Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Еріндік және езулік дауыстылар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Еріндік және езулік дауыстылар

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5-сынып

Күні: 04.02.2015.

Мұғалім: Таскалиева Анель Куанқызы

(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады, оқушылар осы бос орындарды толтыруға тиіс)

Мақсаты:

1. Білімділік: тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу.

2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.

3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер
құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту.




Тапсырмаларға қойылатын талаптар

(критерийлер)

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта

а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; Оқушыларды смайликке бөледі.

б) «Көпір» тапсырмалары тексеріледі

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгертуге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беру. Бос орындарға қажетті сөздерді қою.

  1. 1-топ. Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады:?

  2. 2-топ. Ашық дауыстылар қалай айтылады?

  3. 1-топ. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

  4. 2-топ. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Жауаптары:

Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады:?

Ж: жақтың кең не тар ашылуына байланысты

Ашық дауыстылар қалай айтылады?

Ж: жақтың кең ашылуы арқылы айтылады.

Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Ж: тілдің қатысына қарай дауыстылар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Ж: ашық,қысаң



Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу. (әр оқушыға "Сұрақ-жауап" түрінде бір-бір әріптен беріп,оған дыбыстық талдауды (сипаттама) ауызша жауап беруі керек.)






ІІ кезең (топтық жұмыс): жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру, еріндік пен езуліктің айырмашылығын түсіндіріп,дәлелдеп беру.

  2. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.

  3. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.

  4. Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү

  5. Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,и.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен? Себебі?не үшін? Сұрақтары дәлелді, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.

Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?

о,ө,у,ұ,ү

Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.

Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?

а,ә,е,э,ы,і,и.

Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда езу кейін қарай тартылады.






3-қадам:теорияны «Талдау» үшін

  1. Салыстыр.

  2. Айырмашылығы неде?

  3. Ұқсастығы неде?

  4. Мысалдар келтір

Берілген дауысты дыбыстарды салыстыр, айырмашылығын тап. Тақтаға сызбаны сызып, әр топтан 5 оқушы шығып, дауысты дыбыстарды салыстырып,айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсету қажет.



О дауысты дыбысы

Ортақ белгілері

Ә дауысты дыбысы

Мысалы: орақ, от, жол т.б.


Мысалы: әтеш, әке, әже т.б.

Ерін дөңгеленіп алға қарай созылады

Дыбыс, әріп. Дауысты дыбыс.

Езу кейін қарай тартылады.






Айырмашылық белгілері: еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады.

Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік

дауыстылардың айтылуына әсер етеді, оны өзіне қарай бейімдеп еріндік

дауыстыға айналдырады.Мысалы, құлын сөзі-құлұн болып, өнер сөзі өнөр

болып айтылады.

4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр, тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

Еріндік және езулік дауыстылар туралы білгеніңді жинақта.



Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады.)

Оқулықпен жұмыс. 247-жаттығу,108-бет. Төмендегі жұмбақ өлеңдерінің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.

Құмайда бар, Биікте бар,

Суда жоқ. Ойда жоқ.

Тұманда бар, Киікте бар,

Буда жоқ. Қойда жоқ.

(ұ) (и)



ІІІ кезең (кері байланыс-бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар), оларды біртіндеп орындату арқылы ұпай жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды ұпай саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Қосымша тапсырма.

Оқулықпен жұмыс.

248-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстыларды бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, еріндік пен езулік дауыстылар аралас келген сөздерді өзінше бір бөлек топтап жазыңдар. 1-ші топқа бірінші өтірік өлең, 2-ші топқа екінші өтірік өлең.

Бота отырып шіреніп, Ләңгі тепті бір барыс,

Борсық айдап кемені. Лашын киді сулықты.

Бытпылдықтап бір елік, Лепіргенде жолбарыс,

Бура мініп келеді. Лаң ашуға булықты.



Еріндік пен езулік дауыстылар туралы білгеніңді жинақта.

249-жаттығу,109-бет. Мәтіндегі дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына үлгі кесте бойынша толтыр. Мәтін "Дәрігер бізге не айтты"



Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Ерін мен езудің қатысына қарай

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік



6а -қадам Қорытынды.

Тестпен жұмыс жүргізу.

  1. Тек ашық дауыстыдан басталып тұрған сөзді тап:

А) ыдыс

Ә) алмұрт

Б) инелік

2.Бітеу буынды сөзді тап:

А) ата

Ә) қант

Б) сену

3. Диалект сөзді тап:

А) ара

Ә) мен

Б) кесе

4. Еріндіктен басталып тұрған сөзді тап:

А) әтеш

Ә) айна

Б) өрік

5. Езулік дауыстыны тап:

А) у

Ә) ы

Б) о

6. Қазақ тіліне тән дыбысты тап:

А) г

Ә) ұ

Б) в

7. Жуан дауысты дыбыстан аяқталатын сөзді тап:

А) анықтама

Ә) көлдер

Б) суық







ІҮ деңгей (стандарттан тыс жоғары деңгей)

Шығармашылық, яғни олимпиадалық, ғылыми жоба дәрежесіндегі тапсырмалар.

Үй тапсырмасы

1. «Еріндік пен езулік дауыстылар» тақырыбында шағын ертегі құру.

2. Итмұрын, құлын, уылдырық сөзіне фонетикалық талдау жасау.



























1-слайд. Сұрақтарға жауап беру. Бос орындарға қажетті сөздерді қою.

  1. 1-топ. Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады:?

  2. 2-топ. Ашық дауыстылар қалай айтылады?

  3. 1-топ. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

  4. 2-топ. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Жауаптары:

Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады:?

Ж: жақтың кең не тар ашылуына байланысты

Ашық дауыстылар қалай айтылады?

Ж: жақтың кең ашылуы арқылы айтылады.

Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Ж: тілдің қатысына қарай дауыстылар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

Ж: ашық,қысаң



2- слайд. Дыбыстарға сипаттама беру.

«а» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жуан, ашық,езулік
«Ү» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жіңішке, қысаң,еріндік

«Ұ» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жуан,қысаң,еріндік
«Ә» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,жіңішке,ашық,езулік

«Е» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,жіңішке, ашық,езулік
«І» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жіңішке, қысаң,езулік

«Ы» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,жуан,қысаң,езулік
«И» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,жіңішке, қысаң,езулік

«Я» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,қосарлы

«О» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жуан, ашық,еріндік
«Ө» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты,жіңішке, ашық,еріндік

«У» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жуан/жіңішке, қысаң,еріндік
«Э» дыбысына сипаттама беріңіз дауысты, жіңішке, ашық,езулік

  • 3-слайд 1-қадам. «БІЛУ»

  • 2-қадам. «ТҮСІНУ» 1. Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз? о,ө,у,ұ,ү. Жауабы: Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз. Еріндік дауыстылар мыналар: о,ө,у,ұ,ү.

  • 2. Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз? а,ә,е,э,ы,і,и. Жауабы: Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз. Езулік дауыстылар мыналар: а,ә,е,э,ы,і,и.

  • 3-қадам. «ТАЛДАУ»

сызба жасау тақтаға

Берілген дауысты дыбыстарды салыстыр, айырмашылығын тап

О дауысты дыбысы

Ортақ белгілері

Ә дауысты дыбысы

Мысалы: орақ, от, жол т.б.


Мысалы: әтеш, әке, әже т.б.

Ерін дөңгеленіп алға қарай созылады

Дыбыс, әріп. Дауысты дыбыс.

Езу кейін қарай тартылады.









5-қадам. «ҚОЛДАНУ»

Оқулықпен жұмыс. 247-жаттығу,108-бет. Төмендегі жұмбақ өлеңдерінің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.

Құмайда бар, Биікте бар,

Суда жоқ. Ойда жоқ.

Тұманда бар, Киікте бар,

Буда жоқ. Қойда жоқ.

(ұ) (и)

6-қадам. «ҚОРЫТЫНДЫ»

Тест жауаптары:

1. Ә

2. Ә

3. Б

4. Б

5. Ә

6. Ә

7. А












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5-сынып

Күні: 04.02.2015.

Мұғалім: Таскалиева Анель Куанқызы

 

(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады,                                                     оқушылар осы бос орындарды толтыруға тиіс)

Мақсаты:

 

1. Білімділік: тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу.

2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.

3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер
құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3797
Номер материала 510118
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх