Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Научные работы / ( ертеңгілік, "Асыл анам").
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

( ертеңгілік, "Асыл анам").

библиотека
материалов

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы КМҚК











8 – Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Асыл анам»





Дайындаған: Узембаева Р.М

















Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз аналар мерекесі жайлы түсінік

беру. Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке

баулу,ана еңбегін ардақтап,құрметтей білуге

тәрбиелеу.Балалардың тіл байлықтарын,сөздік қорларын,есте

сақтау қабілеттерін арттыру.

Жүргізуші: Аналар ғой қуат берер тірлікте,

Алдарыңда сәби болып жүрдік те,

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа,бірлікке!

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші: = Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

= Дұрыс айтасыңдар,көктем мезгілі

= Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

= Күн жылынады,қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

(Музыка әуенімен Көктем келеді)

Көктем:Мен Көктеммін,Көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Жайнататын бар гүлді

Сайрататын бұлбұлды

Тілеп жылға оң қадам

Ән арнайды ел маған

Тіршіліктің бастауы

Көктем айы мен болам!

Сәлеметсіңдер ме,балалар,сәлеметсіңдер ме қонақтар!

Жүргізуші: = Балалар,бізге кім келді?

Балалар: = Көктем

Жүргізуші: = Бізге көктем мезгілі ұнайды ма?

Балалар: = Иә,ұнайды

Жүргізуші:= Балалар,қыс мезгілі қарлы ,суық болды. Біз көктем мезгілінде қар еріп,күн жылынады деп жатырмыз, ендеше көктем мезгілін сағындық па?

Балалар: = Иә

Жүргізуші: = Ендеше көктем мезгіліне арналған әніміз бен тақпақтарымызды Көктемге тарту етейік.

Ән: «Көктем»

Тақпақтар:

Келсе көктем сырнайлы

Бұлақ күліп тыңдайды

Шуақ төгіп күміс күн

Бұлбұл бақта жырлайды Сымбат


Қар,мұз еріп,су көбейіп

Сай салада ағады

Бүршік ашып,жапырақ шашып

Жер гүл шашақ тағады Ерасыл


Жургізуші: Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарында бас иіп

Би де билеп берейік

-Біздің қыздарымыздың Көктеммен бірге би де билегісі келеді.

Қыздардың орындауында «Көбелектер» биі

Көктем балалармен қоштасып қайтады.

Жүргізуші: = Балалар,көктемнің бірінші наурыз айында екі үлкен мереке болады. Қәне,есімізге түсірейікші.

Балалар: Бірінші 8 наурыз аналар,әжелер,қыздар мерекесі,екінші Ұлыстың Ұлы күні Наурыз- қазақ халқының Жаңа жылы.

Жүргізуші: = Балалар,ендеше осы аналарымызға,әжелерімізге арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Сымбат: Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен,

Бар тірлікті тындырып,

Бірге ойнайды менімен.

Нұрдәулет: Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін,

Өйткені мен анамнан,

Жақын жанды білмеймін.

Қымбат: Сеніміңді ақтайды,

Еркелеткен балашың

Аман жүрші әрқашан,

Мұңаймашы анашым!

Жүргізуші: Балалар,қыздарымызды,аяулы аналарымызды,ардақты апаларымызды тағы да 8 наурыз төл мерекелерімен құттықтаймын! Иә,балалар,аналар үйде ас пісіріп,кір жуып,үй жинап қана қоймайды,олар ел жайын да ойлайды. Бүгінгі таңда аналар атқармайтын жұмыс кем де кем. Соның ішінде өздерің білетін аналардың мамандығын атаңдаршы?

Балалар: Ана = тәрбиеші,ана = мұғалім, ана = дәрігер, ана = сатушы, ана

=биші, ана = әнші, ана = тігінші.

Жүргізуші: Міне ,балалар,ана жалғыз ана емес,ол жан - жақты дана екен.

= Балалар,бүгін біздің мерекемізге жалғыз аналарымыз емес,әжелеріміз де келіп отыр.

Аяжан: Асыл әжем,мақтанышым менің де,

Қонақ болыр отыр міне,төрімде,

Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен,

Ән салатын кезім келді менің де.

Ән: «Әже»

Есіктен Шығайбай кіріп көрпеге отырады.

Бай: = Көктем,көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ай, ал тіршілік табыстың өзі екен.(Артынан әйел ана кіреді)

Ана : = Аман- есен,келдің бе әйтеуір.Ақша табамын деп жүріп,бала = шағаңды ұмытып кетпесең болғаны. (Сырттан көңілді ұл -қызы кіреді)

Ұл: = Әке,ассалаумағалейкүм!Маған бәтеңке әкелдіңіз бе,өткенде айтып едім ғой,қараңызшы жыртылып қалды. (Аяғын көрсетеді)

Бай: = Көрдім,көрдім кішкене шыдай тұр,міне көкетем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады.(Бала өкпелеп отырады)

Қызы : = Әке,маған күртке керек.

Бай: = Мектепке барғанда бірақ аласың,әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады. (қызы да ренжіп теріс қарап отырады)

Ана: = Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен? (үйден шыға бере жылап жібереді.Алдынан Алдар шығады)

Алдар: = Ой,ақжеңеше,сізге не болды?

Ана: = Не болсын,әлгі Шықбермес басқаны қойғанда ,өз балаларына да татыратын емес.Байыған сайын пейілі тарылып барады.

Алдар: = Мерекенің алдында жарқылдап,жүрудің орнына бұл қалай,қой ренжіме,жүр үйге,мен қазір бәрін реттеймін. (Қайта кіреді)

= Ассалаумағалейкүм,байеке!

Бай: (Көңілді құшақ жайып) Уағалейкүмассалам!

Алдар: Көңіл - күйіңіз жақсы екен,табысыңыз да жаман болмас.

Бай: (Әрине,әрине деп жағасын көтеріп қойып,көңілді әнге салады)

Менен асқан жұмыстың,

Көзін білер бай бар ма?!

Мыңғырған мал қорада,

Дүниесі сай бар ма?!,

Алдар: Тоқта,тоқта

Өтірікті соқпа,

Бар болса да жоқ дейтін,

Сараңдығың жоқ па?

Бай: = Жетер енді! Түріңе қарамай маған сын айтатын сен кімсің өзің?

Алдар: Сен осы заманның шық бермес Шығайбай болсаң,мен айлакер Алдармын.

Бай: Болсаң болыпсың да,неге мені сараң деп деп балаларымның алдында беделімді түсіресің,ел естісе сеніп қалмай ма?

Алдар: = Сараң екенің,қатты екенің өтірік пе?

Бай: = Өтірік!

Алдар: = Онда бәстесейік.

Бай: = Қаншаға.

Алдар: Бір теңге?

Бай: = Бір теңге?! Келістік!

Алдар: = Сенің сараңдығың сонша,бір адамға қарыз бере алмайсың ғой.

Бай : = Кім айтты? Берем.

Алдар: = Олай болса маған келесі жылға дейін жүз теңге қарыз берші.

Бай: = Жүз теңге =ақ па,мә екі жүз теңге.

Алдар: = Рахмет,байеке,артық айтсам кешіріңіз.Ал,енді кім жомарт,кім сараң оны сауда үстінде байқайық.

Бай: = Кеттік базарға.(Екеуі далаға шығып кетеді)

Жүргізуші: = Балалар,сендердің араларыңда қызғаншақ.қатты ,өзімшіл балалар бар ма?!

Балалар: = Жоқ

Жүргізуші: = Иә,балалар,мен де сендерді мырза,кішіпейіл,ақкөңіл,мейірімді деп ойлаймын.Аналарыңды,әпке -қарындастарыңды ренжітпей мереке күндері көмектесесіңдер ғой?

Балалар: = Иә

Жүргізуші: = Олай болса,кім қалай дастархан жаяды.Ойын арқылы жарысып көрейікші.

Ойын: «Кім тез дастархан жаяды?»

(Екі үстел,екі ұл,бірдей мөлшерде ыдыс- аяқ,гүл,тәтті қойылады,кім бұрын,әрі әдемі қойса сол жеңеді.Ойын 2 рет қайталанады)

(Есіктен дөңгелекті - жылжымалы үстелдің үстіне,түрлі зат іліп тастаған сатушы кіреді)

Сатушы: Келіңіздер,келіңіздер,

Жаңа бұйым көріңіздер,

Пакистаннан,Үндістаннан,

Түркиядан,Кореядан,

Жаңа заттар толып жатыр,

Бикештерге мырзалар

Қаптап сыйлық алып жатыр,

Келіңіздер,келіңіздер...

(Артынан ентігіп бай мен Алдар кіреді)

Алдар: = Маған ана қаламсапты,қызыма қуыршақ,әйеліме орамал беріңізші.

Сатушы: Мінекейіңіз,ең әдемісі,ең жақсысы,орап бере қояйын.

Бай: = Маған да, -деп басын қаси бергенде ,Алдар: - Сенің балаларың да осыны сұрап па еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе,дұрысын алсаңызшы, - дейді.

Бай: = Ұлым бәтеңке,қызым күртке деп еді.

Сатушы: = Бар,бар таза бұлғарыдан бәтеңке,әдемі күртке,жібек орамал,көйлек,оған түстес әйеліңізге туфли де бар.Сізге орап берейін.Мінекейіңіз.

(Бай ақшасын төлеп алады)

Сатушы: - Не деген мырза едіңіз?

Бай: -Естідің бе,Алдар.Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың,мені мақтап тұр, - дейді.

Алдар: - Әрине,міне бір теңге!Ал,көріскенше күн жақсы.

(Алдар далаға,бай үйіне кетеді,ал сатушы «Келіңіздер,келіңіздер!» - деп ол да шығып кетеді)

Бай: (Әкелген заттарын үйдің ортасына тастай салады,балалары қарап мәз болуда.Өз ақшасын теріс айналып қайта санап) -ой,масқара - ай,қалтада түк қалмапты ғой.Әй, Алдар,ақшамды тез қайтар,әйтпесе пайызымен аламын! - деп артынан жүгіріп кетеді.

Қыз: - Әкей кімді қуып кетті?

Ұл: - Алдар ағаны.

Ана: - Е,шырақтарым = ай,әкелерің дүниені де қанша қуғанымен жеткізбейтінін сезсе ғой шіркін.

Қыз: = Шеше,ренжімеңіз. Жүріңіз балабақшаға барайық.

Ұл: = Ия,онда сіздерге арналған ойын -сауық болады.Жүріңіз тезірек.(Үшеуі жақындап келіп амандасады)

Жүргізуші: = Сәлеметсіз бе,мерекеңіз құтты болсын,төрге шығыңыз.

Жігіттердің биші аяғы,

Той дегенде тұра алмас,

Тойларында билеп берсе,

Қандай ана қуанбас.

Би: (ұлдардың орындауында)

Жүргізуші: Ал,балалар,өздеріңнің аналарыңа,апайларыңа,әжелеріңе арнап жаттаған өлең- тақпақтарымызды тыңдайық

Жанерке:Қамқоршы боп жүреді

Маңдайымнан сүйеді

Суға түсіп отқа да

Бір мен үшін күйеді


Айса: Мерекеңмен өзіңді

Құттықтайды балашың

Арнап айтқан әнімді

Қабыл алшы анашым

Айхан:Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

Ажар:Іш ауырса,тіс ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық ана,барлық бала

Оны жақсы көреді

Нұртілеу:Теңдесі жоқ данасы

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым

Айару:Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді


Дінмұхамед:Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды

Алмас:Гүл гүл жайнап бәріміз

Кірді біздің сәніміз

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз

Құралай:Айтсаң болды тіл алам

Әйбәт мамам,ақ анам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да,

Жүре берші қасымда

Әйбәт мамам ақ мамам

Алихан:Сырнай тартып,би билер

Тойларыңа балалар

Бағалаймыз еңбегін

Аман болшы аналар!

(Қолында бір десте қызғалдағы,бір қорап кәмпиті бар бай кіреді)

- Сәлеметсіз бе,апай!

Жүргізуші: = Сәлеметсіз бе,хош келдіңіз.Өзіңіз ентігіп тұрсыз ғой.

Бай: - Ия,Алдардың бір қылығына ашуланып,қуып бара жатсам,Ақылбай досымның ақылы себеп болып,сіздердің еңбектеріңізді бағалап,биік санап,балаларымның тәрбиешісі деп құттықтап келіп тұрғаным.Мерекеңіз құтты болсын!Мына гүл сізге,ал мынау балаларға базарлық.

Жүргізуші: = Балалар, біз балабақшаға келіп оның жағдайын біліп,балаларға базарлық беріп тұратын ағаларды кім деп атаушы едік?

Балалар: = Жомарт аға

Жүргізуші: Міне,ағасы,сіз бүгіннен бастап Жомарт аға атандыңыз.

Бай: = Менің ақша табуым керек еді,отбасымды асырау керекпін,сау болыңдар!

Жүргізуші: = Балалар,Жомарт ағаның әдемі гүлдерін көріп,менің есіме мынадай ойын түсіп тұр. Ол ойынның аты «Кім тез гүл сыйлайды?»

Шарты: Саз әуенімен,өз жұптарыңмен билейсіңдер.Әуен біткенде,ұлдар үгіріп келіп,белгілі қашықтықтағы гүлді өзімен бірге билеген қызына сыйлайды.Кім тез сыйласа,сол жеңіске жетеді.

Рамазан: Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз,

Көтерілсінше көңілің,

Ән салайық бәріміз.

Ән: «Анашым»

Жүргізуші: Міне,ойын ойнап, би билеп ән де салдық. Сәби жүректеріңмен пәк тілектеріңді өлең тақпақпен де жеткізіп жатырсыңдар.Ананың амандығы баланың бақыты емес пе?!

Балалардың аналарына арналған сыйлықтарын тарату.

Құрметті ата аналар,қонақтар! Бүгінгі «Асыл анам» атты ертеңгілігіміз аяқталды,тамашалағандарыңызға рахмет!




















Катонқарағай ауылдық «Айгөлек»балалар бақшасы КМҚК









Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

«Асыл анам»

«Күншуақ» тобы







Дайындаған тәрбиешілер:Курмушева Г.К

Узембаева Р.М







2014-2015 оқу жылы

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Научные работы
Просмотров92
Номер материала ДВ-534159
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх