Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Армысың әз Наурыз"

Ертеңгілік "Армысың әз Наурыз"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Армысың, Әз Наурыз!»
(Балабақшадағы ашық тәрбие сағатының сценариі)
Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: ұлттық қолөнер көрмесі, Наурыз мерекесіне арналған ұлттық дастарқан.

Барысы:
(Музыка ырғағымен әже кіреді)
Әже:Уа, халайық армысыздар! Бүгін біздің ауылда үлкен той. Қазағымыздың жаңа жыл мерекесі Наурыз құтты болсын! Және тағы бір той кішкентай бүлдіршіннің тұсау кесер тойы. Бұл – үлкен қуаныш, мереке. Сіздер осы тойдың үлкен сыйлы қонағысыздар. Көңіл көтеріп, демалып отырыңыздар.
Басқа ауылдардан қонақтар келуші еді, кешігіп жатыр, көрінбей ме?
(Музыка ырғағымен балалар кіріп, сәлем беріп, малдас құрып отырады)
Әже: Қош келдіңдер, құлындарым, жоғары шығыңдар!
Тәрбиеші: Наурыз тойы – ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғауы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Наурыз келіп, көктем сазы білінер,
Ойнап - күлген жас балалар жүгірер,
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің
Наурыз айы шаттықпенен гүлденер.
- Балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде келіп отыр?
Балалар: Көктем мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, көктемде. Ал көктемді қалай сипаттауға болады?
Балалар:- Жер көгереді, ағаштар бүршік атады.
Тәрбиеші:- Ия, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге апарады.
Наурыз мерекесінде қандай көже әзірлейді?
Балалар: Наурыз көже.
Әже: Наурыз көжеге неше дәм қосылады?
Балалар: Жеті дәм.
Тәрбиеші: Өте тамаша. Әжеміз де бізге арнап көже дайындап жатқан болар.
Ал, енді, балаларымыздың сіздерге деген жылы лебіздері бар екен.
(Айзере, Әлімхан, Аяулым, Сабина, Дана.)
Әже: Тойымызға көрші ауылдың сұлу қыздары да келіп қалыпты ғой, сол қыздарды өнерімен қарсы алайық.
Тәрбиеші: Ал, енді, «Тойдың көркі – ән» дейді халқымыз, олай болса, Наурыз тойда жырдан шашу шашайық.
Ән: «Дастархан»
Әже: Балалар, бізде бүгін тағы бір той: немеремнің тұсаукесер тойы. Сендердей үлкен азамат боп кетсін деген ниетпен тұсауын кесеміз. Анасы дайындап жатқан болар, қазір келіп қалар.
(Әуенмен анасы мен баласы келеді)
Әже: Келе ғой қызым, қуанышым менің. Міне, менің немерем де келді.
Тәрбиеші:Тұсау кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде көк шөппен, тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсат: көгерсін, өссін - өнсін дегені және де бай – дәулетті, бақуатты болсын дегені. Бүгін біз ала жіппен тұсау кесеміз. Ондағы мақсатымыз – баламыз ешкімнің ала жібін аттамасын.
Әже: Менің өзім кескенім ұят болар, анасы рұқсат берсе, мына жоғары жақта отырған қонақтарға рұқсат берсек.
Рақмет қонақтар, осындай немере сүйіңіздер.
Енді өлең айтып, тәй - тәй басқызайық.
Қаз - қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Балтырыңды түре ғой,
Тай құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Әже: Екінші ауылдың жігіттері де тойға келіп қалыпты, қане өнерін тамашалайық.
Тәрбиеші: Шалқып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Наурызды, қонақтарды қарсы алайық!
Би: «Серілер»
Тәрбиеші: Ары қарай тойымызды жыр шумақтарымен жалғастырайық.
(Қарақат, А. Жанел, Қасиет, Адиля, М. Нұрислам.)
Тәрбиеші: Ендеше, ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма демекші, қазағымыздың төл мерекесінде ұлттық ойын ойнамасақ жараспас.
Ойын: «Қыз қуу»
(Әуенмен Қыдыр ата келеді)
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, қарақтарым!
Наурыз тойы құтты болсын!
Ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!
Балалар, айтыңдаршы, биыл бізде қандай жыл басы?
Балалар: Жылқы жылы.
Қыдыр ата: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, мен ортамызға сол жылқы жылын ала келдім.
Жылқы жылы: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық.
Тәрбиеші: Қыдыр Ата, жоғары шығып, балалардың өнерін тамашалап, жайғасып отырыңыздар. Ал біз болсақ, балала, р осы Жылқы жылының құрметіне «Қара жорға» биін билеп берсек қайтеді?!
Сергіту сәті: «Қара жорға»
Әже: Жарайсыңдар, құлындарым. Ортамызға келген Жаңа жыл құтты болсын қазағым! Наурыз шашуы жұғысты болсын!
Шашу! Шашу! Шашу!
Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
Әже: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» дегендей, Қыдыр атадан бата сұрайық.
Қыдыр ата батасын беріп шығып кетеді. Той дастарқаны жалғаса береді, қонақтар наурыз көжеден дәм ауыз тиеді.
Соңы

Қыдыр ата бата береді.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров18
Номер материала ДБ-354264
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх