Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік Ұлыстың ұлы күні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік Ұлыстың ұлы күні

библиотека
материалов

Ұлыстың ұлы күні!

Мақсаты:Балаларды мерекелік көңіл күй сыйлау қуаныштарын үлкендермен бөлусуге жақын адамдардын қуанта білуге тәрбиелеу ұлттық салт жоралғылармен таныстыраи отырып мәнін терең түсіне білуге, ұлттық тағамдарды ойындарды насихаттау арқылы өз елін өз елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,наурыз мерекесіне арналған суреттер,ұлттық тағамдар, ою-өрнектер мен шарлар.

Барысы: музыка ойналады.

Мұғалім:Қымбатты ата-аналар мен ұстаздар! Біздің жас балдырғандарымыз!

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Табалдырығымызды аттап келе жатқан мешін жылы құтты болсын. Баршаңызға береке мен бірлык, тек табыстар мен мол қуаныштар тілшеймін.

Шаттық шеңбері: Гүлдей жайнайық,

Жақсылық ойлайық.

Бәріміз мәз болып,

Наурыз тойын тойлайық.

Мұғалім: Бәйшешектей қар астынан табылған,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Бәрі: Наурыз,Наурыз,Наурыз!

Мұғалім: Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Бәрі: Наурыз,Наурыз,Наурыз!

Мұғалім: Ағарғаны көл суындай молайып,

Берекелі құт әкелген бұл қай кез?

Бәрі: Наурыз,Наурыз,Наурыз!

Ән-шашу:Наурыз.

-Балаларымыздың жылы лебіздерін тыңдайық.

1-оқушы:

Көктем келді, наурыз келді,

жер көгерді,ел көгерді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан.

2-оқушы:

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

3-оқушы:

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып,

Аққа аузым толады,

Бар жақсылық болады.

4-оқушы:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

5-оқушы:

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық, тұрыңдар!

Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа күн -Наурызды қарсы алайық.(Ұлттық киім киген жеңгелер шашу шашады.)

1-жеңгей:

Қашанда құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу-салты елімнің,

Уа, Халайық, теріп ал шашуыңды,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

2-жеңгей:

Шашу!Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр

Уа,жамағат, жинап ал несібіңді,

Ризалығың болсын көл-көсір.

Наурыз бейнесінде қыз бала шығады:

Наурыз:

Айналайын балалар!

Жұртым менің аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға!

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу ықты,

Гүл жайнаған көктемде,

Қайта оралдым өлкеме.

Мұғалім: Қош келіпсің Наурыз!

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

"Бейбітшілік тойы" деп қол соғады барша жұрт.

Қонақтар қол соғады. Наурыз оларға бас иіп ізет білдіреді.

Оқушы:Шаттығымыз-жырымыз,

Жаңа Наурыз-жылымыз.

Ақ тілеумен осындай үйге бақ боп кіріңіз!

Наурыз ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

Ән: Қош келдің, Наурыз!

Ортаға күн мен түн шығады:

Күн:

Сәулесі көп күнмін.

Түн:

Жұлдызы көп түнмін.

Күн мен түн:

Бірдей болып біздер,

Теңелерміз бүгін.

Күн:

Күнде ұзарам мен енді.

Түн:

Ал, мен енді қысқарам.

Екеуі:

Гүл мен жерді жайнатып,

Гүлден,Наурыз сен енді.

Наурыз:

Жайнатамын гүл-гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Келіп көктем құсатры,

Бау-бақшада ән салды.

Хормен:

Жылдың басы -Наурыз!

Жырдың басы-Наурыз !

Наурызға арналсын бүгінгі ән -жырымыз.

Би: Көкпар.

Ата-аналарға арналған ойын "Сиқырлы қоржын"

Асық алу арқылы сұраққа жауап беру.

1.Наурыз көжеден ауыс тию қандай ұғымды білдіреді?

2.Қазақ қыздарына ұзатылған бас киімі қалай аталады?

3.Наурыз көжеге қыстың тағамын қосу қандай ұғымды білдіреді?

4.Адамдарға бақ,дәулет қондыратын ақсақал кейіпіндегі қиял-ғажайып бейнені ата?

5.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам кім?

6.Қойдың жүнінен басылытын затты ата?

7.Езілген құрртың майда түйіршіктері не?

8.Бетінде оюлары бар киіз үй жабдығы?

9.Сүйекті пайдаланып ойналатын қандай ойын?

10.Тобылғы жарған деп қай кезді айтады?

11.Үш байлықты ата?

12.Ат тергеу дегеніміз не?

Оқушы:

Арпа бидай бастаған,

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже ежелден,

Бұл тойдағы бас тағам.

(Балалар наурыз көженің жасалу жолдарын айтып көрсетеді)

Оқушы:

Әжем Наурыз көжеге,

Жеті түрлі дәм салды.

Бидай,күріш тары бар,

Көже елдің ырзығы.

Би:Домбыра

Мұғалім: Құрметті қонақтар сіздерді Наурыз мерекесіне арналған дастархан басына шақырамыз.

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров75
Номер материала ДБ-039994
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх