Инфоурок Другое КонспектыЕрте дамыту бойынша 2-3 жасар балаларға арналған сабақ жоспары

Ерте дамыту бойынша 2-3 жасар балаларға арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Жас ерекшелік: 2-3 жас

Тақырып:      ЖИДЕКТЕР

1.     Сәлемдесу

2.     Қоршаған ортамен танысу

3.     Тыңдалым

4.     Дидактикалық ойын «Бірдей көлемді тап»

5.     Қозғалыс жолдары

6.     Математика

7.     Логоритмика

8.     «Бәліш» қол мен саусақ жаттығуы

9.     Қолды жазуға дайындау

10.  «Кім жылдам» ойыны

11.  Шығармашылық жұмыс «Қызыл телпек»

12.  Қоштасу

 

1.     Сәлемдесу (2-3 мин.)

Мақсаты: эмоциялық байланысты орнату, іс-әрекеттің ретін есте сақтай алуға машықтандыру, сабақтың басталу белгісі.

Жабдықтар: «Шеңберге тұрайық» әні

Шеңберге тұрайық, қолымыздан ұстайық,

Көңілді бәріміз, қолымызды қозғаймыз.2рет

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля2 рет

Сабағымызды бастаймыз, сабақ бойы біз ойнаймыз,

Ұйықтамай, қайталап, есте бәрін сақтаймыз.2 рет

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля2 рет

 

2.     Қоршаған орта. Ертегіге кіріспе (2-3 мин.)

Мақсаты: «Қызыл телпек» ертегісімен таныстыру.

Жабдықтар: Маша кейіпіндегі қуыршақ.

Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? (Қызыл телпек кейіпіндегі қуыршақты ортаға алу).

Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мұғалім: Балалар, ал енді сендер өздеріңнің аттарыңды айтыңдаршы... Сенің атың кім? (Балалар: Менің атым Анеля, ...)

 

3.     Тыңдалым (3-5 мин.)

Мақсаты: тыңдау қабілетін дамыту.

Жабдықтар: Рower point-та дайындалған ертегі презентациясы немесе мультфильм.

Балалар, ал енді экранға назар салайық. (Экраннан ертегі көрсетіледі).

 

4.     Дидактикалық ойын «Бірдей көлемді тап» (2-3 мин.)

Мақсаты: «Үлкен», «кіші» түсініктерін меңгерту.

Жабдықтар: Үлкен, орташа, кіші құймақ пен табаның суреттері қатты қағаздан қиылып, алдын ала дайындалады.

Мұғалім: Балалар, біз де сендермен құймақ  пісірер алдында дайындық жасайық. Мына құймақ қандай? (Үлкен) Оны қай табаға пісіреміз? (Үлкенге).  (Балаларға құймақтаң көлеміне қарай сәйкес табаны табу тапсырылады).

 

5.     Қозғалыс жолдары (2-3 мин.)

Мақсаты: қимыл-қозғалыс пен жалпы моториканы дамыту.

Жабдықтар: массаж жолы, ағаш мүсіндері, «Қызыл телпек» әні.

Мұғалім: Ал, кәнеки, аздап шаршаған сияқтымыз, Қызыл телпекпен бірге біз де орманға саяхатқа аттанайық. (Музыка қосылады, балалар орындарынан тұрып, 4-5 рет массаж жолдарымен өтеді, ағаштарды айналып өтеді, орманда келе жатқан көріністі көрсетеді. Жаттығулар аяқ-киімсіз орындалады. Мұғалім балалардың алдына жидектердің муляждарын тастап отырады, балаларға жинау тапсырылады. Музыка тоқтаған соң балалар орындарына отырып, келесі тапсырмаға көшеді.

 

6.     Математикалық түсінікті дамыту (5 мин.)

Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жабдықтар: Жидектер мен бәліш муляжы, себеттер.

Мұғалім: «Балалар, біз қандай жидектерді жинағанымызды көрейікші. Жидектерді сорттап, бөлек себеттерге салайықшы. (Балалар мұғалімнің сөздерін қайталап, жидектердің атын атайды: «Таңқұрай», «қожақан», «қой бүлдірген»). Ал енді, қанша таңқурай, қанша қожақан, қанша қой бүлдіргені бар екенін санайықшы. (Әр балаға жұмыс парақтары таратылады. Жидектерді сәйкес санмен сызық арқылы біріктіру).

 

7.     Логоритмика (2-3 мин.)

Балалар, Қызыл телпек  сендердің көмектеріңе риза болып, қатты қуанып, билегісі келіп тұр, біз де бірге билейікші.

Мақсаты: жалпы моторика, ырғақ сезімін дамыту, әннің сөзін жаттауға, қимыл-қозғалысты тез қайталауға үйрету.

Жабдықтар: «Ортаға тұрайық» әні жазылған әуен.

Ортаға біз тұрайық, қолды белге қояйық.

Оңға, солға иіліп, бір отырып, тұрайық.

Басымызды қозғайық, өкшемізге тұрайық.

Күш сынасып көрейік, кім күштісін білейік.

Ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла 2 рет

1,2,3,4,5,6,7,8 (қолды белге қойып, отырып, тұру)

1,2,3,4,5,6,7,8 (қолды белге қойып, екі қадам оңға, екі қадам солға жүру)

 

8.     «Бәліш» қол мен саусақ  жаттығуы (5 мин.)

Мақсаты: Қол мен саусақ жаттығуын жасату арқылы ірі және ұсақ моториканы дамыту.

Ұнды елеп аламыз,  (екі қолды оңға, солға шайқау)

Кең ыдысқа саламыз. (екі қолмен кең ыдысты бейнелеу)

Тұз бен суды қосамыз, (саусақпен тұз себу, екінші қолмен су құю)

Қамыр илеп аламыз. (қамырды илеу бейнесін көрсету)

Ашыған соң көпіріп, (екі қолмен «көпіру» бейнесін көрсету)

Таптап-таптап қоямыз. (екі жұдырықпен қамырды басу)

Ұсақтап бөліп аламыз, (қамырды 1-2 бөлікке бөліп алу)

Жұқалап біз жаямыз. (оқтаумен жайған бейнені суреттеу)

Қосайық аздап жидекті, (саусақтардың бәрін біріктіру)

Түйдік міне бәлішті. (саусақтарды қысып-қысып бәліш түйю)

 

9.     Қолды жазуға дайындау (2 мин.)

Мақсаты: қарындашты ұстап үйрету, қолды жазуға дайындау, үзік сызықтар сызып үйрету.

Жабдықтар: «Қызыл телпек пен қасқыр» жұмыс парағы.

Қасқыр мен Қызыл телпектің жолдарын сызып өту.

10.  «Кім жылдам» ойыны (5 мин.)

Мақсаты: музыканы тыңдап, бұйрықтарды орындап, ережені сақтай отырып, ойнауға үйрету.

Жабдықтар: Қызыл түсті шляпа.

Балаларды ортаға шеңберге отырғызу. Музыка ойнап тұрады, балалар шляпаны бір-біріне тез кигізуі тиіс. Музыка өшкенде кімде шляпа қалса, сол бір өнер көрсетеді. (Өз қалаулары бойынша тақпақ, өлең айтады, би билейді). 2-3 айналым жеткілікті.

11.  Шығармашылық «Қызыл телпек» (10-15 мин.)

Мақсаты: шығармашылық қабілетті дамыту, эстетикаға үйрету, моториканы дамыту, мүсіндеуге үйрету.

Жабдықтар: Дайын жұмыс парақтары мен аппликацияға арналған кескіндер, желім.

Балаларға жұмыс парақтары мен алдын ала дайындалған кескіндер таратылады. Балалар өз бетімен сурет бөліктерін орындарына желімдейді.

Жұмыс соңында балалардың жұмысын мақтап, балаларды мадақтап қою. Көңіл күйді білдіретін наклейкалармен марапаттау.

12.  Қоштасу (2 мин.)

Мақсат: эмоциялық байланысты орнату, сабақтың аяқталғанын белгілеу.

Жабдық: «Шеңберге тұрайық» әні жазылған әуен.

Шеңберге тұрайық, қолымыздан ұстайық,

Көңілді бәріміз, қолымызды қозғаймыз.2 рет

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля2 рет

Бір сабақ біз оқыдық, білім алып, тоқыдық,

Ал енді, біз бәріміз үйімізге қайтамыз2 рет

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля2 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ерте дамыту бойынша 2-3 жасар балаларға арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 680 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 15809
    • DOCX 8.5 мбайт
    • 123 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймухамбетова Аида Естемесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20516
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе