Инфоурок Классному руководителю Презентации"Ертегілер еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара

"Ертегілер еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара

Скачать материал

Ертегі еліне саяхат (Нурсапанова Назгуль)

бастауыш сынып оқушылары арасындағы сайыс

Мақсаты: 

1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

        Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,  суреттер,  «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген карточкалар, бейнетаспа.

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң балабақша

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Кітапханашы : Ата -аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. 

«Кітап оқисың ба, жас дос?» сауалнама  жүргіземіз.

1. Өзің сүйіп оқитын кітап?

2. Сенің жақсы көретін ертегің?

3. Ең алғаш оқыған кітабың?

4. Қай кітапты, ертегіні  қайтадан оқыр едің?

5. Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?

6. Қазір қандай кітап оқып жатырсың?

7. Кітапханашы апайлардың аты кім?

«Кітап қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.

Әдеби монтаж «Ертегі сиқыры»

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 

Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 

Ертегі айтса еліктіріп балалар, 

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 

Жамандықпен алысып, жауын жеңген 

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген, 

Батыр ма ел намысын өтемеген. 

Ертегімен халқымыз ертеңіне 

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Сайыс шарттары:

1. Миға шабуыл

2. Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді

3. Кейіпкерлерді қорғау

4. Үй тапсырмасы

5. Ертегі мен мультфильм

6. Суретпен жұмыс

7. Кімнің заты?

8. «Кітап ненеі сүйеді?»

1-тапсырма. 

«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.

1. Ертегілер туралы кім не біледі? 

2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегінің  қандай түрлері бар,? 

4. Ертегі басталғанда қалай басталады?

    Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".

     2-тапсырма: "Ерте, ерте, ертеде..." деп  ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

 

3-тапсырма:  Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі қорғайды..

"Мақта қыз бен мысық " 

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,  

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай

Тазша бала: Мен Тазша баламын, 

Кіп-кішкентай ғанамын. 

Қысылғанда сөз табамын, 

Қырық өтірік пе кедергі, 

Жаңылмай айтып беремін. 

Ақылыма тәнті боп, 

Алтын үйді басыма, 

Той жасады хан қызын 

Отырғызып қасыма.

Керқұла атты Кендебай:  Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

4 –тапсырма. Үй тапсырмасы.

 Мәнеріне, дауыс ырғағына, актерлік шеберлікке  назар аударылады. 

5 тапсырма. Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.

6-тапсырма. Суреттер таңдап алады. Соған сәйкес ертегі құрастыру керек.

Көрермен көзайымы.

 5 есекте неше құйрық бар?

∙ 2 иттің неше тұмсығы бар?

∙ үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?

∙ үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?

Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. 

1. «Кімнің заты?» ойыны 

1. Өзі тамақ пісіретін  қазан- «Ұр тоқпақ!»

2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

3. Бағалы сақа- Алтын сақа

4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»

5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»

6. Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»

 

Кітап нені сүйеді?

Ойын шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер  шапалақ ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды- иә

-лас қолмен ұстағанды

-қар мен жаңбырға тастағанды

- Аялап ұстағанды

-кітап сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-полда жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа жаққанды

-төбелескенді

Қорытынды.

-Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?..

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен.

Олай болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.

Жарайсыңдар балалар! Сендер  жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне жетіп, жеңіп   алған орындарыңыз құтты болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ертегілер еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 16697
    • DOCX 25.7 кбайт
    • 314 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурсапанова Назгуль Бурубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24633
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек