнай ма?

  • Сендерге бұл есімдерді кім қойғанын білесіңдер ме?

Балалардың жауаптары.

загрузка...

Тәрбиеші балаларға адам есімдерінің сырын ұғындыру мақсатында төмендегі мәтіндерді оқып береді .

Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.

Әйбәт есімдер.

Бақыт,

Бейбіт,

Тынышбек,

Гүлнұр,

Аққу,

Ырысбек,

Қайрат,

Мира,

Еламан,

Сәуле,

Шуақ.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату баламыз

Гүл,гүл жайнап жанамыз.







Менің әйбат есімім

Жарияланды 30-03-2015, 08:59 Категориясы: Өзін өзі тану 

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Менің әйбат есімім»
Сабақтың мақсаты:
– адам есімдері жайлы, оны толық және еркелетіп айтуға болатыны жайлы түсінік беру; балалардың өз есіміне деген жағымды сенімін дамыту; өзге адамдарды есімімен атау әдетіне тәрбиелеу.
Әдістер: сұхбат, түсіндіру, әңгіме, ойын.
Құрал - жабдықтар: хрестоматия, айна, күннің және көбелектің макет - суреті, альбом.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін саяхатымызда «Өзін - Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.
Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.
Тез тұра ғой, өтінем,
Кім болады есімің?
(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың есімдерін қайталайды.)
– Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.

Тыныштық сәті:
«Табиғатқа саяхат» релаксациялы босаңсу деп аталады. Барлығымыз ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз. Мына керемет шипалы ауамен терең тыныс алып, өз тыныс алуыңызды бақылаңыз. Демді ішке тартқанда бойыңызға енген шипалы ауаның денеңіздің әр қуысынан ауыртпалықты, ашу - ызаңызды жинап теріп жүргенін елестетіңіз. Деміңізді шығарғанда манағы шипалы ауаның жиған терген жағымсыз эмоцияларын сыртқа қарай бағыттап шығарып жіберіңіз. Көз алдыңызда өзіңіздің таңғажайып табиғат аясында жүргеніңізді елестетіңіз. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындадыңыз. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырысыңыз. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді ашып, өзіңізге ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге келіңіз. Көгілдір көк аспан, сіздің бойыңызға тыныштықты ұялатады, ал жарқыраған күн сәулесі сізге жылулығын береді. Сылдырлаған өзен мен құстардың әсем дауысы сіздің жүрегіңізді баурап керемет сезімге бөлендіңіз. Ешқандай кедергілер, қиындықтар сіздің көңіл - күйіңізді бұза алмайды. Сізде бәрі де жақсы болады. Терең тыныс алып ішіңізден «Менің қандай әйбат, мен бақыттымын» деген сөздерді қайталаңыз. Көзімізді жаймен ашып, бір - бірімізге қарап күлімдейік.
- Қандай күйде болдыңыздар, барлық жағдайды сезіне алдыңыздар ма?
Әңгімелесейік
– Балалар, кірпі, керік және қонжық орманнан қандай зат тауып алғаны естеріңде ме?
(Балалардың жауаптары)
– Дұрыс, олар айна тауып алған болатын. Айнаға қараңдаршы. Кімді көріп тұрсыңдар? Сендердің есімдерің айнадан көрінеді ме?
(Балалардың жауаптары).
– Сендер айнадан өздеріңді және беттеріңді ғана көресіңдер. Бірақ, есімдеріңді көре алмайсыңдар. Біз өз есімімізді тек ести аламыз. Әрбір адамның есімі болады. Адам туған кезде оның жақындары мен туыстары: ата - анасы, атасы мен әжесі оған есім береді.
Педагог сонымен бірге адамның тегі және әкесінің аты болатыны жөнінде тоқталып өтеді.
Есімдерді таңдаған кезде айналадағы қадірлі, сыйлы батырлардың есімдерін және табиғаттың жаратылысындағы сұлулық пен әсемдікке теңеп қойған.
– Үлкен адамдар бір - бірімен сөйлескенде өз есімімен қатар әкесінің атын да атайды. Мысалы, менің есімім Айнұр болса, әкемнің аты бойынша Серікхан қызымын. Араларыңда кім өз есімімен қатар әкесінің атын айтып біледі? (Балалардың жауаптары)
– Егер адам мейірімді болып, игі істер жасаса, оны елдің бәрі құрметтейді, сыйлайды. Ал егер жаман іс жасаса, онда «Әкесінің атына кір келтірді» деп айтады. Сондықтан, балалар, әрқашан да өз есімдеріңді бағалай біліңдер, таза ұстап, кір келтірмей ұзақ өмір сүріңдер!
– Ал сендердің еркелетіп айтатын есімдерің бар ма? Мұны біз қазір білеміз. Ойынға шақырамын.
Ойын «Ерке есім».
(Тәрбиеші күннің, көбелектің макеті немесе суретін пайдаланады).
– Балалар, барлығың күннің айналасына жинала қойыңдар. Бізге мына көбелек көмектеседі. Ол қай сәулеге келіп қонса, біз сол бағыттағы балаға еркелетіп ат қоямыз. Мысалы, Сәулені – Сәулетай, Сәулежан, Дәуренді – Дәуренжан деп, болмаса, сендердің әке - аналарың, ата - әжелерің, аға - апаларың атайтын есіммен де атауға болады.
(Барлық балалар бір - бірлеп көбелек көрсеткен баланың есімін еркелетіп атап шығады).
Сабаққа қатысып отырған барлық балалардың есімдері аталады.

Тыңдайық – ойланайық
Тәрбиеші хрестоматиядан Т. Жарқынбаевтың «Мақұлжан» әңгімесін оқып береді, талқылау жасайды.
– Төлеуді қандай бала деп ойлайсыңдар?
– Төлеуді Мақұлжан деп неліктен атады?
– Сендердің жасаған жақсы істеріңе қуанып, үлкендер басқа есімдермен атады ма?(ақылшы, көмекші т. с. с.)

Қорытындылайық
– Балалар, әркімнің өз есімі бар. Бүгінгі сабақта біз есімді құрметтей, бағалай білу керектігі туралы білдік. Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Мен сендерге гүл таратып беремін сендер түрлі түсті бояумен бояйсыңдар.
(Балалар гүлдерді бояйды)

Жүректен жүрекке шеңбері
– Бәріміз қол ұстасып, жүректен жүрекке шеңберіне тұрамыз.
Есімімді сүйемін!
Оны аялай білемін!
(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)

Үйге тапсырма
– Сендердің есімдерің кімнің құрметіне берілгенін үлкендерден сұраңдар.
– Үйде өздеріңді үлкендер еркелетіп қалай атайтынын естеріңе түсіріңдер.
– Балалар, рақмет! Сау болыңыздар!

Мен және менің есімім

Жарияланды 31-01-2015, 21:04 Категориясы: Психология 

«Мен және менің есімім»

5 - 6 - сыныпқа арналған психологиялық тренинг - сабақ

Мақсаты:
●“Мен” бейнесінің жағымдылығын қалыптастыруға жағдай жасау;
● Қарым – қатынас түрлерін дамыту;
● Өзін - өзі тануды қалыптастыру;

Бүгін біз сіздермен өткізгелі отырған психология сабағында басқа сабақтағыдай жаңа білім аламыз. Ол білім өздерің туралы, бәріміз туралы.
Мен кіммін? Осы сұрақты адамдар жиі қойып келеді. Ал адамдарға оны білу не үшін қажет?
Сонымен, “Мен кіммін?” ең алғашқы жауап өзінен өзі туындайды (Мен адаммын). Ал, әрбір адамда онсыз өмір сүре алмайтын не бар? (Есім) Ендеше мен сендердің есімдеріңмен жақынырақ танысқым келеді.

«Өзін - өзі таныстыру» жаттығуы
Оқушылар шеңбер бойымен, бірін - бірі қолдарынан ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады.

М е н:
 Мен – тек қол, аяқ немесе дене емеспін.
 Мен – бұл сендердің ойларың, сезімдерің, сөздерің, сендердің қылықтарың, сендердің бір - біріңе, басқаларға деген көзқарастарың

Менің есімім болашақта:

 Есімдеріңді болашақта қандай дәрежеде елестете аласыңдыр?
 Есімдеріңнің атауын неге бергілерің келеді?

«Менің жақсы қасиеттерім» жадынама бланкісі
Менің жақсы қасиеттерім -------
Менің қабілетім мен талантым --------
Менің жетістіктерім ---------

«Көз алдыңа елестет» жаттығуы
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Ыңғайланып отырыңдар (аяқтарың еденде, қолдарың алдарыңда бос жатсын), бірнеше рет терең дем алып, сыртқа шығарамыз. Көзімізді жұмамыз. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет түрінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай? Үлкен бе, әлде кіші ме? Оның түсі қандай? Нәзік пе, әлде айқын ба? Сенің есіміңді ұстап көрсе жұмсақ па, әлде қатты ма, жылы ма, әлде суық па? Мүмкін есімдеріңнің дыбысын естірсіңдер. Өз есімдеріңмен осы сәтте бірге болыңдар. Ал енді қайтамыз... Көзімізді ашамыз, денемізді жазамыз, тік отырамыз.

«Өрмекші торы» жаттығуы
Біз басқа да адамдар арасында өмір сүргендіктен, біз өзге адамның пікірімен де санасуымыз керек. Ол үшін өзіміз туралы басқалардың не ойлайтындығын білуіміз қажет. Бұл жаттығу бізге өзге адамның көзімен қарауға көмектеседі. Ал бүгін мен сендерден әдепті болуды және жолдастарың туралы тек жақсы ой айтуларыңды сұраймын. Ендеше жаттығуымызды бастайық. Жіпті бір бірімізге лақтыра отырып, сол адамның жақсы қасиеттерін айтып шығамыз.

«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы
Балалар, сендердің бүгінгі жұмыстарың үшін рахмет. Маған сендермен өте қызық болды. Бір - бірімізге жинақтаушы қол шапалақтау жаттығуы арқылы алғысымызды білдірейік. Мен бір оқушының қасына барып атын атап, қолымды шапалақтаймын, осылай барлығымыз бір - бірімізге бірге барып қол шапалақтау арқылы алғыс білдіреміз.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров402
Номер материала ДВ-333309
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх