Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Бала біздің болашағымыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік "Бала біздің болашағымыз"

библиотека
материалов

Ертеңгілік

«Бала біздің болашағымыз»

Ойын сабақ.

Іс – әрекеттің мақсаты: 1 маусым балаларды қорғау күні екенін түсіндіру. Балаларды Отанымызды құрметтеуге үлкендерді сыйлауға құрметтеуге тәрбиеле у. Өлең, тақпақтар айту арқылы тілдерін дамыту.


Көрнекілік: ту, жалаушалар, суреттер, гүлдер, буклеттер.


Әдіс – тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.


Шаттық шеңбері: Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.


Іс – әрекеттің барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сұрақ – жауап ойыны

3. Өлең – тақпақтар, жұмбақ, мақал – мәтел.

4. Ойындар, сергіту сәті

5. Қорытынды.

Жүргізуші: Балалар бүгін 1 маусым балаларды, яғни сендерді, сендер сияқты жер бетіндегі барлық балаларды қорғау күні. Яғни бүгін сендердің мейрамдарың. Мейрамдарың құтты болсын! Балалар, сендерді ата-аналарың, Отаның, елің, барлық адамдар қорғайды. Сендердің ұйқыларың тыныш болсын деп, ағаларың, апаларың тыныштықты болдырып отырады.

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Аналар болады аман.

Бейбітшілік болса!

Балалар өлеңімізді орындайық.

1.Айзере: Ақ көгершін, көгершін.

Біз бақытты баламыз,

Ақпыз, сары, қарамыз.

Тату-тәтті достармыз,

Қыл өтпестей арамыз.


2. Алижан: Біз бақытты баламыз,

Қолға қамшы аламыз.

Мініп ойыншық аттарға.

Жоғары, төмен шабамыз.


3.Анел: Жаз, жайдары алақай,

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр, қанеки, балақай,

Шомылуға барамыз.


Жүргізуші: Балалар, біздің тыныштығымызды ойлап, бейбітшілікті қорғап отырған батыр аталарымыз бен апаларымыз бар! Біздің Отанымыз Қазақстан! Қазақ елі, қазақ жері!


Мақал – мәтелдер.

Мерей: Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.


Ердос: Ердің туы – қамыс.


Азамат: Отан – оттанда ыстық.


Айсұлтан: Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.


Жүргізуші: Отан, Отан.

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.


Абылай: Мен оның түйін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Ақниет: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.


Отан әнін орындайды:

Ойын: «Орамал тастамақ»


Осы ойын арқылы Қазақстан Республикасы, Еліміз, жеріміз жайлы сұрақтар қойып, толық жауап алу.

  1. Біздің Республикамыз қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

  3. Елтаңбадағы шаңырақ, тұлпар нені білдіреді?

  4. Тудағы көгілдір түс, қыран және күн нені білдіреді?

  5. Әнұран дегеніміз не?

Жүргізуші: Ал қазір сергіту сәтін өткіземіз, өйткені біз шаршадық, ендеше демалайық.

Көтеріліп шаңырақ.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көріп.

Балалар бүгін қандай күн екен? Біз нені үйрендік?

Отан деген не?


Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам!

Болайын менде аман!


Барлығы: Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз!

Бейбітшілік жасасын!





Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров216
Номер материала ДВ-333945
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх