Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЕртеңгілік "Әліппемен қоштасу "

Ертеңгілік "Әліппемен қоштасу "

Скачать материал

 

Тақырыбы:  «Әліппе-білім анасы!

Мақсаты: Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе» оқулықтарының макеті,  ертегі кейіпкерлерінің макеттері,музыкалар,
Өтетін орны: 
мәжіліс залы
Өту барысы: фонфар қосылады,
Әліппе мен Ана тілі «Әліппе» әніне билеп шығады.

(Екеуі айтысып тұрады «Ең жақын оқушыларға мен боламын» деп...Сол кезде мұғалім келеді.

Екеуіне басу айтып өз сыныбының мерекелік кешіне алып келеді.)
Көз салып қараңызшы бойымызға 
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға 
Қош келіпсіз ұстаздар,  ата-аналар 
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі  1 «А»  сынып оқушыларының әзірлеген «Әліппе -білім анасы!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Әліппені бітіру,  алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге оқушылар  дайын.  Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Оқушылар шар ұстап билеп кіреді.

Би «Мектеп-кеме»

Орындарына тұрады.

Салтанат:Армысыздар мұғалімдер, әз- жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Бекжан:Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз балаңыз балғын шақты балалар

Ағзам:Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Нұрай:Біз енді өзіміз-ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

 Хор: «Алғашқы қоңырау»

Алуа:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Алихан:Үйретіп бізге алғаш Әліппені

Мұғалім білімге жол салып берді

Адамның ой арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Әдемі:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Зере:Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім

Диас:Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең.

Жұлдыз:Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Ернұр:Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Осы кезде «Әліппе» әнімен әндетіп ортаға Әліппе келеді.

Әліппе: Ой, балалар жарайсыңдар! Қандай керемет өлең, тақпақтар айттыңдар.Мен сендерге риза болып тұрмын.Ал енді менің әріптерім қандай сыр шертеді екен?!

Әріптер сыр шертеді:

(Қолдарындағы әріп жазылған шарларын әріптеріне байланысты сөздерін айта отырып Әліппеге табыстайды)

Әліппеге тарту ретінде тамаша би орындалады.

Би «Корей»

Нұрай:Үйретіп жазудың да өрнектерін,

Ойымды Әліппемен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да,

Тілін біліп ұстазды сөйлетенім.

Мирас:Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықмен.

Еркенұр:Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтынмен,

Әліппе білім бесігі.

Амина:Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық  достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Ағзам:Әліпбиді біліңдер,

Онда қалып, жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Хор: «Рахмет саған Әліппе»

Жанерке:Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым,

Әліппемен достастым.

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

Ерасыл:Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны Әліппе.

Зарина:Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы,

Дәптеріңе қонады.

Аслан:Қош бол , құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырған әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

 Аяулым:А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда дірілдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Марлен:Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет  ұстазым көзімдіі ашқан,

Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Аружан:Алфавиттың А тұрады басында

Әрқанашда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Алинұр:А деген ол-аналар ғой ардақты

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой бақытты

 Біздің  үйде үшеуі де кәделі

Хор «Оқуда озат боламын»

Би «Ұлдар тобы»

Би «Аққулар» қыздар тобы

Әліппе: Ана тілі мен сені ренжіткен сияқтымын.Сен де балаларға жақынсың.Балалар сенен де көп білім алады.Мен енді балалармен қоштасамын, енді олар білімдерін  сенімен жалғастырады.Бекжанның саған арнаған өлең жолдары бар екен соны тыңдасаө қалай қарайсың

Ана тілі: Жақсы, тыңдасақ тыңдайық.

Бекжан: Қазақ тілі-ғажап тіл

Ал біздің сендерге деген тартуымыз бар. Соны қабыл алыңдар.

Би «Ашық аспан»

Құттықтау сөз гимназия директоры Қ.Кусайноваға беріледі

Марапаттау: Оқушылар Әліппені сәтті меңгергендері үшін дипломмен марапатталады

Мұғалім:
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Әліппемен қоштасу ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 447 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 781
    • DOCX 130.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукышева Назгуль Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукышева Назгуль Кенесовна
    Мукышева Назгуль Кенесовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18117
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек