Инфоурок Другое Рабочие программы«Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы»

«Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы»

Скачать материал

                            «Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы»

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:  Тақырыбы жазылған баннер, ерлік туралы мақалдар: «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса – ел ырысы»
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
1. Алтынбеков Ниатіллә Жетісай қаласының Ауғаныстан соғысы одағының төрағасы

2. Дүйсебаев Жора

3. Бердібеков Темірбек

4. Жассанов Байзақ

 

Кездесу кештің барысы

    Тәрбие сағатының құрылымы:

 

  1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»

3. «Жарияланбаған соғыс» ардагерлерімен кездесу.

4. Ән . Өлең шумақтары

5.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды.

       

 

І-Жүргізуші

- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға  қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым етуұрпақтың парызы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Мемлекеттік Гимн орындалады.

І-Жүргізуші
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
(Қонақтармен таныстыру)

1. Алтынбеков Ниатіллә Жетісай қаласының Ауғаныстан соғысы одағының төрағасы

2. Дүйсебаев Жора

3. Бердібеков Темірбек

4. Жассанов Байзақ

ІI.Жүргізуші. «Ұлы Отан соғысына» және «Жарияланбаған соғысқа» қатысқан бауырларымызды, Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.Рахмет!

І-Жүргізуші

-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!


-
Сіздердің құрметтеріңізге                                                     «                                   » әні. Қабыл алыңыздар
ІІ - жүргізуші:
- 1979
жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғысзұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

Өлең шумақтары

 


 

1.Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер

 

2.-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер 
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

4.Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып


Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін

5.Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

6.Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол 
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол


 

І-Жүргізуші

Отан – оттан да ыстық! Азаматтық парыздың ішіндегі ең үлкені – Отан қорғау! Жауынгер жүгі қашан да салмақты. Солардың арқасында біз той тойлап, ештеңеге алаңдамай өмір сүріп жатырмыз!

 

 

II.Жүргізуші

Құрметті ардагер ағалар! Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрмет болса да соған лайықсыздар!

 

І-Жүргізуші

Білеміз, жас өседі, туады ерлер,

Қастерлеп, әке жолын қуады ерлер.

Тумайды, сіздерден соң, тумасын-ақ,

Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!

( Ән –

II.Жүргізуші

Құрметті ардагер ағалар! Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше,сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!

(Ардагер ағалардың естелік әңгімелері тыңдалады)

Кеш қонақтары;

. Сөз кезегі өздеріңізде.

 

Еркін микрафон жұмыс жасайды:                                                                        

1.Сізбен бірге қазақ жауынгері болды ма?

2.Ауғаныстанға аттанғандығынызды тума-туыстарыңыз білді ме?

3Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екендігін байқадыңыз.

4.Соғыстың алдында сіздерге  оқу-жаттығу істерін жүргізді ме?Әлде қару беріп  жібере салды ма?

5.Ауғаныстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз,соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

6.Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жақын ақиқаттардың  жанасатындары бар ма?

7.Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз.Сіздерге Үкімет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп отыр?

 8.Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
9. Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
10.«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

І-Жүргізуші
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

.
ІІ-Жүргізуші

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2 - Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Ән. « Жаса қазағым».

8. Естелік фото-суретке түсу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№ А.Байтұрсынов  атындағы  жалпы орта  мектебі»

  коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

 

 

Ерлікке тағзым

 

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

 

 

 

 

Жетәсай 2017 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2017 1198
    • DOCX 348 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Белхожаева Гульбахар Касымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 33623
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой