Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Ересек топтағы балаларға арналған ұйқыдан ояну гимнастикасы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Ересек топтағы балаларға арналған ұйқыдан ояну гимнастикасы

библиотека
материалов

Ұйқыдан ояну гимнастикасы

(әдістемелік нұсқау)

Н.Н. Ефименконың «Сауықтыру ж/е шынықтыру театры» бағдарламасына сүйене отырып бейімделген бағдарлама.

Ояну гимнастикасы бірнеше этаптан тұрады:

  1. Бала-дың түскі ұйқыдан оянуы (12 мин). Мақсаты:

Бала-дың түскі ұйқыдан әуенді-рефлекторлы ояну әдісін меңгеру.

Мақсаты: (бала-ға)

Комфортты ояну (жайлы ояну)

  • Музыкалық үн таспалар қолданылады ж/е ол 2-3 ай арасында өзгертіліп отырылады.

  • Үн таспалар бөлінуіне қарай классикалық немесе қазіргі заманға сәйкес, мажорлы, көңілді әуенге байланысты таңдалады.

  • Оянудың арнайы тақырыбы құрылады.

  1. Пластик – шоу

(Көлденең пластикалық балет элементі бойынша құрылған жоба. Ол төсекте көлденең қалыпта орындалады) 3-5 мин.(кіші топта), 5-7 мин. (ересек топтарда).

Мақсаты: (тәрбиешінің)

Музыка ж/е қимыл арқылы баланың психофизикалық қалпына эстекикалық әсер беру.

Мақсаты: (бала-ға)

Омыртқаны бекіту

  • 1-1,5 айға арналған ояну гимнастикасының арнайы жобасы қолданылады. Сонымен қатар жас ерекшелігі ескеріледі.

  • «Сөйлету» қимылы қолданылады. Яғни, әр түрлі қимылды-ойынды әрекетті сөйлете білу ж/е мұна тек тәрбиеші ғана емес , балаға да үйрету.

  • Сәйкес үн-шығармалар іріктеледі (табиғат үні, классикалық музыка, мультфильмдегі әндер, әр түрлі шулар)

  1. Түспен сүйемелденген арнайы демалу гимнастикасы (1-2 минут)

Әуенді қабылдау мен қимыл әрекетпен қиялдың дамуы.

  • Гимнастиканың сюжетіне қатысты бірнеше дем алу жаттығулары.

  • Үрлеу (мамық жүнді, ұлпақарды, мақтаны, шарды т.б.)

4.Қимыл жолы (2-3 минут)

Мақсаты: (тәрбиешіге)

Кең көлемді қимыл жағдайын құру

Мақсаты: (бала-ға)

Қимыл әрекетпен қиялдың дамуы

  • Дәстүрлі емес дене шынықтыру құралдарынын жол құру

  1. Массаж (массажерлар қолданылады) (2-3 минут)

Мақсаты: (тәрбиешіге)

Арнайы массажер көмегімен дұрыс сылауды үйрету.

Мақсаты: (бала-ға)

Жасалған сылаудан рахат ала білу

  • Массажерды дұрыс қолдану

  • Массажерды қолдануды дұрыс көрсету



Дем алу гимнастикасы

  1. «Ботқа піседі»

Отыру, бір қолды ішке, бір қолды кеудеге қою. Ішті тарту, кеудеге ауа жинау – дем алу. Кеудені жіберіп отырып, ауаны біртіндеп жіберу және ішті алға шығару – демді шығару. Осы кезде «ш-ш-ш-ш-ш» деген дыбыс шығару. (4-5 рет қайталау).

  1. «Өзінді құшақта»

Тік тұру, аяқты сәл ашып қою, қолды екі жаққа созу – терең дем алу. Екі қолмен иықты құшақтап - жылдам дем шығару және «ф-у-у» деген дыбыс шығару (6-8 рет қайталау).

  1. «Малту» (Шомылу)

Тік тұру, аяқ сәл ашық. Екі қолмен шомылу (малту) әрекетік жасау. Қолды алмастыру кезінде «ф-у-у» дыбысын шығару (алға 5-6рет, артқа 5-6рет қайталау).

  1. «Тауда шаңғы тебуші»

Тік тұру, қол білекте сәл бүгілген, жұмырдық түйілген. Дем алу – қолды жоғары биік көтеру, яғни таудан түсу әрекетін жасап көрсету, «таяқпен итеріп» қолды төмен түсіру, отыру – демді шығару «ф-у-у-у-у».

  1. «Ағаш жарушы»

Тік тұру, аяқты сәл ашу, қолды (саусақты) «құлыпқа салу» қолды жоғары көтеру – дем алу. Алға еңкейю жылдам қолды түсіру (ағаш жару). Демді шығару кезінде «у-у-х-х-х» дыбысын шығару.

  1. «Насос»

Тік тұру, аяқ бірге, қолды дене бойымен бірге қою. Дем алу денені бір жаққа еңкейту. Дем шығару – қолды дене бойымен сырғанатып, қатты «ссссссс!» - деп дыбыс шығару. Тік тұрып – дем алу, келесі жаққа еңкейіп жаттығуды 6-8 рет қайталау.

  1. «Шаңғышы»

Шаңғымен жүру әрекеті. Мұрын арқылы демді шығару және «мммммм» дыбысын шығару 1,5-2 мин.


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ГИМНАСТИКА КЕШЕНІ
(М.И.Чистякова бойынша)



І кезең: Мимикалы-пантомимикалы этюді

ІІ кезең: Мінездің жеке қасиеттерін бере білуге арналған ойын

ІІІ кезең: Психотерапиялық бағыт бойынша

ІV кезең: Психобуындық жаттығу

Мақсаты:

  1. Балаларға анық қимыл әрекетті жасауға үйрету

  2. Ішкі белгі эмоциясын табу тренажы

  3. Эмоционалдық қысымды түсіру

  4. Ауторелаксацияға үйрету

Зейінге арналған ойын-жаттығу:

(5-6 минут)

  1. Бөлмеде не өзгерді?

  2. Көрші бөлмеде, не далада қандай дыбыс естіледі?

  3. Кім сенің атынды айтты?

  4. Кім қолынан қатты қысты?

  5. Кімде ақ шұлық бар?

  6. Кімнің бойы ұзын?

  7. Кімнің шашы ұзын? т.с.с

  8. Кім көңілді, немесе кім көңілсіз?

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ГИМНАСТИКА:

Әңгімелесу «Зұлымдық эмоциясы»:

Балалар шеңбер бойымен орындықта отырады. Тәрбиеші ересек адамдардың қандай бет әлпеттері, жест, қалып болады екенін еске түсіруді талап етеді, қашан олар ашуланады, не үшін ашуланады? Қимылмен көрсетіп көру талап қойылады. Ал сен өзіңді қалай сезінесің, не істейсің?

(2-3 қойылым орындау)

«Винни-пухта қонақта»

Сурет арқылы не екенін табу немесе жұмбақ арқылы шешу.(Аю)

1.Қандай мультфильде ол бар? Оның достары кім болды?Ол балды қалай алды? Ал қалай жейді? Қалай қуанды? Ал балдың иісі қандай болды? (бет әлпетпен көрсету)

2. Ал аралардан қалай қашты? Қалай қолымен бұлғады?

Ал қалай шақты? Қандай сезімде болды?

«Жақсы көретін бала»

(эмпатия)

Бұл баланың бүгін мамасының туған күні. Ол бөлмеге кіріп, аяғының ұшымен кіріп, артына тыққан гүл шоғын алып келді. Анасы оның кіргенін естімеді, бала өте қуанышты. Ақырын барып, анасының артына тұрып, қатты «Ана, мен сені құттықтаймын» - деді. Анасы шошып кетіп, «Ой, ой, бұл кім келген, мені шошытқан, енді менің жұрегім ауырып қалды» - деді. Бала да, ана да көңілсіз болды, екеуінің де көңіл күйі өзгерді.

  1. Қалай ойлайсыңдар, ол дұрыс істедіме?

  2. Сендер не істер едіңдер, қалай құттықтар едіңдер?

(қуыршақ театры арқылы сахналау)

«Ұялшақ есек»

(ұялшақтық)

Бұл сыйлық ИА деген есектікі еді, ол ешкімге де өзінің туған күні болатынын айтпап еді, өйткені ол сондай ұялшақ еді. Ол үйінде мұңайып отырды.

  1. Мұңайып отырған есекті көрсетейіші?

  2. Бірақ оның жақсы достары оған көп сыйлық әкелді, біз де оның досы емеспіз бе, ендеше кәне кім не сыйлайды, көрсетіп айтып беріңдер де сыйлаңдар

  3. Есек өте қатты қуанды, орнынан тұрып ұялшақтықты тастап, көңілденіп, өзіне өзі сенімді болды, оны ешкім де ренжітпейді, қуаныштан есек жоғары секірді

(өзіне өзі сенімді есекті көрсетіңдерші)

«Достық әні»

Келіңдер шеңбер құрып достық әнін айтайық, бұл сиқырлы ән, бұл әннен кейін барлық бала мейірімді, дос болады

Кәне достар тұрайық, тұрайық, тұрайық,

Кәне шеңбер құрайық,құрайық, құрайық,

Достық әнін айтайық, айтайық, айтайық,

Сен де доссың, мен де дос

Адал доспыз біз!

(бір-бірін құшақтау)

«Зұлымдықты қуамыз»

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Аяқпен жерді соғу, қолымен денені сипап, алып тастау қимылын көрсету арқылы бойымыздан зұлымдықты алып тастау:

«Кет, зұлымдық бойымнан

Кет зұлымдық ойымнан

Мен жақсы, мейірімді боламын

Сенімен мен достаспаймын»

Зұлымдықты жеңдік, енді біз мейірімді әуен тыңдау арқылы, дем аламыз.

«Көңілді әуен»

Қол мен аяқты кең ашып жұлдыз болып жату, өзін жұлдыз сезіну.(2-3 минут әуен тыңдау)

  1. Барлық ашуды қуамын

  2. Біз мейірімді болдым

  3. Өзімнің достарыммен өзімді жақсы сезінемін

  4. Мен бәрін де жақсы көремін

  5. мен бәрін де сыйлаймын

  6. Мен досыммен ойнаймын

  7. Мен досыммен жаңа ойындар ойнаймын т.с.с

«Сиқыршы»

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін мен сиқыршы боламын, мен басқа елдерге баруды білемін, менмен барғыларың келеме? Мен білемін, сендер өте тату баласыңдар. Бір-бірлеріңді ренжітпейсіңдер. Саяхатта осыны ұмытпаңдар. Саяхат кезінде мына сөздерді еске сақтау қажет: «қыру-мыру-туру-буру-ап!» және ол үшін бізге сиқырлы баскиімдер қажет, олар бізді басқа елдерге апарады, егер сендер оны теріс аударып кисеңдер. (әрқайсысына қиялданған бас киімдерді береді) Кәне көрейікші, (сөздерді қайталап, «бас киімді» киеді) – ой шықпай қалды, мен бір нәрсені қате жасадым, кәне бәріміз бірге айтып көрейікші!

Алақай енді біз «Сиқыршы болдық»

«Мұнда не болып жатыр»

(таңдану пантомимикасы)

Біз аулада жүрміз, кәне елестетіп көрелік. Ұлдар бір жерге жиналып, ойынның немесе ертегіні, не мультфильмді айтып, әңгіме дүкен құрып тұр (шеңбер құрып тұрады, әңгімелесіп тұрғанды көрсетеді) Алыста қыздар келе жатыр, олар ұлдар неге жиналды екен деп, таңданады (пантомимикамен қимылды көрсету)

  1. Анық қимыл әрекет көрсету, басты бұру, көз тоқтатып қарау

  2. Бір аяқты алға созып, бір қолды белге қойып тұру

  3. Бет әлпетте таңдану мимикасын жасау

(ұлдар мен орын алмастырып қайталау)

«Марғаулар»

(әр түрлі эмоцияны беру)

Біз аулада жүрміз, бірақ мен сендерді кішкентай тентек марғауларға айналдырамын. Сиқырлы сөзді айтамын: «Қыру-мыру, Туру-буру-ап!» Қысқы мезгілді елестетіңдер, далада өте суық, қараңғы.

Екі марғау бұрышта ұрысып қалыпты

Ашулы иесі қолына сыпырғы алды

Кінәліні сұрамастан, ас үйден

Ұрысқан марғауды сыпырып шығарды

Бұл қыста, суық күнде болған еді

Екі марғау суықтан жаурап қапты далада

Мұрнын жауып аяқпен, соңын күтіп тұр еді

Иесі ашып есікті, марғаулардан сұрады:

«Ұрысасыңдар ма енді»

Бұрышта марғаулар жайлап жатыпты

Пештің түбінде, тәтті ұйқыға батыпты!(Өлеңді айтып отырып, мимикамен көрсету )



«Таспен ойын»

Біз көл жағасына барамыз, көздеріңді жауып, ұшамыз, көздеріңді ашпаңдар, әйтпесе құлап қаласыңдар, біз биікте ұшып барамыз, алдымызда самал жел желпиді. Міне ұшып келдік, мұнда өте жарық, толқынның дыбысы естіледі, біз қыдырамыз, қуанамыз, қуанышты күлкімен күлкі сыйлаймыз.

  1. Келіңдер шеңберге тұрып, бір-бірімізге күлкі сыйлайық.(балалар бір-бірден шығып достарына күн секілді жылу сыйлайды, күлкі сыйлайды.)

  2. Қандай ыстық, суға барып сумен ойнап көрелік, су шашып ойнасақ, алақанға су алып көрелік, бетімізге шашып көрейік. Қандай тамаша!

судан шығып көрелік, аяқтың астында көп ұсақ тастар, біреуі үлкен, бірі кіші, бірі дөңгелек т.б. Тас жинап көрелік, жоғары лақтырып қағып алайық т.б.




















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-303934

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"