Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ертегілер елінде" Сабақ /3 сынып/

"Ертегілер елінде" Сабақ /3 сынып/

Скачать материал

Тақырыбы:   Ертегілер елінде

Мақсаты:

Оқушыларға халық ауыз әдебиеті шығармаларының бір түрі ертегінің маңызын түсіндіріп, сол арқылы оларды кітап оқуға деген құмарлығын арттыру, ұлттық сезімін ояту, адамгершілікке, елжандылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

« Сиқырлы сандық»

Жүргізуші:

Балалар, халқымыздың ауыз әдебиеті өте бай. Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі жанрлары болып саналатын түрі- өлең- жыр, ертегі, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мэтелдер, аңыз әңгімелер.Ұрпағына өнегелі тәрбие беру мақсатында туып, халық аузында жатталып келген.

Біздің бүгінгі өткізгелі отырған ойынымыз « Ертегілер елінде» деп аталады.

Ойынның басталуы: Ортада « Ертегілер елінде» атты жазуы бар « Сиқырлы сандық» пайда болды.

Жүргізуші: « Сиқырлы сандықты» ашу үшін кілтін табуымыз керек, қане кім айтады.

(Кілттің суретіндегі сұраққа жауап беру) -    Ертегі дегеніміз не?

Оқушы:

Бұл қағаз бетіне түспей, біздің ертедегі ата- бабаларымыздың ауызша айтылып келген халық шығармаларының бірі. Ертегілердегі негізгі кейіпкері адам, олардың қарсы жаулары - айдаһар,  жалмауыз, дәу т.б. Ал, адам олардың бәрін жеңіп шығады, өйткені ол - ақыл иесі. Ертегілер былай басталады:

Ерте, ерте, ерте екен,                   Қырғауылы қызыл екен,

Ешкі жүні бөрте екен.                  Құйрық жүні ұзын екен.

Жургізуші:

Қандай ертегілердің түрлерін білесіңдер?

Оқушылар:

Ертегілер жанрлық ерекшеліктеріне қарай негізгі үш топқа бөлінеді:

Хайуанаттар жайлы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс - салт ертегілер. Осылардың арасындағы ең байырғы хайуанаттар жайлы ертегілер болып табылады, бұл ертегілер мазмұнымен, поэтикасымен ерекшеленеді.

 Жүргізуші: Құлыпты ашатын кілттегі сұраққа дұрыс жауап бергендіктен, «Сиқырлы сандығымыз» да ашылды. Қане, көрейік, бұл сандықтың ішінде не бар екен.? Бәрекелді, мынадай сұрақ шықты.

- Балалар қандай ертегілер білесіңдер? Берілген картинкаларды құрастырып, ертегі аттарын атаңыздар.(Қарлығаштьш кұйрығы неге айыр?, Алдар Көсе, Жыл басына таласқан хайуанаттар, Қожанасыр хикаялары).

 Оқушылар ертегінің атын атайды.

Жүргізуші:

Балалар, енді өздеріңнің сүйікті ертегілеріңнің кейіпкерлері болуды калайсындар ма? Оны қалай көрсетер едіңдер?

І    Шағын көрініс: бір топ окушылар қарлығаш,маса,айдаһар және түлкі больш киініп. ортаға шығады.

1.Автор:  Айдос

Күндердің бір күні айдаһар жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:

Айдаһар: - Жанбота

  Мені тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін, Сендердің бәрің бір бүтін тілдесіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша бола аласың» деп сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер.

Автор: Айдос

Жанды-жансыздың барлығы айдаһарға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп қақпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.

Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде Айдаһарға кәрәлік жетіп,қатты ауырып қалады. Айдаһардың нөкерлері қатты сасады

Нөкерлер сасып,сабылды,

Не істерін білмей,аңырды.

Адырдың арты жар еді,

Қу түлкі сонда бар еді.

Кей дертті емдеп жазатын,

Өнері ептеп болатын.

Нөкерлер соған ағылды,

Түлкіге барып жалынды.

Ауруға түлкі келеді,

Тамырын ұстап, көреді.

Не қилы әдіс қылады,

Сан дәріні сынады.

-Тәтті қан іздеп тапсаңыз,

Жазыларсыз,-деді,-патшаға

 

      / Түлкі келіп айдаһардың тамырын ұстап көреді де емін айтып, кетіп қалады/

Автор:  Айдос

Нөкерлері ақылдасып шағуға шебер, қан сорғыш біз тұмсық масаны шақырады.

Айдаһар:    Жанбота

    Жер жүзін аралап,жанды-жансыздың қанын сорып маған ең тәтті қан тауып әкел.

Маса:  -Жарайды патшам          

Автор:    Айдос

 -Маса сөзге келместен шөлмегін алып жөнеледі.

Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін іздеп жүргенде бесікте

 жатқан сәбиді көреді.

«Бесікте жатқан нәресте-

Жылы-жұмсақ емес пе?!»

Деген бір арам ой келді,

Не болмақ дүние, ойла енді.

Келді де шақты баланы,

Шырылдап бала қалады.

                                 /осы кезде нәрестенің  жылаған  дауысы естіледі,

Автор:  Айдос

Бұл кезде осы маңды мекендеп жүрген қарлығаш жылап жатқан нәрестенің қасынан ұшып бара жатқан масаны байқап қалады  бір бәленің болғанын сезген қарлығаш масаны қуып жетеді де

                                 

Қарлығаш:

-  Иә, маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба?

 

Автор: Айдос

Маса қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, кетуге ыңғайланады осы кезде қарлығаш.

 

Қарлығаш:

-  Ә, ә, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, досым... Азаматсың   өзің!   Сенің   ептілігіңді,   еш   нәрседен   тайынбайтындай   бір беттілігіңді білеміз. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз

Маса:

                  / - Бұл мақтауға масаның есі шығып мақтанып/

-  Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе?

 

Қарлығаш:

Е, маса досым мен не білуші едім? Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе? Сіз патшаның ақылшысысыз. Қане, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз?

Маса:                                 /Маса еліре түсіп:/

- Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен.

 

 

Автор:       Айдос

      Қарлығаш «Ух... Адамдар мына сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп  бір амал ойлайды.

Қарлығаш:

Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. Анамның айтуынша адамның қанын татқанның тілінде алтынның ізі қалуға тиіс, маған соны көрсетші, маса төрем! Мен ел-жұртқа айтып, мақтанып жүрейін.

Маса:

                     /Бұл мақтауға  маса еліріп,басын шайқақтатып/

       - Көрсең, көре ғой, байғұс!

                     /Маса тілін көрсетеді/

Қарлығаш

                  / Қарлығаш шап беріп, масаның тілін жұлып алады /

Маса:

      /Маса  сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы жыланға қарай ұша жөнеледі./

Қарлығаш: «Қош, тілің жұлынды. Аузыңа құм кұйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай түсіндірер екенсің?»

 

Автор:     Айдос

   Қарлығаш масаның артынан қуа жөнеледі .

Ал,Маса жыланға келіп бірдеңелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды.

 

Айдаһар:

-    Мұның   тілі   аузынан   түсіп   қалған   ба   немесе   жынданған   ба?

     Мынаның не деп тұрғанын түсінгендерің бар ма?

             /Айдаһар тұрғандарға қарайды/

Қарлығаш:

-  Өте түсінікті, патшам!

Айдаһар:

-   Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не деп тұр?

Қарлығаш:

-   Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсе таппадым, -дейді патшам!

Автор: Айдос

Тілі  сөйлеуге жарамаса да  құлағы сау маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды.  Ызыңдап кеп қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де, айдаһардың алдына барып жылап жібереді.

Айдаһар:

.....   Ә,   ә,   мұның   тілін   бір  пәле   қылған   екенсің  ғой»  

          /  Жылан    қарлығашқа атылып  кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі.

/Айдаһар ұша жөнелген қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады./

 Автор:

 Айдаһар болса содан былай топырақ жалап, ал маса ызылдап қалады.

Ал, қарлығаштың құйрығы айыр болып қалады.

Жүргізуші:

-     Ал оқушылар, бұл ертегінің атын білесіңдер ме? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»

Қорытынды.

 Қазақ ертегілері төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, қарапайымдылықты жақтайды, мақтаншақтық пен сараңдылықты табалайды, әділеттілікті қолдап, сезімтал, ұяң , мейірімді жандарды алдау мен екіжүзділіктен қорғайды. Ертегі - халық даналығының қайнар көзі және тәжірибесі, ол сіздің барлық сұрақтарыңызға ашық көркем түрмен жауап беріп, сізге осы өмірге басқа көзбен қарауға көңіл жайлығын табуға мүмкіндік береді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ертегілер елінде" Сабақ /3 сынып/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 1659
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гайсина Гулжан Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гайсина Гулжан Сайлауовна
    Гайсина Гулжан Сайлауовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5058
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 55 регионов

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе