Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: ЕРТЕГІЛЕР НЕ ДЕГЕН ҒАЛАМАТ!

Сабақтың мақсаты: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту; зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру,ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, эстетеикалық тәрбиеге үйрету.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,  суреттер,  «Ертегілер елінде» көрме

Сабақ барысы:

Компьютердің алдында отырған ұл баланың қасынан кітап ұстаған қыз бала өтіп бара жатып, тоқтайды
Қыз бала(Балауса): Сен әлі компьютердің алдында отырсың ба?
Ұл бала(Дәуір): Саған қандай қатысы бар? Сен кітапханаға жиналдың ба?
Қыз бала: Дәл солай! Сен білсең ғой ол жақта қандай қызықтар барын. Мына компьютерде отыруды мен де жақсы көрем, бірақ кітап оқығанда өзгеше әсер аласың.
Ұл бала: Сенде айтасың – ау.
Қыз бала. Сенбесең менімен бірге жүр. Айтпақшы, бүгін кітап патшалығында қызықты кездесулерге толы саяхат болады. Сонда бәрін өз көзіңмен көресің.
Ұл бала (ойланып): сонда не көруге болады? Қызықты саяхаттау маған ұнайды.
Қыз бала: Онда тездетейік, әйтпесе бәрінен құр қаламыз.
Екеуі қоштасып шығып кетеді.Сахнаға кітап ханшайымы шығады.
-Балалар сендерге ертегі ұнай ма?

Ертегілер еліне саяхат жасағыларың келе ме?

Олай болса алдымен ертегілер елінен келген сиқырлы сандықшаны ашып көрелік?

Сандықшаны ашады.

  • Балалар сандықша ішінде сендерге арналған тапсырма бар екен.

  • Оқушыларға ертегі суреттері бейнеленген фазлдар таратылады.

Оқушылар оны құрайды.(Алиса ғажайыптар әлемінде мултьфильмнен үні естіледі.)

Әдеби монтаж «Ертегі сиқыры»

Балалар көздеріңді жұмыңдар.Біз белгісіз елге ұшып келеміз. Міне келіп те тоқтадық. Айналамыз өте әсем екен.Әртүрлі қызықту суреттер бейнеленген.Қандай тамаша! Біз қайда келдік? Көзімізді ашайықшы.

Балалар біз қайдамыз?

-Ертегілер елінде

Олай болса балалар біз ертегілер елінде бізді не күтіп тұр екен?Ертегілер елінің қақпасын ашайық.Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен? Қақпа көптен бері ашылмапты оны өрмекшінің торы әбден басып қалыпты, кәнекей келіңдер тазалайық.Ол үшін «Өрмекші торы » ойыны ойналады.

1-тапсырма. 

«Өрмекші торы» сұрақтар беріледі.

  1. Ертегілер туралы кім не біледі? 

1-оқушы:

Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 

Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 

Ертегі айтса еліктіріп балалар, 

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы:

Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 

Жамандықпен алысып, жауын жеңген 

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы:

Жауларымен алысып жекелеген, 

Батыр ма ел намысын өтемеген. 

Ертегімен халқымыз ертеңіне 

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы:

Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.


2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегінің  қандай түрлері бар,? 

4. Ертегі басталғанда қалай басталады?

5. Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты?

6.Ертегілер қалай басталады?

. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

   Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Олай болса ортамызға ертегі кейіпкерлерін шақырайық.

"Мақта қыз бен мысық " 

Мақта қыз:

Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,  

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық:

Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан

Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу:

Мен үш көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Қанбақ шал:

Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

Толағай:

Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

Тышқан:

Алақай, алақай! Күн сәулесін бірінші көрдім. Алақай! Менің тапқырлығымда шек жоқ.

Мұғалім:

Құттықтаймыз!Қуанышыңа ортақпыз. Бірақ мен тышқанның қуанышын түсінбедім.
-Балалар бұл тышқын қай ертегіден келді екен?

-Қане кім 12 жылды атап шығады. (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

5 тапсырма.

Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.  

«Кімнің заты?» ойыны 

1. Өзі тамақ пісіретін  қазан- «Ұр тоқпақ!»()

2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

3. Бағалы сақа- Алтын сақа

4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»

5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»

6. Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»

Келесі тапсырма, жұмбақ шешу ертегілер кейіпкерлерін атау.
Аптап ыстық кең даланы қуратқан
Егін күйіп,бұлақтарды сулатқан.
Сол кезде
Тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп, отанын қуантқан.
Ол кім? (Толағай)

Кіп-кішкентай ғана бойы бар,
Қысылғанда сөз тапқан
Қырық өтірік пе керегі?
Жаңылмай айтып береді. (Тазша бала)

Кедергі еткен масаға,
Адамдармен дос болып,

Тек жақсылық жасаған
Айыр еткен құйрығын,
Зұлым жылан тасада
Білесің бе қандай құс? (Қарлығаш)

Мұғалім:

Балалар сендер ертегі кейіпкерлерін жақсы біледі екенсіңдер.Олай болса кім көп ертегі біледі екен?

Ертегінің атын атаудан сайыс.

Ой тамаша балалар, сендер өте көп ертегі біледі екенсіңдер.Олай болса мына бір ертегіге назар аударайықшы.

«Үш торай» ертегісінен үзінді көреді сол бойынша ертегіні жалғастырады. Слайдпен жұмыс

Тақта көрінбей қалады.

Балалар не боп қалды екен?

Мыстан кемпір тапсырмасы.

Сендерге келіп отырған қонақтардың қай ертегіден келгендерін білесіңдер ме?

Бірақ та менің де сендерге қояр бір сұрағым бар?
1. Кәнеки, балалар енді, осы 12 жылды кім атап береді? (Тышқан, сиыр. Барыс, . қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
1. Мысық Мақта қыздың сүтін не себептен төкті? (Мейізді жеп қойғаны үшін)
2. Мысықтың құйрығын қайтарып алуына көмектескнедерді атаңдар? (Сиыр, ағашқа, суға, қыздарға, дүкенші, тауыққа, тышқанға. )
Мұғалім:Балалар кім екенін білдіңдер ме? ( Иә Мақта қыз бен мысық)
Ал сендер бұл ертегінің авторын білесіңдер ме? (Ы Алтынсарин.)
3. Қаңбақ шал жердің миын қалай шығарды? Жердің миы бола ма? (Ойлап тапқан қулығы)

4. Үш көзді дәу не үшін түлкіні қуа жөнелді?(қаңбақшалға өзін ұстап берді деп ойлап қалды)

5.Толағай қандай іс тындырды? (Халқын шөлден құтқарды)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Олардың да сұрақтарына дұрыс жауап бердіңдер.Сондықтан сүрінбей өттіңдер. Саяхатымызды жалғастырамыз.

Балалар біз осы ертегілердің көбін кітаптан оқимыз.Ендеше сол кітапқа байланысты «Кітап нені сүйеді » ойынын ойнап көрелік.

Кітап нені сүйеді?

Ойын шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер  шапалақ ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды- иә

-лас қолмен ұстағанды

-қар мен жаңбырға тастағанды

- Аялап ұстағанды

-кітап сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-полда жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа жаққанды

-төбелескенді

«Өлең болсын,
Ән болсын
Жаңылмастан жаттаймын.
Жақсы болып, Жас досым
Сенімі
ңді ақтаймын»-деп ақын Рақымжан ағамыз жырлағандай, кітаппен де дос болайық, ата-бабамыздың үмітін ақтайық!
«Ертегілер елінде» ән қосылады
.
Сахына ортасына қыз бала мен ұл бала шығады.
Қыз бала: Енді түсіндің бе, кітап оқығаның пайдасын?
Ұл бала: Рахмет саған. Расында да сенің айтқаның дұрыс екен.Компьютермен ойнаған әрине, қызық.Бірақ кітаппен әлдеқайда қызығырақ

«Түймедақ.» стратегиясы

Ертегіден не үйренеміз?

Адалдықты,жақсылық жасауды,жамандықтан аулақ болуды,достықты, қиялымызға қанат бітіреді, ынтымақтыққа, қайырымдылыққа үйретеді.

Қорытынды:
Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.
Ертегілер сенің арманыңды асқақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.






. Герои мультфильмов (часть 3) - растровый клипартPDA Найти полезные ссылки - Коллеция российских мультиковсказочные герои - Галина Викторовна МасленниковаЭто интересно Записи в рубрике Это интересно Дневник ЭТО ИНТЕРЕСНО: ОБО ВСЕМ ПОНЕМНОГУ. : LiveInternet - Российский Сервис Онлайhttp://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=fe8bab1ed9a95638d09605668880b257-126-144&n=21Valentina - все фотографии с меткойhttp://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=18045a8aff34790ae14c42d0593dc789-127-144&n=21Смотрите сами в подборке далее. Люблю я когда девушки одевают на себя - 8 Марта 2014 - Blog - OxxyВолк картинки для детейКопилочка - Сказочные герои

Начало формы

Веселые картинки для детей. Обои для рабочего стола с персонажами мультфильмов и детских книгСам себе переводчик - Страница 5 - ФОРУМУрок Добродетель и порок. Задание Прочитай притчуКрасивые дракоши для фотошопа - Драконы - Картинки PNG - Картинки и анимации - Галерея GIF,PNG,JPG картинок

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=4a52b72fe71cf48665440c4ecf7e209e-74-144&n=24http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=ff4c62733d5fce12fe35146fcb7c0dba-127-144&n=24

Стихи и песни про сказочных героевКак вставить картинку?Образ Алдара-Косе чуть не стал логотипом Универсиады-2017 - Лента новостей - Bnews.kz: всегда актуальные новостиhttp://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=6025e5b97ff51f7ebc98080dfb5142ab-32-144&n=21


http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=9afa5a2b198a90f0210cf54f4f00066f-58-144&n=21http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=3d5dc4f3b71e2580984b1a9c4344e992-29-144&n=21http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=5400c73ab5fb5ee73ee50deca833bff5-53-144&n=21http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=236a6a81ad53ad60fe0f65f4af61bec4-99-144&n=21http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=73a0de87368ee2e02dac562c78dbe810-51-144&n=21http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=3b7e97670f5758fa43b155052c33bf3c-79-144&n=21Библиотека ГБОУ СОШ 1207 - Каталог файловhttp://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=186e213b23ebd1c8cd8997873048629c-88-144&n=21


http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=e2916a7b0a2d5af667fd5a8e60d0e7f8-74-144&n=21http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=fb03a90e792a49fff95eba14640c84a4-121-144&n=21http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=b46b0078317a24e0c500d06f29ba3c16-113-144&n=21http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=4ca45a73052f9af74d8d816eccaae301-76-144&n=21http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=ff88db5f6af6defc7f85581e2f647592-106-144&n=21http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=d59ac865d46bfebfcb90a7bfb987142c-85-144&n=21http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=1214bee6e85b8ea5a9ab4fa1fd8fda59-40-144&n=24http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=793f54245b6211a2986142f35a96b8f4-25-144&n=21http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=8f858b9241dfa4bc79d59b2b050243c3-65-144&n=24http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=e1dbd311cc5cb87cbcdd16072ab0bcfb-33-144&n=24http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=1756a7757dc4726f7062cb7cf2f235e7-125-144&n=24daosgena - Без заголовкаhttp://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=103279744c62bb37bd9e6ac4385e3b35-137-144&n=24

















«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі















Ертегілер не деген ғаламат!

Сыныптан тыс сабақ.





























Саргаскаева.Г.Н

2014-2015 оқу жылы


Краткое описание документа:


Бұл сабақ жоспары оқушыларды кітапты сүйіп оқуға шақырады. Кәзіргі таңда балалар теледидарды көп көріп, кітап оқуды ұмытып кетті десе де болады. сабақ жоспарында сыныптас екі баланың бір-біріне кітап оқуға ықпал ету әрекеті көрініс табады. Сонымен бірге ертегі кейіпкерлері өз сырларын шертеді. Оқушылар берілген ертегі бойынша ой қорыту жүргізеді. Топпен бөлініп бірнеше ертегінің суреттерін пазлдар арқылы құрайды.Және сол ертегіде кездесетін кейіпкерлерге мінездеме беруге жаттығады. Оқушылар "Түймедақ" стратегиясын қолдана отырып ертегінің қандай тәрбие беретіндігі туралы айта келе шырқата әнге салады.

Автор
Дата добавления 01.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1301
Номер материала 297233
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх