Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ертеңгілік " Бастауышым балбұлағым" 4 сынып

Ертеңгілік " Бастауышым балбұлағым" 4 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Бастауышым-балбұлағым» 

Мақсаты: 
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. 
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. 

Кіріспе сөз: 
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, 
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған 
«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, 
4 «в» сыныбын ортамызға! 
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. 

Би: Вальс
Мұғалім сөзі:
 
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Міне, қанша қыс пен жазды бір өткізіп, ыстық пен суыққа бірге төзген ұстаздарға «тағзым» етейік. 
Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. 
Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Алтынбекова Қарлығаш Серікқызына беріледі. 

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «в» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт. 
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілері мізді ортаға шақырайық! 

1-Мерей:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.



Бекжан: Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

 Ақерке: Армысыздар, әжелер мен аналар, 
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 

Айбек: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер, 
Қыран құстай балапанын мәпелер, 
Бүгін міне бастауышпен қоштасады, 
Азамат боп кешегі сәби еркелер. 

Мерей: Армысың сен алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мектебіме арналады бұл әнім. 


Бекжан: Дұрыс айтасың Ақерке! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәләм алудамын. 
Ақерке: Олай болса Бекжан ! Алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: «Мектебім, аяулы мектебім» 
Бекжан : Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. 

Мерей: Мектеп деген білім кені жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға, 
Мектеп деген даналардың мекені. 

Алмат: Мектебім білім берер алтын ұям, 
Ер жетіп сенде сөзім артты санам. 
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

Бекжан: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі, 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 

Әнель: Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 

Айдана: Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам, 
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам 
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, 
Тамырланып, сан тарапқа тараған. 

Ғалия: Мектебім – сүйікті мектебім. 
Бауырыңда түлеймін көктеймін. 
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан, 
Өзіңнен нәр алып көктедім. 

Алишер: Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жерге тез жетеміз. 
Төрт жыл алған білім нәрін, 
Азық етіп ер жетеміз. 

Мерей: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айбек? 

Айбек: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. 

Ақерке: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! 

Балнұр: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді, 
Бар асылын бізге жиып, мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Нұрбол: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты, 
Жирендік, ажыраттық жамандықты. 
Жалғастырар ақ жолың сенің салған, 
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 Шолпан: Жарық күннен жылы жүзің елестер, 
Құлағымда өзің берген кеңестер. 
Жанарымда алыс тартққан қара жол, 
Көз жұмсамда көре тұғын белестер. 


Марал: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай, 
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? 
Мейірлене қарап қойып біздерге, 
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай. 

Дильназ: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім... 
Басталған ақ батаңнан жас талабым. 
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, 
Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 

Жасмин: Мұғалім ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың. 
Өмірде сенің алар орыныңа, 
Бірі де жеткізе алмас бағалардың 

Марғұлан: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, 
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын. 
Сағына әркез суреттерді парақтап, 
Шәкірттерін жиі еске алатын. 

Мұғалім: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көңілімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті –
дей келе ортаға алғашқы ұстазымыз Ақтолқын апайды шақырамыз.

Жанар: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, 
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. 
Жатталды жан жүректе есіміңіз, 
Адамның аяулы үні сияқтанған. 

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, 
Мың алғыс отты мына жүректерден. 

Хор «Ұстазым» 
Бекжан : Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік. 
Ақерке: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. 
Бекжан: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. 

Мұғалім: Ендеше балалар, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа? 

Жолдас: Бастауышта шырқалмаған жыр барма? 
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? 
Бастауышта алған білім жырларым, 
Азық болар, мәңгі талай жылдарға. 

Гульмира: Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын. 

Диас: Бастауышым – балбұлағым, 
Лаулап жанған шам шырағым. 
Өзің берген біліміңмен, 
Самғап ұшар тау қыраның. 

Азамат: Өтті сенде қызық шағым, 
Бастауышым – балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол былғаймын.

 Мұғалім: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің, 
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын. 
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін, 
Бастауыштың билейміз соңғы биін. 

Би: «Қазақ биі» . Танирбергенова Марал мен Яхшилик Шолпан.

(Мектептен тыс шаралар туралы айту) 
Ән: «Шақырады көктем» . Орындайтын Серік Ақерке

Фариза: Мектеп – кеме, білім– теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда. 

Мұғалім: Дұрыс айтасың Фариза! Пайғамбарымыз (оған Алла разы болсын) өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт», - дегені осы жолда алыс - жақынға да, асқан қиыншылыққа да қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді емес пе? 
Айбек: Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой. 
Мерей: Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған. 
Мұғалім: Иә, балалар, жас шағыңда алған білім тасқа қашап жазғандай баянды, өмір бойы өзіңе сенімді серік, жаныңнан қалмас жолдасың болады. 
Ислам ғұламалары білімнің байлықтан артық екендігін даналық сөздермен қалдырған емес пе? 
Бекжан: 
«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты, 
Үлпілдетіп балапандай самғатты. 
Мейірімімен мәпелеген біздерді, 
Ата - аналар аманбысыз ардақты. 
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. 
Ақерке: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай, мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау. 
Айбек: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, 
Аумайсың жарығы мол ашық күннен. 
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін. 
Ақылды балаларың оны білген. 
Ән: «Әкелер» . Ұлдар тобы

Би: "Өзбек" биі Косақ Дильназ
Мерей: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! 
Бекжан: Иә, дұрыс айтасын Мерей! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? 
Мұғалім: Ақ сүт беріп аялаған, 
Бізден бәрін аямаған. 
Жанашырым саялаған, Ол кім? 
Бәрі: аяулы анамыз. 
Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен. 
Ән: «Сенің анаң алтын» 

Би: Орыс биі: "Калинка" Алмаханбетова Балнұр

Мерей: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік. 
Айдана : Анашымдай сыр шерткен,
                             А
қыл білім үйреткен.
                             Ана тілін о
қыдық,
                               Ерекше зор
құрметпен.
                               Ана тілін с
үйеміз ,
                               
Құрметпен бас иеміз.
                              Ана тілмен
қоштасамыз ,
                             
Әдебиетпен достасамыз.
Гульмира : Ойланып есеп шы
ғартып,
                Т
өрт амалды  білдірген.
               
Ғылымдардың патшасы ,
                 Мате
матика данасы.
А
қерке : Қазақ тілі пәнінен,
                 Білім алды балалар.
                 С
өйлемді, сөз таптарын ,
                  Етістікті
ң шақтарын ,
                 Жал
ғаулар мен жұрнақтар.
                  Ережесін жаттады
қ
             
    5 – сыныпқа  барған соң,
                 Тіл мамандары  ба
ғалар.
Алмат : Ой жіберсе
ң бәріне,
                   Д
үниетану пәніне.
                 
Өмір сырын үйретер ,
                  П
әннің жақсы бірі де.
                  Жер байлы
ғы көп екен,
                  Игеруді қалайды.
                   Осыны
ң бәрін білдірген ,
                   Д
үниетану сабағы. 
Мұғалім: Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік. 
1.    Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?  
Жауап : Нұрбол. 
Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. 
Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін  сабақтан кешіккен оқушыдан  сұра.
Бір секундтың қадірін  апаттан аман қалған кісіден сұра.
2.    Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.  
Ғалия:  Туған жерде өстім мен ,
                 Бір гүлі болып құлпырып 
                 Туған елім - күн көзі
                 Жайнай берем ұмтылып.
3.    Анаға  арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?  
  Марал :    Ана- деген ең асыл,
                     Мейірімі күнмен тең.
                     Анама айтам мың алғыс,
                     Мені әлдилеп тербеткен.
4.    1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру. 
 Жанар:   Қыстыгүні бақшадан
                   Алма теріп әкелдім.
                   Алма сатып,  көкеме
                   Шетелдік көлік әпердім.
Мұғалім  : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. 
Мерей : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады. Хормен : Білім берген біздерге,
                 
Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, 
Кеуделерге намыс отын жаға алатын. 
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, 
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Жарылқасынқызына беріледі. Марапаттау 
Мұғалім: Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананаң, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. 
(Ата-аналарға сөз беру) 
Ақерке : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе, 
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, 
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, 
Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде! 
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез - келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін! 
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, 
Сенімдердің айналыңдар серперіне. 
Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін, 
Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. 
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен, 
Аластайтын жаныңды күз көңілден. 
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, 
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. 
Хор: «Жаса, Қазақстан»



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров139
Номер материала ДВ-353452
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх