Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЕртеңгілік "Бастауышым - балбұлағым" ( 4 сынып )

Ертеңгілік "Бастауышым - балбұлағым" ( 4 сынып )

Скачать материал

 

 

Жампеисова Кульзия  Иманкановна

Бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, Зырян ауданы

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

             2014-2015 оқу жылы

                      

Ертеңгілік

 

Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

             Көрнекілігі: жазылған сөздер:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы.

«Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.»

«Оқусыз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ»

«Оқу- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.»

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

        Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

        Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

        Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 

        4-ші сыныпты ортамызға.

(«Мектеп вальсі» ойналады, музыка әуенімен оқушылар сыныпқа келеді, жүргізушілер алға шығып, сөздерін айтады).

 

1.     К.Жанерке: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар. Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2.     Нұрсұлтан: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

                           Жүздеріңнен мейірім мен нұр тараған.

                            Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

                            Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

                                      Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

                                      Қыран құстай болашағын мәпелер.

                                      Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

                                      Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.

 

3.     С.Аружан:  Көз салып қараңызшы бойымызға,

                          Ортақ боп бүгінгі  өскен оймызға.

                           Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

                           Бастауышпен қоштасу тойымызға.

4.Мұғалім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

          Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!  Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

1-    оқушы Алина. Есімде ұстаз күлімдеп,

                               Айқара құшақ ашқанын.

                               Аңсарым тек білім боп,

                               Шығардым естен басқаны.

2-    оқушы Ержан.  Үйретіп бізге алғаш әліппені,

                                 Ұстазым ғылымға жол салып берді.

                                  Адамның  ой-арманы, мақсаттары

                                  Білімнің  сәулесімен жарық көрді.

3-    оқушы Адэль. Өмірге жол бір өзіңмен бастадым,

                               Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

                                Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

                                 Мейіріммен жауырынан қаққаның.

Қыздардың орындауында би «Бақытты балалық» (Айша, Адэль, К.Жанерке)

 

4-    оқушы  Елдос. Жүзің жылы, құшағың кең,

                                Сенен түлеп ұшамын мен.

                                Өзің берген білім – тірек,

                                Тұрам шыңнан күлімсіреп.

5-    оқушы Таңшолпан. Ақылшым, асыл ұстазым,

                                        Келеді сізге ұқсағым.

                                        Білімнің көгін шарлаймын,

                                        Жеткенше қайрат күш, әлім.

6-    оқушы Эльдияр. Сен болмасаң, мектеп,

                                   Мақсатқа кім жетпек?

                                   Құшағыңда өстік,

                                   Қызғалдақтай көктеп.

7-    оқушы Мадина.  Мектеп –кеме, білім-теңіз,

                                   Барар жерге тез жетеміз.

                                   Адаспаймыз ұлы жолда,

                                   Ұстаз берген білім қолда.

Жүргізуші –С.Аружан. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, егі салып, мал бағып, терін төккен шаруа да,көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Жүргізуші –Айша. Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

                                 Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

                                 Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

                                 Ұстаз жайлы әсем ән айтып тұрып.(екеуі бірге айтады)

«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

Нұрсұлтан. Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы болса екен дейді.

К:Жанерке. Иә, дұрыс айтасың. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ата - ананның арманы орындалды деген сол емес пе!

8-    оқушы Хамит. Аяулы да, ардақты да, анашым,

                                Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

                                Сен-асқарсың, сен – жомартсың, данасың.

9-оқушы Сарра.           Осы халге жеткенім, анамның еңбегі

                                    «Оқы, тоқы, құлыным, қиындықты жең», - деді.

                                    «Өлшеусіз сол еңбекті ақта! – деді ұстазым.

К.Жанерке. Зарлықанов Мирастың орындауында « Жар –жарды »  домбырады орындап береді.

Хормен:

Біліммен қаруланған дарынды,

Болашаққа самғайтұғын ұландар!

К.Жанерке. Айша Астанаға барып көрдің бе?

Айша.        Бармасам да теледидардан көріп жүрмін. Әсем, көрікті қала ғой!

К.Жанерке. Ендеше Талғатбекқызы Жанеркенің орындауында «Астана-Бәйтерек» әнін  қабыл алыңыздар.

9-    оқушы Еркебұлан. Өзіңсің балауса көктемім,

                                       Мен сенен нәр алдым, көктедім.

                                       Өмірде алғашқы өткелім-

                                       Бастауыш сыныбым, мектебім.

К.Жанерке. Нұрсағит Айшаның орындауында «Египет» биін қабыл алыңыздар.

10-оқушы Р.Аружан.     Арманы бір, тілегі бір ұланбыз,

                                         Бастауыштан түлеп ұшқан қыранбыз.

                                         Үздік оқып, мақтаныш боп мектепте,

                                          Ұстаздардың сенімінен шығармыз.

К.Жанерке. Мына ағаштар неге әр түрлі?

Нұрсұлтан. Соны да білмейсің бе? Біреуін суғарып, күткен. Екіншісіне қарамаған.

К.Жанерке. Ой, қойшы онда тұрған не бар?

Нұрсұлтан. Жоқ, адамдар да сол сияқты.

К.Жанерке Шын ба? Қалайша? Түсіндіріп берші.

Нұрсұлтан. Тәрбиелеп, білім берсең, қатесі болса түзетсең, ол да ақылды болып өседі.

Айша. Олай болса, білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға рахметімізді айтып, ән жолдайтын кезіміз де жетті. «Ұстазым» әнін айтады.

Батырқанов Хамиттің орындауында «Марш» күйін  қабыл алыңыздар.

11-оқушы  Айдар. Бастауышым – бастамам,

                                  Білім жолын бастаған.

                                  Білім шыңы биікте,

                                  Беліңді бу жас данам.

Қазір  «Білімділер бәйгесін» тамашалауға шақырамыз.  (ата-аналармен бірге өткізу).

Сынып суретшілері мен қол өнер шеберлерінің  еңбектерімен таныс болыңыздар.  (Оқушылардың  «Бастауышым–бастамам» атты көрмеге дайындаған еңбегін таныстырып өту.)

Келесі музыкалық сәлемді  қабыл алыңыздар. Хамиттің орындауында «Келіншек» күйі.

11-оқушы  Мирас.    Өтті сенде қызық шағым,

                                      Бастауышым – балбұлағым.

                                      Қоштасар сәт жетті міне,

                                      Қимастықпен қол бұлғаймын.

К.Жанерке.   Өмір мәнін ұғындым,

                         Кілтін бердің білімнің.

 

Нұрсұлтан.   Бастауышта бір жүрген,

                       Толқыды топ балдырған.

 

С.Аружан      Қимай-қимай ұстазбен

                        Қоштасамыз бүгін біз.

Мұғалім. Қанаттарың қатайды

                  Биікке енді самғаңдар.

                  Білім жолы – сара жол,

                  Ізденіңдер талмаңдар.     (гүлдер беру)

Хормен. Қош бол, балғын балалық,

                Қош бол, сүйікті бастауышым!

«Мектебім» әнін орындайды.

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Бастауышым - балбұлағым" ( 4 сынып )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 652
    • DOCX 52.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жампеисова Кульзия Иманкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15146
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 436 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе