Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

библиотека
материалов

hello_html_m1ceff36a.jpg

Әбуова Шолпан

Қызылорда қаласы,

Қараөзек ауылы

39 «Қызылөзек» орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі



Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.


Мақсаты: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі,көркем-эстетикалык. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегішінің басты міндеті сюжеттін барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

Кіріспе

  Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан ертегілер арқылы бастауыш мектеп   оқушыларының     тілін ,шығармашылық қабілетін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе    екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Қалыптасу тарихы:

Қазақ халқының тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі- ертегі. Ертсгі –халықтың тәрбие көзі, халық шығармасы, халық мұрасы.

Қай халық болмасын, өзінің даму жолында қилы- қилы тарихи кешулерден өтеді. Соған байланысты халық өз басынан өткен оқиғаларды аңыз- әңгімелер, ертегілер, мақал- мәтелдер етіп қалдырып отырған. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу- сызу өнері болмаған кездің өзінде- ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың октемдік бабасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы қалыпы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегі

де сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдардан туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты,жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айна-

лады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.

Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі- рухани тәрбиелік мәні зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен түсіне алатын,материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі»,- деп анықтама берді.

Қай ертегіні алсақта,тілі орамды, қызықты болып келеді,өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшелігі бар, ол белгілі бір сюжетке құрылады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі. Ертегілер адам баласының еңбекке, тұрмыс- тіршілік жағдайларына байланысты туған. Ертегіде әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.

Ертегілер – қиял ғажайып оқиғалар жайындағы қызық әнгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегілердің асыл қасиеттерінің бірі оның бай тілі.


.

Ертегінің түрлері

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз- құбыжықтармен шайқасады.
Жақсылық пен жамандықтың бітіспес тайталасын басынан кешіреді.Ертегі қаһарман-

дары күрес жолында жеңіске жетіп, әділдік әркез үстем болады. Жауыздық, зұлымдық иелері, тоғышарлар, ел арасын арандататын алаяқ қулар халық ертегісінде жиіркенішті түрде орын алады. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама- қарсы қояды да,үлгі етеді. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Бала жағымсыз кейіпкерлердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні осындай әр жақты сырын қызықты, тартым-

ды, бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ертегі төрт топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, аңыз, хайуанаттар жайлы ертегілер.

hello_html_714566bf.gifhello_html_m64153f18.gif


hello_html_m786d84bd.gifhello_html_765fdc3.gif

hello_html_68507efb.gif





hello_html_17714803.gifhello_html_4b1b3a8c.gifhello_html_45cf3d91.gif

hello_html_m14cae05b.gif







Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың бола-

шағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері баяандалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты

Хайуанаттар жайлы ертегіде әрбір аң, жан- жануарлар арқылы адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді көруге болады.Мысалға:

- Арыстанды алсақ, батыл, ержүрек адам бейнесінде, ал қоян- жасық, көлеңкесінен қорқатын адам бейнесінде көруге болады. Түлкі- қу, айласын асырып, қай жерден болсада өтіп кететін адам бейнесінде көрінеді.

Ертегі жанры баланың ой- өрісін жетілдіріп, сана- сезімін оятып, қиялын қанаттан-

дырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Әр алуан мазмұндағы ертегілермен танысу бала қиялын ұштап, еркін сөйлеуге үйретеді. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятады, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игер-

ге, батылдыққа үйретеді.

Орыс педагогі А.В.Сухомлинский: «Ертегі- халық мәдениетінің рухани байлығы,оны тану арқылы бала туған халқын танып біледі»,- деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақ та, онда халықтың отансүйгіштік, елін, жерін суюге, отбасының, бауыр-

ларының амандығын ойлаған арман- тілектеріне негізделген сезімдері жатыр.Ертегі баланың ғана емес, ересектердің ой- өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол.

Сондықтан отбасыда да, балабақшада да, мектептеде де ертегі- әрі білім, әрі тәрбие құралы. Ертегілерді сахналау, тыңдау, әңгімелеу арқылы балалардың ойлау және сезіну қабілеттерін, қызығушылықтары мен алаңдаушылықтарын оятып,көзқарастарын анық-

тау мүмкіндіктерін тудырады. Ертегілер- бала дамуындағы үлкен маңызы бар, әдеби жанр. Көрнекті психоаналитик Б. Беттельхейм «Қиял- ғажайып ертегілердің пайдасы мен маңызы» кітабында ертегілердің баланың жүйке жүйесіне әсері жөнінде өзінің тәжіри-бесін жинақтаған. Ол, бала дамуындағы ауытқушылықтың себебі, өмірге деген қызығушылығын жоғалту,оған көмектесетін ертегілер, деген. Ертегілер баланың құмарлығын оятып, бүкіл санасын, назарын аударатын, қиялын шарықтататын, өзін- өзі танитын, келешекке сеніммен қарайтындай болу керек. Ертегілер ауызша айтуға лайықты түрде құрылады. Сөз, сөйлем құрлыстары да осыған лайық келеді. Қай елдің ертегісінде де дәстүрлі салтқа айналған бастамасы және шешімі болады. Қазақ ертегілері: «Ерте, ерте, ерте екен,ешкі жүні келте екен,»- деп басталады. Ертегінің осылай басталуы айтушы үшін керекті әдіс,тыңдау-шы үшін оқиғаның мазмұнын білуге деген құмарлығын туған.

Ертегі арқылы баланың қабілеттерін ашу

Мектепте ертегілерді оқыту, ертегі кейіпкерлеріне қосымша мағлұмат-

тар беру баланың бірнеше қабілеттерін ашады.

hello_html_662e644a.gif


Ертегіні жай баяндай салмай,ойыншықтар,қуыршақ , көлеңке театрлары, сахналау арқылы айтқан, балалардың қызығушылығын арттырады.

Ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын артыру мақсатында әртүрлі тәсілдерді пайдалануға болады.

1.Ойыншықтармен ойын көсету (қуыршақ театры).

Ойыншықтар ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы қайталанады. Қажетті ойыншықтар тартымды, әрі сәнді болуы керек. Ертегі бойынша қажетті ойыншықтар бөлек үстел үстінде, беті орамалмен жабық болуы тиіс. Ертегіні ойыншықтармен айтып бергеннен соң, балаларға рөлге бөліп ойнауға ұсынуға

болады. Балалар ертегіні ерекше ықыласпен орындап шығады.

2.Көлеңке театры.

Ертегі мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға қажетті көріністі бейнелейтін суреттер картон қағаздан қиылып жасалынады. Олар қара бояумен боялып,төрт бұрышты кергішке керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі.

3. Ертегіні сахналау.

Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін жатқа айтып, мінез- құлқын, іс- әрекетін беруге тырысады. Ертегіні алдын- ала магнитафонға жазылған үнтаспа-

дан немесе теледидар арқылы көрсетуге болады.

Бала құлақпен естігеннен гөрі, көзбен көргенде тезірек меңгереді,мазмұнын тез түсінеді. Сол ертегінің кейіпкері болуға қызығып, рөлді дұрыс сомдауға тырысады. Сондықтан, ертегіні оқытуға ерекше көңіл бөліп, әрбір ертегіні оқыту алдында дайындық жұмыстарын жүргізіп отырамын.Ертегімен таныстырмас бұрын, балаларға ертегі айтып беретінімді,ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіремін. «Оқиға өте ертеде болған, оқиғаны баяндаушы да өте ертеде өмір сүрген, сондықтан ертегілер көбіне « Ерте, ерте, ертеде»,деп басталады» деп ертегімді одан әрі жалғастырамын.

Мысалы, «Жеті лақ» ертегісін өткенде, теледидардан ертегіні көрсетіп, қуыршақ театрын пайдаландым.

Тақырыбы: «Жеті лақ»

Мақсаты:

Көрнекілігі: Ертегілерден суреттер, слайд.

Барысы: -«Ерте, ерте ертеде»,- деп не басталушы еді.

-Ертегілер.

-Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?

(Слайд арқылы ертегілерді көрсетіп, ол ертегі не туралы екенін сұраймын , балалар өздері білетін ертегілерді атайды.)

-Ертегімізді көрмес бұрын жұмбақ шешейік.

Жұмбақтар

1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге

Иегінде сақалы бар.

(Ешкінің суретін көрсету)

hello_html_30383e7e.gif

-Ешкі қандай жануар, оның төлін қалай атаймыз?

2. Аузы бейне бір орақ,

Шөп ормайды, мал орады.

  • Қасқыр ( Суреті көрсетіледі)

hello_html_f2925a4.gif

  • Қасқыр қандай аң, оның баласын қалай атайды?

  • Ендеше, бүгінгі ертегіміз не туралы екен.

  • Ешкі мен қасқыр туралы.

  • Бүгін біз, «Жеті лақ» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні теледидар арқылы көрсете отырып,баяндалу стилін сақтай отырып,

тартымды, қызғылықты етіп айтып беремін. Ертегіні көріп болған соң, ертегі желісі бойынша сұрақтар беремін.

-Ертегі не туралы?

-Ешкінің неше лағы болыпты?

- Ешкі қайда тұрады?

-Ешкі қайда кетті?

-Ешкінің үйіне не келді?

-Лақтар не істеді?

-Екінші келгенде қасқыр не істеді?

-Лақтарды табуға ешкіге кім көмектесті?

Топпен жұмыс

І топ

«Қатынас» саласы

Тапсырма:

1. «Лақ» сөзін жазу, дыбыстық талдау жасау.

2. «Лақ» сөзіне сөйлем құрау.

ІІ топ

«Шығармашылық» саласы

Тапсырма:

«Қасқырдың мекені» ермексазбен жұмыс жасау.

ІҮ. Қорытынды:

Ертегіні қуыршақ театры арқылы рөлге бөліп ойнау.

- Ертегі ұнады ма?

-Балалар, ертегідегі жағымды кейіпкерді атаңдар.

-Жағымсыз кейіпкерді ата.

Балалар, бұл ертегіде өз балаларын асырау үшін тамақ тауып, еңбек етіп қасқыр-

дың зұлымдығынан қорғап қалған ана туралы айтылған. Біздің аналарымыздың да еңбе

гін ешнәрсемен өлшеуге болмайды Түн ұйқысын төрт бөліп,баласын жамандықтан қорғап,азамат етіп тәрбиелейтін ананы сыйлауға, құрметтеуге тиіспіз.Зұлымдықтан, жамандықтан бойымызды әрқашан аулақ салуымыз керек.

Ертегіні сахналау, рөлге бөліп ойнау барысында балалардың сөйлеу тілі, ой- өрісі кеңейеді. Ертегіні барлық сабақтарда пайдалануға болады. Ертегіні ойдан құрастырып, ертегі желісі бойынша тапсырмалар беруге болады. Балалардың ойын, қиялын дамыту барысында, ертегіні бастап беріп, баланың өзіне аяқтатуға мүмкіндік беру керек. Сонда баланың сөздік қоры молайып,тілі дамып, еркін өз ойын айтуға дағдыланады .

Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу-ең қызықты тақырып. Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.

Б.Момышұлы: «Мен үш нәрседен қорқамын. Бірінші- баласына бесік жырын айтпаған анадан, екінші- немересіне ертегі айтпайтын әжеден, үшінші бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан»-дегендей балаларымызға, немерелерімізге ертігі айтуды ұмытпайық.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақсаты: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге    эстетикалық ләззатберу. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі,көркем-эстетикалык.әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осыекі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегішінің  басты міндеті  сюжеттін барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

                                       Кіріспе

             Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан ертегілер арқылы бастауыш мектеп   оқушыларының     тілін ,шығармашылық қабілетін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе    екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Автор
Дата добавления 20.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3604
Номер материала 400054
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх