Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» (Орта топ)

Ертеңгілік «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» (Орта топ)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған»


Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

 
Бұлттар төгіп жерге шөгіп, 
Дымқыл тұман басады, 
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады. 
Бой жаза алмай, ойнай алмай, 
Денең мұздап тоңады, 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай кезде болады?

Дүрыс айтасыңдар балалар


Жүргізуші: - Олай болса, өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. 

Мерейлім 
1. Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз. 
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен 
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

Ақторғын 
2.Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын,сары күз, 
алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз, 
көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп

асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп

Әселхан 
3. Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті, 
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз, 
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз. 

Махамбет
4.Ендеше не тұрыс болмасын жан қалыс

Тойлайық,күлейік ,қуанып билейік.

Би «Бипыл»


Жанарыс: 

Тоқтаңдар,тоқтаңдар.

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады

Алуа: Енді не істейміз, қалай көмектесеміз?

Әселхан : Сабырн сақта саспайық ,дәрігер шақырайық.!

Жанарыс : Жоқ-жоқ дәрігер керек емес!

Кәзір өзім тұрамын

АХ-АХ

Әселхан: Дәрігер, дәрігер, бізге көмек керек.

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар?

Бірге: Дәрігерлік көмек керек.

Томирис: Қазір қарап шығайын, неден ауырғаныңды ұғайын.

Кәне аузыңды ашшы а-а-а

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол аяғың әлсіздеген, қызуың ыссы екен.

Білдім неден ауырғаныңды.

Ағзаңа дәрумендер жетіспейді.

Көп-көп көкөністер, жемістер жеу керек.

Казір күз мезгілі ғой, жемістер пісті ғой.

Әселхан : Қоймаға қоңырау шалайық

Ало-ало-ало!

Қойма ма ?

Бізге жемістер көкөністер керек

Мүмкін болса тезірек машинаға тиеп жіберіңіздер. (машинаның дыбысы естіледі жүргізуші бала жемістер, көкөністер тиеп келеді)

Әсель

1.Мен алмамын, алмамын
Тамсандырар бал дәмім 
Пісіп толдым мінекей 
Баптап ерен бағбаным

Жансая
2. Өрік      Мен өрікпін, өрікпін

                  Табиғатқа көрікпін.

Сүйіктімін сәбилерге

Айтсамда болып тым                                 

Әдемі

3.Жүзім   Мен бәрі жүзім дер

Бір-бірлеп дәлдеп үзіп жер

Қызықтырар көркіммен

Қатар-қатар тізілген

Мирас 

4. Сәбіз. Өсіретін бойыңды 
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз, 
Сәбіздерміз жазықсыз. 
Кәусар
5. Шие Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүемін

Қажеттімін адамға

Оны жақсы білемін

Исажан
6.Қияр Мен қиярмын сәндімін

Салаттардың сәнімін

Дәруменім мол менің

Жегенге қуат сыйлаймын

Шұғыла 
7. Орамжапырақ Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана


8. Қызанақ Менің атым қызанақ

Тұзды сеуіп молырақ

Банкілерге саламыз

Аузын мықтап жабамыз

Тағамға дәм қосатын

Қыста тәбет ашатын

Перизат

9. Астық Нан атасы – бидаймын

Елге астық сыйлаймын.  , 
Дәнім толып піскенде, 
Қауызыма сыймаймын. 

Жайдарлы күз алтын күз

Аяулы күз ,алтын күз

Дәнге толы ен дала

Дариядай шалқар күз

Мұстафа

10.Жүргізуші: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомартекен күз деген

Би: Жемістер биі.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.


Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым, 
Өмірге көп қосқаным, 
Күз сыйлығын алыңдар 
Сыйлығына қаныңдар. 
Молшылыққа кенеліп, 
Шаттық әнге салыңдар. 
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз. 

Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!

Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.


Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!


Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын.

Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік. 


Алихан 

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан 
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады 
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды. 
Жігер 
Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты 
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы. 
Алмас 
Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық 
Қараша өрледі, қараша ән салып 
Күн суытып барады, малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз. 

Кезегімізді әнге берейік. Жеткіл Әселханның орындауында 
«Жау-жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар! 
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Жиып- теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың

Балалар: Күз


Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. 

Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.


Ән «Жау жаңбыр» Әселхан

          

5.Жүлдыз:  Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық- ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау

Жанарыс
6. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей 
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,  
Анасынан ажырап, қалған бала секілді. 
Томирис
7. Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды, 

Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды Димаш 
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін 
Біздің дала бай дала, астық толы айнала. 
Мирас 
8. Алып келді мереке, астық жеміс береке, 
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша
,
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ. 

Гүлім
9.Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз


«Кемпірқосақ» биі

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет! 
Күз ханшайымы, менің балаларым сендермен «Көкөністерді ажырат» ойынын ойнағысы келеді балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білейік. 
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!

Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам. 
Балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді. 
Жансая 
10.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді 
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып, 
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп. 
Алуа 
11 Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі 
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,
Күн суытып, жапырақтар түседі. 
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен. 
Жанель
12. Сарғайды тоғай, сап-сары манай 
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып  
Жапырақ ұшты, суық та түсті 
Сонда да бізге,қызық көп күзде. 
Әсель 
13.Күн суытып келеді, жапырақтар түседі. 
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды
.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды. 


«Қолшатыр » биі

Ақзер

14.Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Жамиля 

15. Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ, 
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз 
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз. 
Шұғыла 
16. Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз, 
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз, 
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып. 
Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын.

Маған қайтатын кез болды. Аман есен болыңдар . Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Әкелген жемістерін балаларға таратып береді. 
Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар балалар

Келгенше жыл айналып

Балалар: 
Рахмет саған Алтын күз. 
-Қош, қош Алтын күз. 
Тәрбиеші: 
Балалар осымен біздің күз туралы мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.
Начало формы



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров87
Номер материала ДВ-362034
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх