Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ертеңгілік "Отанды мен сүйемін"

Ертеңгілік "Отанды мен сүйемін"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Патриоттық сезімін ояту.  Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы,слайд .

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлен, би, сергіту.

Шаттық шеңбер:

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер-ана!

Амансын ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

-Арайлаған танды сүйетін кім?

-Мен.

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен.

- Жарқын даланы сүйетін кім?

- Мен.

- Туған жерді сүйетін кім?

- Мен.

- Ата-ананы сүйетін кім?

- Мен.

- Досын сүйетін кім?

- Мен.

- Еліміздің болашағы кімдер?

- Біздер.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Астана.

- Елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?

Сауле:       Қатар шапқан қос тұлпар,

                     Ай үстінде қазақ үй.

                     Қалықтаған жас сұнқар.

                     Шарықтаған таза күй.

                      Бұл танбасы елімнің,

                      Елдігімнің белгісі.

 

Жания:           Отан туы желбіреп,

                       Көз тартады құбыла.

                       Біз қараймыз елжіреп,

                       Туған жердің туына.

 

Нұрбақыт:            Әнұраным-жан ұраным,

                        Айтар әнім,сөйлер сөзім.

                        Туған жерім сағынарым,

                        Мәңгі-бақи шырқалады,

                        Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

                  Cергіту сәті: 

Көтеріліп шанырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

   Cуреттер көрсету.

Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты тақырыптық сабақты аяқтау.

 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДВ-353321
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх