Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ерлік сабағы Қазақ халқының ерлік істері

Ерлік сабағы Қазақ халқының ерлік істері


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Молодежное орта мектебі








Сынып сағаты


Тақырып: Ерлік сабағы

«Қазақ халқының ерлік істері»

7 "А" сынып







Дайындаған: Балгушукова Ж.О.

Тексерген: Абдуалиева Б.Т.





Молодежное-2015ж


Ерлік сабағы «Қазақ халқының ерлік істері»

Сабақтың мақсаты – патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.

Соғыстың басталуы.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:

Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.

3. Майдандағы қазақстандықтар.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады.Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.

Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. 
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.

Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 
1.
 Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі
Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені
 Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі
 С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.

Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.

1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.

Ленинград шайқасының тарихы маңызы 
-
 Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, 
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.

Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).

1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.

Сталинград шайқасының жарығы маңызы.

Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. 
-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.
 
-Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
 
-Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.
 
-Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.

4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 
-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
 
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.

Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 
1.Барлығы-11600 адам;
 
2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;
 
3.Қазақ қыздары-2.

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.

Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Герман фашизмнің үстемдігін орнату жоспарлы туралы айтып беріндер. Гитлеризмнің агрессиялық пиғылдарында Қазақстан қандай орын алды? 
2.Қазақстандық тылда әскери-жұмылдыру жұмысы қалай жүргізілді?
 
3.Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына көшіру барысын қалай түсінесіңдер?
 
4. Сталинград шайқасы кезеңінде қазақ КСР-і қандай роль атқарды?
 
5. Сталинградтық батырлар жайында айтып беріңдер. Олар жасаған ерліктің адамгершілік мән-мағнасы неде деп білесіңдер?
 
6. Соғыс жылдары ауыл шаруашылығының төмендеу себептерін атаңыз.




















Автор
Дата добавления 10.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров397
Номер материала ДA-036809
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх