Инфоурок Всеобщая история Статьи«Ерліктен өмір гүл атты» Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыр

«Ерліктен өмір гүл атты» Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыр

Скачать материал

«Ерліктен өмір гүл атты»

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры

 

Жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері қаншама соғысты басынан өткізгенін санап айту мүмкін емес. Біздің заманымызға дейінгі уақытты айтпағанда қазіргі кездің өзінде қаншама қанды қырғындар, алапат соғыстар болып жатыр. Ал егер тарихқа көз жүгіртсек, осы сансыз соғыстардың ішіндегі ең жойқыны және ең көп адам шығынын алып келгені – Екінші дүниежүзілік соғыс екендігі белгілі. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталған қанды қырғын 1945 жылға дейін созылды

Басты шайқас фашистік Германия мен құрамында Қазақстаны бар КСРО арасында өрбігенін бүгінде кез-келгеніміз білеміз. Соғыс орны толмас шығындар алып келгенімен ұлтымыздың қайсар және батыр халық екендігін тағы бір рет көрсетіп кетті.

 Соғыс даласына қазақтың ұлдарымен бірге өрімдей қаракөз қыздары да өз еріктерімен аттанған болатын. Олар өздерін нәзікпіз демей – басын бәске тікті, ерлерден кем ерлік көрсеткен жоқ. Әсіресе, Шығыстың батыр қыздары атанған Әлия мен Мәншүк және Хиуаз апаларымыз майдан даласында жаудың зәресін ұшырып, құтын қашырғаны тарихтан белгілі. Алғашқысы – мерген, екіншісі – пулеметші, үшіншісі – ұшқыш. Ерліктері сол соғыстың кезінде-ақ мойындалып, есімдері кеңге танылған. Олар қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

Өткен жылы осы қазақтың батыр қыздарының бірі, өлкелік тұлғалар тізімінен орын тапқан жерлесіміз Мәншүк Мәметованың туылғанына 90 жыл болды. Ол 1922 жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап әкесінің немере інісі Ахмет пен әйелі Әминаның тәрбиесінде болған. Ол екеуі Мәнсияны үлкен қара көздері мен пысықтығы үшін еркелетіп «Моншағым» деп атаған екен. Кейін өзінің де құлағы сол атауға үйренсе керек, «атың кім?» деп сұрағандарға «Мәншүк» деп жауап қайтарады.

 1937 жылғы қуғын-сүргінге Мәметовтер отбасы да ұшырайды. Ол уақытта Ахмет ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарып жүрген. Сталиннің құрығына ол да ілінді. Сонда қамауға әкетіп бара жатқан кезде Ахмет әйеліне: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта!» деген екен. Кейіннен ол айдаудан аман келген, алайда, «халық жауы» деген айып оның қыр-соңынан қалған жоқ. Отбасының барлық мүшесіне де зардабы тиді. Дегенмен, Мәншүк мұны әкесіне жабылған жала екендігін ұғып, керек кезінде Ахметті қорғап сөз сөйлеген.

 Мектепті бітірген соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті. Ол оқып бір мезгілде Республикалық Халық Комиссарияты Кеңесі секретарьятында  қызмет етіп те жүрген.  Мәншүктің мақсаты Мәскеуде өтетін «Дене шынықтыру парадына» қатысу болатын. Алайда ол мақсаты көкке ұшады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда ол небәрі он сегіз жастағы бойжеткен болатын. Мұның құрбылары ол кезде оқу, жұмыс, тұрмыс құру сынды мәселелерді ойлап жүргенде, батыр қыз еш ойланбастан соғысқа аттануға сұранған еді. Өз өтінішінде ол: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз. 1939 жылдан бері комсомолмын» деп мәлімдеген. Ал, бұл өтінішті Мәншүк 1941 жылдың 7 тамызында жазған екен. Алғашында М.Мәметованың мұндай талап-тілектерін басшылық қабыл алмады. Тек бір жыл бойы үздіксіз сұранғаннан кейін ғана 1942 жылдың 13 тамызында ол Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды.

 5 мыңға жуық жауынгердің арасында екі қазақ қызы болатын, бірі – Мәншүк, екіншісі – дәрігер Мәриям Сырлыбаева. Соғысқа аттанарда қазақтың ұлы ақыны Жамбыл аталған бригаданы өлеңімен шығарып салған.

 Әскери өмірге Мәншүк тез үйренді. Ерлермен бірге ол жер жорғалады, су кешті, ну ормандарды кесіп өтті және де пулемет атуды үйренді. Қарудың тілін жетік меңгерген бойжеткен 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына да ие болды. Майдангерлері Мәншүкті үнемі мақтан тұтатын және ерліктің үлгісі ретінде көретін. Майданда тек пулеметші болып қана қоймай - радист, телефонист қызметін атқарып жүріп, жаралыларды емдейтін. Алған бетінен қайтпайтын.

 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк бұл кезде өзінің әскери бөлімін пулемет отымен қолдаған. Жау оғы қазақ қызының басына тиді. Соңғы демін жинаған ол фашистерге бетпе-бет шығып, пулеметтан оқ жаудырып, жақтастарының жолын ашып берді. Өкінішке қарай, Мәншүк осы қанды шайқаста қаза тапты.

Бұл қайғылы уақиғаны әскерлерге Әмина Мәметоваға хабарлау оңайға түскен жоқ, тек қайғылы хатты жіберді.

 

Хатында:

                                   «Құрметті Әмина Мәметова жолдас!

Сіздің баурыңызға басқан қызыңыз, ержүрек пулеметші, аға сержант Мәншүк Мәметова жолдастың қаһармандықпен қаза тапқанын туралы Сізге терең қайғырған сезіммен хабарлаймыз. Қазақ халқының даңқты қызы Мәметова жолдастың жауынгерлік жолы біздің Отанымызға адалдық пен шексіз берілгендіктің өшпес үлгісі бола алады, Мәметова жолдас майданға өз еркімен келіп, «Максим» пулеметін ерекше табандықпен меңгерді және сонымен өмірінің соңғы минутына дейін фашист құзғындарды қанжұтқыза жусатты.

Оның өлімі – біздер, майдангерлер, қарулас жолдастары үшін орны толмас үлкен қаза, туған анасы болып, халықтың осындай ержүрек, ізгі жанды, Ұлы Отанымыз үшін бұл қайғы сізге тіптен ауыр. Оның есімін Ұлы Отан соғысының батыры ретінде қашан болсын мақтанышпен,атаймыз.  »

 Майданнан сәлем жолдаушы Мәншуктің  жауынгер жолтастары:

Иван Черноколпаков, Қасым Шәріпов, Асқар Закарин, Иван Комаров, Бабаш Абдоллаев.

 25қазан 1943жыл

 Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 Қаршадай қыздың ерлігі көптеген жауынгерге үлгі болды. Павлодар облысының колхозшылары батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Невель қаласында да ескерткіші бар. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірілді. Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар.     №28-орта мектеп пен медициналық институт алдындаескерткіштақтақойылған. Ең бастысы Батыр жерлесіміздің туған өлкесі әсем қала Оралымызда Мәншүкке орнатылған ескерткіші және мемориалдық мұражайы-үйі бар.

«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін ерлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде  келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр...

Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қаһарманымыз Мәншүк Мәметова әрқашанда ел есінде, оны әрдайым еске алып, құрмет көрсету  біздің парызымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

1.     Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 

2.    Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.

3.    «Мәңгілікке маздаған қыршып ғұмыр» - авт. Айман Мәметова; Тихон Әліпқали - Орал-2002

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ерліктен өмір гүл атты» Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыр"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 3809
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулепов Медет Ербулатович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулепов Медет Ербулатович
    Тулепов Медет Ербулатович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6105
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 41 региона