Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / «Ертегілер еліне саяхат» (Шағын орталық)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Ертегілер еліне саяхат» (Шағын орталық)

библиотека
материалов

















Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

(Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық көрсетілімі)





































Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық»

Білім бөлімдері: Тіл дамыту

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің мақсаты:Балалардың білетін ертегілерің еске түсіру арқылы тіл байлығын дамыту,айтылған ертегінің мазмұнын айту. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.Қиын кезде достарына көмектесуге тәрбиелеу.Сурет салуға дағдыландыру.

Керекті құралдар:Ертегіге байланысты суреттер,электронды слайдтар,кілемше,бұлттар, бояу,алдын ала май шаммен салынған суреттер.

Билингвизм:Мысық-кошка,қоян-заяц,қасқыр-волк,аю-медведь,сүт-молоко

Сөздік жұмыс:Саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:

Амандасу

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздерме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

Ғажайып сәт

Топқа жылап Мысық кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, Мысық неге жылап тұр екен,сұрайықшы?

Балалар: Мысық,Мысық, сен неге жылап тұрсын?

Мысық: Балалар, мен құйрығымды жоғалтып алдым... Құйрығымды іздеп-іздеп адасып кеттім. Енді қайттім? Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Ия!

Тәрбиеші: Балалар, естеріне түсті ме? Бұл қандай ертегі еді?

Балалар: «Мақта қыз бен Мысық» ертегісі

Тәрбиеші: Мысықтың құйрығын тауып алу үшін, «Ертегілер еліне» баруымыз керек.

Балалар: Ия!

Сөздік жұмыс: Саяхат

Тәрбиеші: Ертегілер еліне мына сиқырлы кілеммен ұшып барайық.(Балалар кілемге отырады,әсем әуен ойналады)

Тәрбиеші: Балалар,сендер ертегілерді жақсы көресіндер ме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: «Мақта қыз бен Мысық», «Бауырсақ», «Шалқан» және т.б. ертегілерді білеміз.

Тәрбиеші: Міне,ертегілер еліне де жетіп қалдық...Мына жерде бір жол бар екен ,осы жолмен барып көрейік. Жолдың түсі қандай?

Балалар: Көк

Электронды слайд тар арқылы балаларға «Мақта қыз бен Мысық» ертегісін көрсету.

Сұрақ-Жауап:

Тәрбиеші:Мысықтың құйрығын кім кесіп алды?

Балалар: Мақта қыз

Тәрбиеші: Неге кесіп алды?

Балалар: Өйткені, Мысық Мақта қыздың сүтін төгіп алды.

Тәрбиеші: Мысық Мақта қызға барып қандай өтініш сұрайды?

Балалар: «Мақта қыз, құйрығымды берші» дейді.

Тәрбиеші: Мақта қыз не деп жауап береді?

Балалар:«Сүтімді қайтарған соң, құйрығыңды беремін» дейді.

Тәрбиеші: Мысық сүтті неден сұрайды?

Балалар: Сиырдан

Тәрбиеші: Сиыр не деп жауап береді?

Балалар: «Сен маған жапырақ бер» дейді

Тәрбиеші: Мысық жапырақты қайда барып сұрайды

Балалар: Ағаштан сұрайды,ал ағаш жапырақ беру үшін су сұрайды.

Тәрбиеші:Суды кімнен сұрайды?

Балалар:Қыздардан сұрайды,ал қыздар сағыз сұрайды

Тәрбиеші: Мысық сағызды кімнен сұрайды?

Балалар:Дүкеншіден

Тәрбиеші: Дүкенші сағыз бере ме?

Балалар:Жоқ бермейді, «маған жұмыртқа әкеп бер» дейді

Тәрбиеші: Мысық не істейді?

Балалар:Мысық жұмыртқаны тауықтан сұрайды

Тәрбиеші: Тауық не істейді?

Балалар:Тауық бір уыс дән сұрайды

Тәрбиеші: Дәнді неден алады?

Балалар:Тышқаннан алады

Тәрбиеші: Ол дәнді не істейді?

Балалар:Дәнді тауыққа береді. Ал тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге апарады,ал дүкенші сағыз береді. Сағызды қыздарға береді,қыздар болса мысыққа су береді. Суды ағашқа апарады,ал ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді.

Тәрбиеші: Сиыр не істейді?

Балалар:Сиыр мысыққасүт береді. Содан кейін мысық сүтті Мақта қызға апарып береді. Мақта қыз Мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Мысық: Рахмет сендерге, балалар!

Тәрбиеші: Балалар «Мысықтың» орысшасы қалай болады?

Балалар:Мысықтың орысшасы «Кошка»

Тәрбиеші: Балалар, айтындаршы сиыр қандай жануар?

Балалар: Ол үй жануары

Мысық:Балалар,сендер адасып қалмау үшін мен сендермен бірге жүрейін.

Тәрбиеші: Балалар,енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық... Алдымызда жатқан жолдың түсі қандай?

Балалар:Жасыл

Тәрбиеші балалармен бірге жолмен келе жатады.

Тәрбиеші: Жолымыздан шаршап қалмау үшін,біраз серігіп алайық па?

Балалар:Ия

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Мысық:Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып.

Терезеге қойып суытқан,

Бұл не?

Балалар:Бауырсақ

Тәрбиеші: Сендер «Бауырсақ» ертегін білесіңдер ме?

Балалар: Ия,білеміз!

Тәрбиеші: Қане көрейік...Бірақ,менің сендерге бір өтінішім бар.Біз барлығымыз Түлкі мен Бауырсақтың достасуына көмектесейік. Келісесіңдер ме?

Балалар: Ия

«Бауырсақ» ертегісін сахналау.

Ертеде бір Ата мен Апа болыпты. Апа бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып- тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Алдынан Қоян шығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

- Қоян, сен мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін: «Мен Апамнан,Атамнан қаштым. Ал сенен қашу,қиын емес маған»-деп қашып кетеді..

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кетеді. Оған Қасқыр кездесіп, оның да Бауырсақты жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде алдынан Аю шығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

Бауырсақ өлеңін айтып,домалап қашып кетеді.

Бауырсақ домалап келе жатса,алдынан Түлкі шығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ, қайда домалап барасың? - дейді ол.

- Жолмен домалап барамын.

- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Апама. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Апама барайық. Олар сені тойғызады.

Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе,Апасы Қоянға орамжапырақ салыған, Қасқыр мен Түлкіге ет салыған, Аюға таңқурай салыған бәліш пісіріп береді. Барлығы тату тәтті өмір сүреді.

Тәрбиеші:Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар: Ия, ұнады!

Тәрбиеші: Балалар қоян,аю,қасқыр олар қандай аңдар?

Балалар: Жабайы аңдар.

Тәрбиеші:Қоян,қасқыр,аю,түлкі сөздерінің орысшасы қалай болады?

Балалар: Заяц,волк,медведь,лиса

Тәрбиеші: Олар қайда мекендейі?

Балалар: Орманда

Тәрбиеші: Енді аңдарымызбен қоштасып,саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар аңдарға ризашылығын білдіріп қоштасады.

Тәрбиеші: Балалар,алдымызда жатқан жолдың түсі қандай?

Балалар: Сары

Жолмен келе жатқанда,алдарынан сандық тауып алады.

Тәрбиеші:Балалар,сандықтың ішінде не бар екенін көрейік пе?

Балалар: Ия

Тәрбиеші сандықтан шыққан суретті көрсетеді.

Тәрбиеші:Балалар,қарандаршы,қандай әдемі суреттер...Мына жерде сендерге арналған ғажайып беттер бар екен. Осы беттерді пайдаланып сурет салайық па?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар,енді біз мына ғажайып беттерді пайдаланып сурет салайық.

Үлгіні салып көрсету.

Алдымызда тұрған ысқышты бояуға батырып,ысқышпен беттерді бояу қажет. Сол кезде ғажайып беттерде қандай сурет салынып тұрғанын көреміз.Сурет салынып болған соң,қолымызды орамалға сүртеміз.

Қауіпсіздік ережені еске түсіру.

  1. Арқаны тік ұстау.

  2. Ысқышты және бояуды көзге,ауызға тигізбеу.

  3. Сурет салу барысында дұрыс отыру.

  4. Қасымызда отырған көршімізге бөгет жасамау.

Салынған суреттер бойынша көрме ұйымдастыру. Суретте не салынып тұрғанын айту.



Саусақ жаттығуы

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат..



Мысық:Сендер қандай ақылдысындар! Сендерге көп рахмет,мен үйіме қайтайын. Сауболындар, балалар!

Балалар Мысыққа ризашылығын білдіріп қоштасады.

Тәрбиеші: Ендеше тобымызға қайтатын уақыт болды.Сиқырлы кілемімізбен ұшып қайтайық. (Әсем әуен ойнайды,балалар кілемнің үстіне отырып топқа қайтады)

Қорытынды:

-Балалар,біз бүгін қайда бардық?

-Сендерге ұнады ма?

-Суретсалу ұнады ма?



Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров77
Номер материала ДВ-560779
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх