Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Ертеңгілік "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Скачать материал

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін

арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға бейімдеу.

(музыка ойнап тұрады, ортаға  балалар  шығады)

Жүргізуші:

Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұжымдастар! Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер. Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.
Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

 Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін ортаға балабақша меңгерушісі Майра Заманбекқызына құттықтау сөзі  беріледі.

Хор: «Жаңа жыл»

   (Музыка ырғағымен тауық жылы ортаға шығады.)

 Қош келдіңіз Тауық жылы, сіздің жылыңыз да биылғы құтты болды. Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңа ризасың ба?

Тауық жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды.

Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де билерде күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Шырша тойына балалар өз өнерлерін ала келіпті.

Балалар жаңа жылдық тақпақтар айтады.

Ақару:

Жаңа жыл Жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Дарын:

Жасыл шырша жанында,

Айнала ойнап ән саламыз.

Өзіміздің бақшада,

Жаңа жылды қарсы аламыз.

Инабат:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Бекзат

Жаңа жылды қарсы алдым   

 Мініп алдым күймеге 

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де

 

Тауық  жылы:Ой балалар менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды. Сендермен қоштасатын кез келді. Сау болыңыздар. Тауық жылы қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:Балалар ендеше жаңа жылдың көркі Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

 Балалар: Аяз ата келіңіз, Ақшақар келіңіз!

Жүргізуші:

Әлде қарлы боранды ,

Тау басынан түсті ме ?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.

 Мұздан моншақ тағынып ,

Күміс алқа малынып,

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып!

Аяз ата:

 Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тара
тсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Жүргізуші:

Сәлеметсіз бе, Аяз ата!Аяз ата сіз бізге жету үшін мыңдаған шақырым жүріп келдініз. Шаршаған боларсыз.Біздің балалардың өнерін тамашалап, бір тынығып қалыңыз.

Айзере:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақжол:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Райана:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Мұқағали:

Аяз ата келді,

Бізге сәлем берді.

Бір қолында мармелад,

Бір қолында шоколад.

Би: « Ақ ұлпа»

(Есік қағылып Жаңа жыл Ит кіреді)

Жүргізуші:Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып

Жүздерінен қуаныш нұрын төккен

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен

Айналайын балалар қарсы алыңдар

Жаңа жылды асыға көптен күткен!

Ит жылы:

Армысыздар балалар,

Бармысыздар халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай ,

Келіңдер қарсы алайық.

Жақсылыққа бағыт алған,

Итпін  мен Жаңа жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл .

Жаңа жылдың мерекесін,

Мерекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бақыт жолды қолдаймын.

Жүргізуші: - Қонысыңыз құтты болсын,Ит жылы!

 Ән: «Ақшақар»

Ақнұр,Гүлсезім,Айтолқын,Сымбат.

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық Аяз атаға арнаған тақпақтарымызды айтайық!

Ақнұр:

Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап

Мансұр:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Нұрсая:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Сырым:

Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Ойын: «жарық шам»

Жүргізуші: 

Қасымда бар Ақшақар

Ол да ренжіп қалмасын

Бүлдіршіндер балалар

Би билеп, бірге ойнасын

Би: «Жұлдызша»

Айтолқын:

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

Айбол:

Дала нұр, қала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Наргиза:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Аяулым:

Тамаша,тамаша,

Қандай қызық тамаша.

Аяз ата ортада,

Би билейді балаша.

Би: «Бабаяга»

Хор:  «Шырша әні»

Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер

сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!

 Аяз ата  әкелген сыйлықтарды балаларға үлестіреді.

Балалар: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Адам баласы жаңа жылда көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады.Сіздерге жаңа жылда мықты денсаулық, мол бақыт,таусылмайтын күш қуат тілейміз.Өткен жылға риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық.Жаңа жылда елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік.

 

 

 

 

 




 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Қош келдің, Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2018 651
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Үйсінбаева Марал Ибаділдақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Үйсінбаева Марал Ибаділдақызы
    Үйсінбаева Марал Ибаділдақызы
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10041
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Реализация комплексной программы «Радуга» с учетом требований ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 821 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе