Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Тесты / Ертеңгілік "Берекелі Алтын күз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік "Берекелі Алтын күз"

библиотека
материалов

"Берекелі Алтын күз"

Сахна іші мерекеге сай безендірілген.сазды әуен жүріп тұр.

Жүргізуші: Келді міне, алтын күз ,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

Қыры толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті

Қолы ашық періште.

Мінекей, табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын,бәріміз асыға күтетін, шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі алтын күзде келіп жетті. Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті ,ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді -деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі топтардың аттары да табиғатты аялау,табиғат сұлулығын сезіну мақсатында табиғат тақырыбына ұштастырған едік.

Олай болса, «Берекелі Алтын күз» атты сайысымызды ашық деп жариялап , сайысқа қатысатын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар ортада Бірінші топ "Жемістер"

Екінші топ " Қолшатырлар"

Үшінші топ"Жапырақтар"

Төртінші топ "Саңырауқұлақтар"

Бүлдіршіндерге қошемет көрсетіп кояйық.

Сайыс болғанан кейін әділ қазыларсыз болмайды.

Әділ қазы,ақ қазыға бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем,

Жүйрік озар сайыстарды енді бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл - деп бүгінгі сайысымызға қазылық ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Жүргізуші: -Балалар, біздер қандай мерекені тойлагалы отырмыз. - Алтын күз.

- Ал, балалар, балалар, 
Енді бері қараңдар. 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші. 
Әуелі жұмбақ жасырам, 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін, 

Қонағымды дәл ортаға шақырам. 

Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын, 
Қамбаға астық толатын. 
Қызыл қырман ойнайтын, 
Қай мезгіл деп ойлайсың? 
-Дұрыс, күз мезгілі. Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз

- Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!  Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге. Өнерлерінді көруге.

Алтын күздін бағынан .Әкелдім сізге сыйымды.
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! 
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмайық. сайысты біз бастайық.

Ендеше, топтық сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1."Сәлем- сөздің атасы" (Топты таныстыру )

2. " Ән шырқайық бәріміз" (Әр топ өз атына сай ән айту)

3. "Қолөнер " үй тапсырмасы

4. " Мың бұралған бишіміз" ( Әрбір топ биден шашу шашады.)

5. "Кім жылдам" (Екі топтан жарысқа түседі )

6 Күзгі сән үлгісі. ( Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсыну)

7. "Көңілді аспазшылар" (әр топ өз тағамдарын таныстырады.)


Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім.

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім,

Ақ жол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.- дей келе әр топ өз топ аттарын

таныстырсын.

1.Топтың аты: "Жемістер"

Дәруменге баймыз

Атымызға саймыз

Біз жеміспіз дәмді

Уылжып піссе сәнді.

Сәні бұл күздің береке

Құтты болсын мереке.

2.Топтың аты." Қолшатыр"

Қолшатырлар тізіліп

Нөсерлерден қорғайды

Сел боп жауған жаңбырда

Қолшатырсыз болмайды.

Сәні бұл күздің береке

Құтты болсын мереке.

3.Топтың аты: "Жапырақтар"

Алтын күзде атырап

Алтындай боп жарқырап

Сән беретін далама

Біз боламыз жапырақ

Сәні бұл күздің береке

Құтты болсын мереке.

4.Топтың аты: "Саңырауқұлақтар"

Қалпағымыз жарасып

Өсіп тұрмыз таласып.

Себеттерге толамыз

Біз саңырауқұлақ боламыз.

Сәні бұл күздің береке

Құтты болсын мереке


2 кезек Ән

"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" - деп келесі кезекті әнге береміз.

Әр топ өз аттарына сай ән айтады.

1"Жемістер мен көкөністер" әні

2"Жау,жау, жаңбыр" әні

3"Жапырақтар"әні

4"Саңырауқұлақ тереміз" әні

3. Қол өнер.

Асыл тастан,өнер жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса ,қалт айтпас

Әрқашанда нанымды. -деп ақын ағамыз жырлағандай ендігі кезекті қолөнерге береміз.


4. Би өнері.

Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз,

Күйге енейік баршамыз ерекше бір,

Сіздер үшін би билеп,ән саламыз -деп келесі кезегімізде тоттардың би өнерін тамашалаймыз.

Бірінші топ "Жемістер" биі

Екінші топ " Қолшатыр"биі

Үшінші топ "Жапырақтар" биі

Төртінші топ "Саңырауқұлақтар"биі


5.Ойын ойнау.

«Ойын ойнап ән салмай ,Өсер бала болама» -деп кезегімізді ойынға береміз.

Ойын түрлері:

1. "Көкөністі ажырат" ойыны ( көкөніс пен жемістерді екі топқа бөлу)

2. "Жан -жануарларды ажырату" (уй және жабайы жануарларды екі топқа бөлу)


6. Сән үлгісі.

Сәнімен күздің көркін көрікті етіп.

Бір қыз өтіп барады желіп етіп,

Иығына төгілген қара шашы

Жан біткенді өзіне елік етіп - Жалпы адам баласы сырт пішініне , киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендеше келесі кезекте күзгі сән үлгісін тамашалаңыздар.

7. Дәм думан.

"Ас адамның арқауы" деп келесі кезеңде топтардың уйден дайындап әкелген ас мәзірлерін қорғап,таныстыру.

Жүргізуші: Балабақшаның меңгерушісі, Әдіқазылар алқасынын төрайымы Тамара Молдашқызына сөз береміз және Алтын күзді ортаға шақырамыз.

(Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау)

Жүргізуші: . Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен сайысымыз аяқталды. - деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.Сайысқа қатысушы топтарды жеңістерімен құттықтаймыз.



















"Қарлығаш" балабақшасы












"Берекелі Алтын күз"

Ересектер тобы.











Дайындаған: Ересектер тобынын ІІ санатты тәрбиешілері:

Жолдыбаева С

Магданова Г


2015 ж

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Тесты
Просмотров835
Номер материала ДВ-473077
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх