Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік "Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы"

Ертеңгілік "Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы"

Скачать материал



Тақырыбы: «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»



Жүргізуші:
Құрметті аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Ән:“Анашым”
Әділ: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Аяулым: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Бейбарыс:Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Жансезім:Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Ерасыл:Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Темірлан:Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем:Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар.
Ералы: Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Нұрбек: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Бағдәулет: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.


Аяулым: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
Талант: Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
2. Екінші кәмпит.
Ән: «Құттықтаймын анашым»
3. Үшінші кәмпит
«Аспазшылар биі»
Жүргізуші: Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 2069
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еримбетова Малика Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60499
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы дошкольной педагогики на современном этапе

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов