Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Әліппеге мың алғыс!"

Ертеңгілік "Әліппеге мың алғыс!"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Әліппеге мың алғыс!


Мақсаты:     Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр

оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд.


Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар.

Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер.

Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың, – дей отыра, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Жумаканова Райгуль Ешенгазиновнаға беріледі.
Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 

Хан:
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің

Тазша (5- сынып)
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 « » сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
О:Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
Маржан: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
Алишер:Кешегі сәби балаңыз, 
Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
  Енді қайық саламыз. 
Диана :
Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз

Диана:Балалар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.


Омарали: Қ        Астанам, ұлы, Астанам
                                 Ұлылыққа бастаған!
                                 Мақтан тұтар өзіңді,
                                 Кіп-кішкентай жас балаң


Малика А А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын , буындарды қосып енді.

Құралай З   Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                               Замандар бар, заңдар бар
                               З-да барлық заңдылық
                               Заңда з мен заң болар!
 Алтынай:       А                 Ана тілің арың бұл  
                                                          Ұятың боп тұр бетте
                                                           Өзге тілдің бәрін біл
                                                           Өз тіліңді құрметте!

Елдос:     «Қ»:                      Қарағанды көмірі
                                                          Қостанайдың егіні.
                                                          Даласындай жомарт қой


                                                          Қазағымның көңілі.
Сабина:               «С                  Семей деген қалам бар
                                                     Туған мұнда атақты
                                                     Абай, Мұхтар, бабалар


Ерасыл:   «Т»:                                Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                                            Ең ежелгі астана
                                                           Қасиетті Түркістан


Жанель      «А» Асана – Астанам

Астана бас қалам

Ардақтап атыңды

Аузымнан тастаман


Нұрдаулет «Н» Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы


МҰҒАЛІМ: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?


1.Тәуелсіз мемлекетпіз

2.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы

3.Мемлекеттік туымыз,Әнұран, елтаңбамыз

4.Бас қаламыз – Астана

5.Көп ұлттымыз

6.Кең байтақ жеріміз бар.


Сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше Балдырғандар әнін шырқайық.


Балдырғандар ( хор).


Мұғалім:
Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі. 
Мұғалім: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.


1-тапсырма Математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік.


2-тапсыпма. Дүниетану пәнінен болады. «Бұлт»ойыны
№1                                 Жыл мезгілдерін ата
№2                                 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3                                 Сезім мүшелерін ата
№4                                 Айналадағы дүниеде неше тұс бар? Соларды ата


3-тасырма . Ағылшын тілінен не білесіңдер.

Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар, біз ақылды, білімді екенімізді көрсетіп барлық тапсырмаларды орындадық.Ендеше қошеметпен Әліппені қарсы алайық!

Әліппе ортаға шығады: 

 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың,
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 
 


Далида: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.


Асқар:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі


Диана: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.


Ән «Әліппе»  Аружан, Омарали.


Заңғар А: Іші толған әріпке
Мынау – әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің 
Әжесі – осы Әліппе!


Әліппе: Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-    Қош болыңдар, балалар! 


Мұғалім:: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті.

Мұғалім:Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.


Аружан К: Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!



Аружан Б: -Әліппе оқуға, 
 Үйреткен әр күні 
 -Үйретіп санауды, 
 Көп еңбек сіңірген 
 Мұғалім ғой ол біздің! 
Тамирлан: Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
 Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
 Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
 Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
Маржан: Әліппе даңғыл жол ашты, 
 Жаңадан пәндер жалғасты. 
 Әліппе сырын ұқтырған 
 Барлығы хормен: 
 -
Рахмет, ұстаз алғашқы! 


Ән «Бақытты балалық» 


Мұғалім: 
 -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
 -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 


Ән: « Ақ мамам »


Мұғалім: Біздің оқушылар айтыстан да кенде емес

Заңғар : Ал,халайық,халайық

Мұнда назар салайық

Қайсы күйші ,кім биші,

Талабына қарайық.

Кім зерек,кім тапқыр,

Таланттарын табайық.

«Айтыскерлерді қарсы алайық

Бәріміз қол соғайық.

Ұлдар мен қыздар айтысын қабыл



Айтыс:


Омарали

Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыңдар жанкүйер,әз

қауымдас!

Бүгінгі той айтысын біз бастайық!

Айтысқа көңіл қойып,қол соғайық!





Күміс құман –ай

Отта тұрған-ай

Бүгінгі той халайық

Құтты болсын-ай.


Ұл

Жаза алмаушы ең атыңды

Оқи алмай мәтінді

Әріптерді бітіріп,

Болдың ба енді ақылды?


Ұл

Құрбым неге күлесің?

Өзің нені білесің?

100ге дейін қайталап,

Санай алмай жүруші ең





Айханым

Мақтандың ғой жігітім,

Айта ғойшы білгішім,

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едің әріпте

Үйрендің бе тәртіпке?


Гүлге қонар көбелек

Күн жауады-ай себелеп

Өсіп ақыл ойларың

Құтты болсын тойларың-ай!








Қыз

Бәтеңкеңнің бауында

Байлай алмай журуші ең

Үйрендің бе жейдеңді

Теріс қарай киюші ең?








Қыз

Ал,жігітім ендеше,

Әліппеден бастайын

Ортаға ой тастайын

Ата,апа сөздері

Қай әріптен басталған?




Айтайын сұрағыңа анық жауап, Қоштасайық халық пен

Жүрейік әріптерді жырға балап, Ақындарын пір тұтқан

А-дегенім ана ғой ол ардақты Тоқтатпасақ айтысты

А-дегенім ата ғой ол салмақты Сөз қалған ба ақыннан


Би: Марш


Ханшайым:

-Әке маған ұнады мен енді мектепке барып, білім аламын.

Хан:

-Балалар сендерге рахмет.сендер өте өнерлі,білімді балалар екенсіңдер.Сенденрдің арқаларыңда менің қызым мектепке барып білім алатын болды.

Тазша бала

-Тақсыр енді елімізге қайтайық.Рахмет сендерге балалар.Сау болыңдар.


Мұғалім:Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Ән « Ертегілер »

\

Мұғлім:

-Балалар тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер.Білімді, өнерлі, тәрбиелі болу үшін ант қабылдайық.

Ант қабылдау 
Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, 
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға
 Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
.


Ата-ана тілегі.

Уақыттарыңызды бөліп, қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рахмет!
– Қош сау болыңыздар







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров82
Номер материала ДВ-310327
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх