Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Видеоуроки / Ертеңгілік: " Құтты болсын, жаңа жыл! "

Ертеңгілік: " Құтты болсын, жаңа жыл! "

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: « Құтты болсын, жаңа жыл! »

Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық.

Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі.

Жасыл шырша жанында (балалар,жылқы залға кіреді)

Барлық достар жиналды

Кәне балақай, байқашы

Мән беріп қарашы.

Достардың барлығы

Үлгердіме санашы.

Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Күлмағанбетова Айткүл Жеңісқызына береміз.


Олай болса бәріміз «Шырша» әнін орындайық.Балалар өз орындарына отырады.

-Музыканың сүйемелдеуімен залға Мыстан кемпір кіреді.

Мыстан кемпір: Барлықтарыңа сәлем! Мені таныған шығарсыңдар? Мен мыстан кемпірмін. Әлемдегі ең сұлу, ең көрікті мен болам.Осы жаңа жыл мерекесіне арнайы көйлек тіктірдім. (айналып, көйлегін көрсетеді). Бүгін менің көңіл күйім өте керемет.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, мыстан кемпір? Шыныменде бүгін өте ерекшесіз. Біздің жаңа жылдық мерекеге қош келдіңіз. Бүгін ешқандай зұлымдық ойлап келмеген шығарсыз?

Мыстан кемпір: Жоқ, тіпті балаларға арнаған сыйлықтарым бар (сөмкесінің ішінен кір ыдыс, жыртық киімді қуыршақ көрсетеді). Бұл сыйлыққа таласпай, өздерің бөліп аларсыңдар. Тек таласпаңдар, бәріңе жетеді. (қолындағы айнасына үңіліп, боянады).

Айнам, айнам, маған айтшы

Әлемдегі ең сұлу, ең көрікті кім?

Айна: (дауыс қана шығады) Ақшақар.


Мыстан кемпір: күліп. Сен қателесіп тұрған шығарсың. Балалар айтыңдаршы ең әдемі мен емес пе?

Айнам, айнам, маған айтшы

Әлемдегі ең сұлу, ең көрікті кім?

Айна: (дауыс қана шығады) Ақшақар.

Мыстан кемпір: ашуланып. ЖОООҚ! Мен әдемі мен. Ашуланып сыпырғышына отырып кетіп қалады.

Жүргізуші: Ой, мыстан кемпір-ай, сол баяғы әдетіне қайта басты. Балалар мерекені әрі қарай жалғастырайық.

Жүргізуші: Ал қазір біз отырайық.

Шыршамызға бір қарайық.

Жаңа жылдық шыршада

Болды қызықты таңғажайып

Қазір біз сіздерге

Ертегімізді бастаймыз.

-Музыка әуенімен ішке Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мені таныдыңдарма? Мен ақшақармын. Бәрің мерекеге жиналып қалыпсыңдар. Шыршаларың да, өздеріңде сондай әдемісіңдер? Мерекеге дайынсыңдарма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ақшақар. Әрине біздің балалар өзіңізге арнап би билегісі келіп тұр.

Би: Ақшақар.

Ақшақар: Балалар рахмет сендерге. Енді ортамызға Аяз атамызды шақырмаймыз ба?

Балалар: Аяз ата, аяз ата!

Аяз ата: келдім келдім! Амансыңдарма балалар!

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерді

Сағынып келді алыстан!

Сендерді әрдайым есіме алып жүремін. Барлықтарыңа сыйлығым бар.

(қоян жүгіріп келіп жылайды).

Аяз ата: Қарай гөр, сыйлық туралы айтып едім қоян жүгіріп келді.

(қоян жылап тұрады)

Аяз ата: Қоян сен неге жылап тұрсың?

Қоян: қу түлкі менің үйімді алып қойды, мені өз үйімнен қуып жіберді.

Түлкі: (қоянның үйінен шығады.)

Мен сұлу түлкімін

Жай өтпес бір күнім,

Тартып алып бір үйді.

Жалғыз тұрам ендігі.

Аяз ата: Түлкі сенің мұның жарамас. Қоянның үйшігін өзіне қайтар.

Түлкі: Егер мына отқан балалар маған тақпақ айтса үйін өзіне беремін.

Балалар: тақпақ

Бекасыл:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Асылжан:

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Түлкі: Ой рахмет. Маған қатты ұнады.Қоян кел екеуміз дос болайық. Үйшігіңді қайтарам. Екеуміз балаларға ойын ойнатайық.

Ойын: Қар жинау.

Ақшақар: Аяз ата мерекеміз көңілді өтіп жатыр. Ал шыршамыз болса әлі шамдары жанбаған.

Аяз ата: оны қазір жөндейміз!

Шырша жарқыра, шырша жарқыра!

Жүргізуші: Аяз ата, сіз отырып демала тұрыңыз. Шаршап қаларсыз. Біздің балалар сізге тақпақтарын айтып берсін.

Балалар: Тақпақ.

Нұрбақыт:

Ақ қырауға малынған

Сақалыда мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Данара:

Жыл осылай келеді.

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Сұлтанбек:

Қала нұр, дала нұр.

Құтты болсын жаңа жыл.


Жания:

Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келеді.

Ақ көңілмен пәк көңілмен

Бізге сәлем береді.

Нұрай.

Аяз ата келді

Сыйлық әкеп берді.

Қуанайық секіріп.

Би билейік енді.

Камила:

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр,

Өлең айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

Гүлімай:

Қуантып елді.

Жаңа жыл келді.

Аяз ата: Ай, жарайсыңдар балалар.

Жылқы:Балалар енді сендер менімен ойын ойнаңдар! Бәріміз менің қасыма жиналайық.

Ойын: шыршаны сәндеу.

(Музыка әуенімен қой келеді)

Қой. Мә – мә – мә! Сәлем балалар. Мен қоймын. Яғни биыл 2015 жыл қой жылы. Сендерге беретін қасиетім көөп. Олай болса балалар, достар бәріміз бірге өлең айтып , би билейік.

Ән: Шырша жыры.

Жүргізуші:Балалар біздің аяз атаны басқа балалар күтіп отыр екен. Ақшақар екеуін ортаға алып би билейік.

Би: «Дед мороз»

Аяз ата: рахмет балалар. Бізге ұнадыңдар, ал біз ақшақар,жылқы үшеуміз қайтайық. Сендерге сыйлығымызды тастап кетеміз. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері.

Шарпымасын жүректердің мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары.

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрсілі.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Осымен біздің «Жаңа жылым, қош келдің!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Видеоуроки
Просмотров77
Номер материала ДВ-319730
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх