Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ертегілер еліне саяхат атты ертеңгілік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ертегілер еліне саяхат атты ертеңгілік

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.


Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, слайдтар.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі бірінші сынып оқушыларына мектеп кітапханасымен таныстыру мақсатында өткізілгелі отырған

« Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн.!

Тамаша болсын бүгінгі күн!.

Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең ол сені қуантады.

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына».

Білесің бе кітап білім ұясын,

Келсең мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы».

Кітапхана – сол ойшылдар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз болып шығары.


1-оқушы:

Адамның досы – кітап, өмір кілті.

Тең келмес оған жиған дүние мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.


2- оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын ашып терең.


3- оқушы:

Оқы талмай, түй санаңа, жас достар,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен құямын миыңа.


4- оқушы:

Кітапхана – қасиетті шаңырақ,

Сенен шығар сансыз жүйрік, көп саңлақ.

Сенен шығар ғасырлардың данасы,

Сенен тарар саналарға нұр шуақ.


5 -оқушы:

Бұл - қастерлі кітапхана,

Мұнда бары кітап қана.

Ғылым іздеп келгеннен соң

Алаңдама, кітап қара.


Жүргізуші: Балалар, мектеп кітапханасын сендерге таныстыру үшін мектебіміздің

кітапханашысы Бота апайға сөз кезегін береміз.

Кітапханашы: Сәлемтсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздермен бірге мектеп кітапханасына саяхат жасаймыз. Адам баласының жер басып өмір сүрген уақытынан бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы – Білім, Ғылым, Өнер. Ал осы құндылықтардың қыр –сырын білуге, түсінуге қол ұшын беретін, алуан түрлі ғылыми жаңалықтарды ашуға апаратын бірден –бір жолдың ордасы – Кітапхана. Кітапханаға оқырмандар (оқушылар) жие келіп қажетті әдебиеттерін жазғызып, түрлі ертегілерді оқиды , шығармашылықпен шұғылданады, ізденеді. Мектеп кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету үшін оқу залы, абонемент бөлімдері қызмет жасайды. Ал анықтамалар мен энциклопедиялар, газет –журналдарды оқу залында отырып керегінше пайдалануға болады. Кітапхана да кітаптар жүйе бойынша сөрелерге орналастырылған түрлі қызықты кітаптарды сол сөрелерден табасың. Сонымен қатар тақырыптық көрмелер жасалған. Ал сендерге арналған бөлім « Әлемді тану ертегіден басталады» бұл бөлімнен қызыққа толы кітаптарды алып оқуларыңа болады.

Балалар сендерге кітаптың құрылымымен таныстырып өттейін.

  1. Мұқабасы

  2. Беттері

  3. Кітаптың не туралы екендігін түсіндіретін аннотоциялық анықтама.

  4. Баспаның аты, шыққан жылы және авторы

  5. Мазмұны.


Сендер кітапханаға келіп кітап таңдауда біз әр дайым көмек беріп отырамыз.

Ал , енді өздеріңе арналып жасалған кітап көрмесімен таныстырайын кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады бірінші бөлім «Кітаппен дос болсаң бәрін білесің», екінші бөлім «Білгенге маржан», үшінші бөлім «Дыбысты кітаптар» бөлімінде аудио кітаптар қойылды. Кітапханаға келіп оқу залында отырып газет-журналдар мен кітаптар оқуларыңа болады сонымен қатар абонемент бөлімінен үйге 15 күнге кітап алуларыңа болады. Ол үшін бірінші сендерге формуляр толтырып кітапханаға тіркейміз, тіркелген әрбір оқушы біздің оқырмандар болады. Оларды кітапхана ережесімен толық таныстырамыз. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін сыртын қағазбен қаптап ал.

Тамақ ішіп отырып кітапты оқыма, оны ластауың мүмкін.

Кітаптың арасына қарандаш, қалам және басқа осындай нәрселер салма, түбі жыртылады.

Кітаптың беттерін бүктеме, қыстырғыш жасап ал.

Кітап беттерін жыртпа, сурет салма, оған жазба.

Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады.

Кітапты таза ұқыпты ұстау керек сен кейнгі іні –қарындастарыңда, осы кітаптарды оқиды осыны естен шығармай қолдарыңдағы оқулықтарды, әдеби кітаптарды таза ұстаңдар. Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілігіне қош келдіңдер.


Жүргізуші:

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

-Балалар бүгін көніл –күйдерің қалай?

-Жақсы болса, 3 «а» сынып оқушысы Ерболқызы Дилназдын орындауында «Өнерге құштармын» әнін тамашалайық (бәріміз әнге қосыламыз)

Жүргізуші:

Айтады ертегі сыр, ертегі ой,

Ертегі айтса еліктіріп балалар

Қиялға қызықтырып ертеді ғой

-Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ертегілер елінде кімдер тұрады?

-Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

- Ертегі қалай басталады, қалай аяқталады.

-Ертегілер бізді неге үйретеді? (Балалардың жауабы тыңдалады. )

Жүргізуші: Иә, кітаппен достассаң бәрін білесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады.

Ал енді кішкентай біздің оқырмандарымызға арнап 4 ә сынып оқушылары ертегіден қойылым көрсетсін бірге тамашалайық.

-Ертегі сендерге ұнадыма?

-Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?

-Қай халықтың ертегісі?

-Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?

(оқушылардан сұрақ-жауап алынды. Бұл ертегі орыс халқының «Бауырсақ» ертегісі)


Жүргізуші: «Ойлан тап» Бұл бөлімде ертегіден үзінді оқылады, сол ертегінің атын тауып айту керек.

  1. Аурумын, жүруге әлім жоқ – деп барлық аңдарға хабар таратты. (Арыстан мен түлкі)

  2. Мен күшті болсам, құмырсқаға ін салдырмас едім. (Кім күшті)

  3. Түйк бойына сеніп құр қалыпты. (Жыл басына таласқан хайуанаттар)

  4. Қарғажан, көмектес менің балапандарымды жылан шаққалы жатыр. (Дәуіт пен қарлығаш)

  5. Олай тартқылады, бұлай тартқылады, тартып алды. (Шалқан ертегісі)


Жүргізуші: Енді балалар 4 «ә» сынып қыздарының орындауына «Флешмоб» биін тамашалайық



Жүргізуші: «Сұрақ –жауап» бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады сендер балалар жумбақтын шешуін табасыңдар.

  1. Өзі ширақ, өзі қу, жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

  2. Басы –тарақ, арты –орақ. (Қораз)

  3. Өзі ащы. Біріқ, дәмді етер асты. (Тұз)

  4. Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. (Ұршық)

  5. Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз болып қатады. (Жұмыртқа)

  6. Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

  7. Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)

  8. Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. (Сандық)

  9. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)


Жүргізуші: Балалар енді кезекте «Кітап нені сүйеді?» ойыны. Мен сұрақ қоямын .

  • Келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар.

  • Келіспесеңіздер шапалақ ұрмайсыздар?

  1. Кітап қаптағанды -ия

  2. Лас қолмен ұстағанды –жоқ

  3. Қар мен жаңбырға тастағанды- жоқ

  4. Аялап ұстағанды – ия

  5. Кітап сөрелерінде ұстағанды –ия

  6. Еденде жатқанды – жоқ

  7. Құрметтегенді – ия

  8. Кітаппен дос болғанды – ия



Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп, кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға көптен көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді 4 «ә» сынып оқушысы Сақтаған Қарақаттың орындауындағы «Ертегілер әлемі» атты әнмен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
























А Н Ы Қ Т А М А

Қызылорда қаласы

253 орта мектебі 27.02.2016 жыл


Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

(1-сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен таныстыру ертеңгілігі )



Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.


Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, слайдтар.


Ертеңгіліктің өтілу барысы:


1.Ертеңгілігімізге 4 «ә» сынып оқушылары қатысып, кітап туралы өлеңдер оқыды.

2. Кезек мектеп кітапханашысы А.Сейдахметова апайға берілді. Апай бүгінгі біздің кішкентай оқырмандарымызға арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырды. Көрме «Әлемді тану ертегіден басталады» деп аталды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрды. Әр бөлімге жеке-жеке тоқталып, бүлдіршіндерге толық мағлұмат берілді. Сонымен бірге кітапханаға келген кезде оқырманға көрсетілетін қызмет түрлерімен де таныстырып өтті.

3. Мектебіміздің 3а сынып оқушысы Ерболқызы Дилназ «Өнерге құштармыз» әнінен бүгінгі кішкентай оқырмандарға әннен шашу шашты.

4. Кітапхана оқырмандары 4 ә сынып оқушылары олрыс халқының «Бауырсақ» ертегісінен қойылым көрсетті.

5. «Ойлан тап» бөлімінде ертегіден үзінділер оқылды, оқушылар сол ертегінің атын тауып айтты.

6. Бір топ қыздардың орындауында «Флешмоб» биі орындалды.

7. «Көк сандық» атты сөз жұмбақ шешу бөлімінде оқушылар жұмбақтар шешті.

8. «Кітап нені сүйеді?» атты сергіту сәті болды.

9. 4 ә сынып оқушысы Сақтаған Қарақаттың орындауында «Ертегілер әлемі» әні орындалды.

10. 1-сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен таныстыру ертеңгілігін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалғасбаев Әбілқасым ағай қортындылап оқушыларға кітаппен дос болсаңдар өскенде жақсы азамат боласыңдар, сондықтан көп кітап оқып білімді де сауатты ұрпақ болу керектігін айтып өтті.

Мектеп кітапханашысы А. Сейдахметова бүгінгі ертеңгілігімізге атсалыса қатысқан 3-4 сынып оқушыларына, кітапхана оқырмандарына үлкен рахмет айта отырып, кітапханаға келіп көбірек кітап оқуға шақырды. Ертеңгілік соңы естелік суретке түсумен аяқталды.






Төрайымы: А.Сейдахметова

Хатшы: А.Жолаева






Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров492
Номер материала ДБ-028301
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх