Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Өлкемізге күз келді"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік "Өлкемізге күз келді"

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ











Еркетай тобы

ТАҚЫРЫБЫ: «Өлкемізге күз келді»









Тәрбиеші: Қаликешова А.Т.




Өскемен қаласы, 2014-2015ж


Күні:

Тақырыбы: «Өлкемізге күз келді»

Көрнекіліктері: Безендірілген бөлме, жапырақтар

Балалардың қолдарында жапырақтар, 2 рет айналып «Жапырақтар» биін билейді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі «Өлкемізге күз келді»

Атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Сұрақ-жауап

  1. Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Күз

  1. Күзде ауа райы қалай болады?

Суытады, жаңбыр көп жауады, құстар жылы жаққа ұшады.

  1. Жапырақтардың түсі қандай болады?

Сары, қызыл.

Өте дұрыс балалар.

Ән: Күз/хормен, қолдарында жапырақ. Орындарынан тұрады.

Бұлттар аспанды торлайды

Даламызға күз келді

Жапырақ,жапырақ

Сары ала жапырақ

Сары кілемдей жайылған

Аяғымызға жұмсақ

Алақай алақай

Елімізге күз келді

Тақпақтар: Альтайыр

Күз. А.Құнанбаев

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмейме тоңғаны ма тойғаны ма

Жылы ойнап , бие қашқан тай жарысқан.

Балалар бүгінгі күз мерекемізге күз ханшайымы келді. Қарсы алайық. Әуенмен күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Амансыңдарма балалар, амансыздарма қонақтар.

Таңертең мен орманда жүрсем құстар маған «Азамат» балабақшасының балалары мені қонаққа келеді деп күтіп отыр деп жеткізды балалар барлықтарың қандай әдемі болып отырсыңдар, маған өте ұнады.

Жүргізуші: Қош келдің күз ханшайымы. Төрге шық. Біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Тақпақ: Айгерім,

Тал шыбығы бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып

Бақнұр,

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атанам

Назерке

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Айару С

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Муслима

Иісім жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жеп көргенде тамсанған

Балдай тәтті қауынмын

Алдияр

Картоп-біздің атамыз

Жер астында жатамыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

Жүргізуші: отанымыздың байлығы, егістік нанымыз, жеміс-жидегіміз, нан болса ән болады дегендей Отан жайлы әнімізді айтып берейік.

Ән: Отан

Отаным тірегім

Отаным жүрегім

Отаным жігерім

Отаным кеудемде жүр менің.

Мысық: дауысы залға естіледі, залға кіреді, балаларды айналып, ойнап, еркелеп. Қалдарың қалай балалар мен сендерді алтын күз мерекелеріңмен құттықтаймын. Дендерің сау болсын, әрқашан күліп жүріңдер, Қазақстанның үлкен азаматы болыңдар.

Жүргізуші: Рахмет сізге. Біз сізге арнап бір әнімізді орындап берейік

Ән: Мысық

Тікірейіп құлағы

Меннен бұрын тұрады,

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады

Мияу-мияу-мияу

Қасымнан бір қалмайды

Көзін қысып алдайды

Ойнатсамда күнімен

Ойыны бір қанбайды

Мияу-мияу-мияу

Алина Р

Сырты қандай қатты

Дәні сондай тәтті

Шағып қара таңдап

Оның аты-ЖАҢҒАҚ

Нұрали

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты-ӨРІК

Аңсар

Іші толған шәрбат

Дәмі сондай әйбәт

Үзесің бірден жүзін

Оның аты-ЖҮЗІМ

Данель

Птички улетели,

Стали дни короче

Солнышка не видно

Темны, темны ночи



Осы кезде көңілді әнмен Қоян кіріп келеді. Секіріп билейді. Сәлеметсіңдерме балалар. Сәлеметсіңдерме қонақтар. Иіліп сәлем береді. Бүгінгі мерекелерің құтты болсын, аспандарың ашық, денсаулықтарың мықты болсын.

Жүргізуші: Рахмет Қоян. Сіз бізбен ойын ойнауға қалай қарайсыз?

Қоян: Алақай мен ойын ойнағанды сондай жақсы көремін.

Ойын: Үлкен алма 2 рет ойналады

Тақпақ қоян. Алижан

Қоян: Балалар мен сендерге құр қол келмедім. Менің сендерге аздаған сыйлығым бар. Сыйлық таратылады.

Жүргізуші: Рахмет қоян. Біздің топтың атынан сыйлығымызды қабыл ал. Сыйлық сәбіз. Балалар ұсынады

Қоян: рахмет балалар.

Жүргізуші: Балалар сендерген ертеңгілігіміз ұнады ма? осымен біздің күз мерексіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров202
Номер материала ДВ-469060
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх