Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ертеңгілік "Көктем-ана, қыздар гүл"

Ертеңгілік "Көктем-ана, қыздар гүл"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



МКҚК «Айгөлек» балабақшасы











Көктем- ана,

Қыздар-гүл!

атты ертенгілік







Өткізген: Есетова Н.







2013 жыл

Көктем- ана,

Қыздар-гүл!

Зал іші әсем безендірілген. Музыка әуенімен балалар қол устасып залға кіреді.

Жүргізуші: Ауялы аналар, ақ жаулықты әжелер,балабақшаның тәрбиешілері,ару қыздар! 8 наурыз мерекелерініз қутты болсын! Көктемнің шуакқты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық, көңілдерінізден қуаныш арылмасын!Құрметті қонақтар, «Шерқала» тобының «Көктем ана,қыздар гүл!» атты ертеңгілік тамашалауға шақырамыз!

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

«Ақ мамам» әні орындалады.

Осы сәтте есік қағылып, көнілді әуенмен залға Сайқымазақ кіріп кіреді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіздерме! Мұнда не болып жатыр? Қаңдай Әдемі болып кеткенсіңдер?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , Сайқымазақ. Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Балалар сайқымазақпен сәлемдесейікші.

Сайқымазақ: Қаңдай тамаша! Менде анамды жақсы көремін. Сендермен бірге тойласам бола ма?

Жүргізуші: Әрине, болады.Білеміз бе Сайқымазақ ана деген керемет асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам, соны алып беретін.

Сайқымазақ: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазың,алтын бақ!

Сайқымазақ, сенің қолыңдағы шарларың өте әдемі екен!

Сайқымазақ: Иә,бұл шарлармен , мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Өз гүліңді тап».

Шарты: Балалар қолдарындағы шарлармен жерде тұрған гүлге барып қона қалады.

Жүргізүші: Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап таппақ айтамыз.



Айкөркем: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!



Кәусәр: Аналарды суйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.



Зере: Қүшағына кіргенде

Жыланамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де,

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!



Ертай: Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.



Аружан: Ақ анашым , аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де.

Арнадым саған бәрін де.



Көркем: Менің мамам мұғалім

Бізге сабақ береді.

Балалардың бәрі де

Оны жақсы көреді.

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар сіздерге деген ұл балаларымыздың «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

Сайқымазақ: Балалар қаңдай тамаша билейді екен.Менің де билегім келіп кетті.Бірақ менің кететін сәтім келіп қалды. Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр. Мен оларға сендердің қандай өнерлі, биші екендеріңді айтып барамын. Қош ,сау болыңдар!

Балалар Сайқымазақпен қоштасады.

Жүргізуші: Қар мұз еріп,су көбейіп,сай салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар? Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Көктем.

Жүргізуші: Дурыс айтасыңдар, көктем мезгілі. Қанекей, бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық.

«Көктем вальсі» әуен ырғағымен көктем билеп, кіріп келеді.

Көктем:

Мен көңілді көктеммін,былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтан,түбіне тал еккенмін.

Гүл болып қырда егілем,дән боп жерге себінем,

Жаңбыр болып жауам да,нұр боп көктем төгінем.

Шуағын төгіп әлемге,қуатын күннің әкелем.

Табиғаттың төгіне,тіршілігін әперем.

Аяулы аналар,әжелер,мерекелеріңіз құтты болсын! Менің гүлге толы,осы гүлдерді сіздердің мерекелеріңізге алып келдім.

Жүргізуші: Амансыз ба ару Көктем! Ұлан байтақ еліме қош келіпсің. Шуағынмен шаттандырып,нұрыңды мол төге бер.

Сізге арнап би билеп, ән шырқап берейік.

«Топ –топ балақан» әні балалар билеп айтады.

Жүргізуші: Көктем, сен балаларға не әкелдің?

Көктем: Мен сендерге көктемнің шұғыласын әкелдім (әр түрлі лентаны шығарады). Кәне, қыздар, лентаны алып «Көктем» биіне билейік.

Көктем: Рахмет, бүлдіршіндерім. Маған арналған бағы да қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Келсе көктем сырнайлы,

Бұлақ күліп тыңдайды.

Шуақ төгіп күміс күн,

Бұлбұл бақта жырлайды.

- Ару көктем, біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Балалар тақпақтарын айтады.



Ақнұр: Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға



Алина: Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да,

Ақ гүлдер өрілді.



Альбина: « Бала,бала,бала», деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде биік таянған.



Аянат: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін!

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.



Дильназ: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір- бірден,

Анаға сыйлаймыз.



Әнмай: Ана- өмір шырағы,

Ана- өмір бұлағы.

Бей жыр-әні,

Жүрегімде тұрады.



Б.Дархан: Анашым,анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

«Ертегілер әні» Орындайтындар: Зере

Ақнұр.

Көктем: Балалар, мен сендерге сыйлыққа көп гүлдер әкелдім. Қазір біз «Гүл теру» ойынын ойнаймыз.

Ойын: «Гүл теру».

Көктем: Рахмет, балалар, өнерлі екенсіздер.Мені өздеріңдей асыға күтіп отырған бүлдіршіндер болып өсіңдер!

Өнерлерің өрлей берсін! Сау болыңдар!

Көктем балалармен қоштасады.

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің,қазынасы бар» -деп халқымыз тек айтпаған.



Ернар: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем,

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.



Мерей: Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.



И.Дархан: Менің әжем- гүл әжем,

Алтын әжем,күн әжем.

Апам үшін,мен үшін,

Нағыз ана-тілі әжем!

1 «Сағындым әже» әні. Орындайтындар: Дархан мен Әсемай

2 «Құттықтаймын мама» Орындайтын: Айкөркем



Жүргізуші: Ананың ойы балада,

Баланың ойы далада, - дей келе, құрметті бүгінгі қуаныш иелері, аналарды ортаға шақырамыз. Үлі анаға берілетін тапсырма: көздеріңіз байлаулы күйде бір топ бала ішінен өз балаларыңызды табу керек.

Жүргізуші: Аналарымызға рахмет айтайық... Балалар «Қыз өне – елдің көркі» деп, халқымыз тегін айтпаған. Расында да, қараңдаршы-біздің қыздар қаңдай әдемі, сүйкімді! Ұлдарымыз да нағыз жігіттер. Олар қыздарымызға өз сыйлықтарын әзірлеген екен.



Мағжан: Біз қыздарды тыңдаймыз,

Итеріп қумаймыз.

Бұрымынан тартқылап,

Біз тентектік қылмаймыз!



Рахман: Қыздар айтса ұғамыз,

Жолды беріп турамыз.

Бақшаға олар келгенде,

Алдарынан шығамыз.



Ерасыл: Тату –тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сүйеміз.

Әрқашан да оларға.

Басымызды иеміз.



«Қаракөз менің туысым» әні. Орындайтын: Ернар

«Біз өмірдің гүліміз» әні.

Балалар аналарға дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.

Ата аналарға сөз беріледі.

Жүргізуші: Міне, құрметті абзал жанды аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізден саулық, езулеріңізден күлкі кетпесін. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-508435
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>