1-әрекет.Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды
түсіну (Выготский,1978;Вуд,1998) осы Бағдарламада айтылған оқушыларды
санау арқылы 4 топқа бөле отырып,сыныпта бірлескен топтық орта
құрдым.Ондағы мақсатым топ арасында оқушыларда зейінділікті,байсалдылықты
қалыптастыру. Үй тапсырмасын сәйкестендіру тестін қолдана отырып, тексердім.
2-әрекет. Оқушылардың
қызығушылығын ояту мақсатында Блум таксанономиясын қолдана отырып, ассоциация
әдісі бойынша түсіндіруге сұрақтар бердім.
3-әрекет.Жаңа
тақырыптың мазмұнын жақсы меңгерту үшін,оқығандарын есте сақтау үшін,топ
жұмысының сапасын арттыру үшін ЖИГСО әдісі арқылы мәтінмен жұмысты
ұсындым.Топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғауды
тапсырдым.Нәтижесінде топ ішінде оқушылардың белсенділігі артып,әр топ өз
қабілеттеріне қарай жауап берді.Бұл Кейс-Стадидің талантты да дарынды
балаларды анықтауға бағытталған әдіс-тәсілі олардың ынта-жігерін оятуға
,сөйтіп тақырыпты оқушылардың өз бетінше меңгеруіне жол ашты.
4-әрекет.Әр
топқа осы тақырыпты бекітуге тиісті есептер бердім. Оқушылар есепті топта
талқылай отырып,,өткен тақырыптар бойынша берілген Тақырыпты бекітуге
тиісті есептер шығару.№1,2,3,4.
1-есеп ЕК
пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:H2SO4+BaCl2
2-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін
реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:HCl+AgNO3
3-есеп. ЕК
пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:K2CO3+CaCl2
4-есеп. ЕК
пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:FeSO4+NaOН .(Wolfe and Alexander,2008)
5-әрекет.Берілген
реактивтерді қолданып, тәжірибе жасау арқылы оқушылардың танымдық қабілетін
дамыттым.Бұл тапсырманы бере отырып, оқушылардың саналы білім алуы
мен ойлауын дамыта білдім және сыни тұрғыдан ойлауын дамыта
білдім.(Flavell,1976)
6-әрекет.Балалардың
не үйренгенін және оны қалай меңгергенін білу мақсатында «Синкуейн»
әдісін қолдандым, яғни олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға
ықпал жасадым.
7-әрекет.Топ
жауаптарын мұқият тыңдап,мадақтай отырып,формативті бағалау процесін
жүргіздім.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.