Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік: "Жыл басы -Наурыз"

Ертеңгілік сахналау "Жыл басы -Наурыз"

Скачать материал

Тақырыбы: «Жыл басы- Наурыз»


Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
Музыка ойналады –(Наурыз қыз, бір топ қыздарымен келеді)
Наурыз: Мен «Наурыз –қызбын»
Қыздарымда қасымда
.
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға.
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!
Тыңдаңыздар, енді халқым
Жыл иесі қойды!- деп қолымен көрсетеді, осы кезде музыка ойналады.Есік жақтан қой кіреді:

Қой: Мен қой жылы боламын
Жалғаймын ұлу жылды
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп
«Балапан» тобының қонағымын
Жүргізуші: Қош келдің, қой жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
Бейбіт жылы боп кір, төрге шық,
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.
Би: «Қарлығаш биі»
Қой:
Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Әділ: Салтымен ата –бабамның,
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Аяулым: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Бағдәулет: Осыншама жақсылық,
Алып келген наурызым.
Төрлет, бізге нұр беріп,
Шуақ шашып, ақ жүзің.
Аружан: Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Жүргізуші: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз Қыдыр ата!
Қыдыр ата: Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке байлық –дәм тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ән айтып, би билеген. Олай болса мен балалардың әнін тыңдағым келіп тұр. Кәне, балалар қонақтарға арнаған әндеріңді айтып беріңдерші.
Ән: «Наурызым армысың»
Наурыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
Қой:- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Асық ату» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.

Наурыз бен қой: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер. Сендердің өнерлеріңді көріп біз тәнті болдық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ақ мол болсын. Біздің қайтатын уақытымыз болды. Сендерге рахмет. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Рамал: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Темірлан: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың
Жансезім: Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса
Даулет: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Әже: Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
Жүргізуші:Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдер ме?

Шахмырза: Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Аяулым: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Досжан: Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!Отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.
Жүргізуші: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
Ұлдарымыздың
«Жігіттер» биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Дәміңізге рақмет! Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.
Әже: Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші: Ала жіпті алайын,
Әжеңе алып барайын.
Ер жетті деп айтайын,
Шашуын жеп қайтайын.
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз бол ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады. Қадамың құтты болсын! Қыдыр ата менің шөбереме бата беріңіз.

Қыдыр ата: Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол,
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады. Шөберемнің тұсау кесеріне сақтағаным бар еді, соны қабыл алыңыздар. Орамал тон болмайды, жол болады.
Осы кезде сүйінші деп екі бала жүгіріп келеді:
1 бала: Әже, сүйінші ақ сиыр бұзаулады. Аппақ, әдемі бұзауы бар.
Әжесі:Төлің көбейсін, пейілің кеңейсін!
2 бала: Апа, біздің қара қой егіз қозы туды.

Жүргізуші: Міне, көрдіңіздер ме, құтты қонақ келсе қой егіз табады дейді. Қуаныштарыңыз құтты болсын.

Наурыз тойы құтты болсын,
Ел ырысы құтқа толсын.
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Бұзылмай ел тыныштығы
Бақыт құсы баққа қонсын!- дей келе «Жыл басы Наурыз» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рақмет!















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік: "Жыл басы -Наурыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 915
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еримбетова Малика Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60722
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек