Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік Қуант бізді, Жаңа жыл! Орта топ.

Ертеңгілік Қуант бізді, Жаңа жыл! Орта топ.


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қуант бізді, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші: Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер

Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін.
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әр біріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.
Мерекелік әуен «В лесу родилась елочка» ойналып балалар кіреді.

Ортаға бір бала шығып Шырша тойына балалар өз өнерлерін ала келіпті.
Балалар жаңа жылдық тақпақтар айтады.
Махамбет Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине .

Әкемізді ,анамызды,

Қонақтардың бәрінде.

Шыршаны айналып,

Би билейміз ән салып.

Жаңа жыл өзіңді

Жырменен қарсы алып.


Аселхан 1-бала Жаңа жылда жол болсын!

Алмас 2- бала Әр бір үйде той болсын!

Шұғыла 3-бала Берекелі жыл болсын!

Жанарыс 4-бала Ақ дастархан мол болсын!

Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын.

Ақзер:Тамаша ,тамаша шыршымыз тұр жараса

Басында әссем жұлдызы көз тоймайды қараса.

Ойыншықты мұншама , кім ілді екен шыршаға?

Алақай,айнала түрленді ,балақай би биле тұрма енді.

Әсель : Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарық қып

Шыршамызға шам іліп.

Мирас: Даланың да, қаланың

Думандатты отбасы

Тағы міне жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата –әже, әке-әже,

Құтты болсын жаңа жыл!

Исажан . Қыс келгенде далама

Қызығып мен тұрамын

Ат жегіп ап шанаға

Аппақ қармен зулаймын

Сізде қош келдіңіз Қой жылы, сіздің жылыңыз да биылғы құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңа ризасың ба?
Қой жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды.
Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де билерде күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін.

Жігер : Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл ,жаңа жыл.


Жанель: Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Барлық бала билеп жүр.

Перизат: Қыс келді,қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды

Мустафа: Қыстың күні көңілді

көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

сырғанақты тебеміз

Мерейлім:Шанамызға мінеміз

Мәз майрам боп күлеміз жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз,қорықпаймыз аяздан

Шымшысада бетімді.аппақ қарды кешеміз. Киіп алып етікті

Алихан: Аяз қысып өрнек сызып терезені торлайды

Қарға омбығып бет домбығып балдырғандар ойнайды

Кейде ысқырып,кейде ұлып ұйтқып боран соғады

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі.
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз. (Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қоян секіреді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қоян, сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе?
Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.
Жүргізуші: Енді, не істейміз?
Сиқыршы: Қазір мен барлық балаларды орман жануарларына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды жануарларға айналдырып жібереді).

Жүргізуші: Қане, жануарлар, бірігіп билеңдер кебісті табыңдар «Ертегілер биі».
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.
Жүргізуші: Мен білемін біздерге Аққала көмектеседі.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Исажан: Мен көңілді Аққаламын.
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Мықты денсаулықпенен.
Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздерге көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір би тамашалап алайық.
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар,
Сиқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр,
Терезесін қағайын.
Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады).
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер.

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.
Ақшақар: Мен билегенді ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым.
Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.
Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген биі бар, бірге билеңіз.
«Ақшақарлар биі»
Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық.
Ән: «Жаңарайық жаңа жылда»
Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?
Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен?

Үйге қайтатын болды. (Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады).
Ән «Ақшақар».

Балалар бақшамызға да кедік енді бәріміз аяз атаны шақырайық

Ән «Аяз ата » (Әуенмен Аяз ата шығады)

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың,

Асулармен алысқан,

Асу желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Сәлеметсіздер ме қыздар мен ұлдар.

Аяз ата: Кане, балалар, шырша шамын жағайық! Сиқырлы сөзімізді айтайық.

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Жылқы жылым қош келдің,

Береке байлық әкелсін

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

(Балалар қосылып шамын жағады.)
Жүргізуші: Мүмкін Аяз атаны би билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз.
Жансая: Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары,жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады,

мол сыйлықпен келер ол

Шырқатып ән салар ем

жылдамырақ келсе екен

бізге сыйлық берсе екен

Алмас: Көрдіңбе аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны

Тақпақтардыжаттадық

Биде үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп.

Томирис: Келіңдер , келіңдер тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан сыйлық алып көріңдер

Біздің аяз атада дорба толы кәмпит бар

Біздің балабақшада шырша толы ойыншықтар.

Кәусәр:Ақ қар жапты даланы ,

ақ жамылды айнала

Шанаменен сырғанап,

мәз болады айнала.

Әселхан : Өлеңде әзір ,ән де әзір

Ойын да әзір,бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жүзімізде күлкі ойнап қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап,шаттанамыз бәріміз.

«Мамбо» биі Жанарыс-Әдемі, Алихан-Алуа, Алмас-Тома.

Ән «Жаңа-жыл» орындайтын Әселхан

Әдемі : Не ойласаң жаңа жылда

Орындалады бәріде

Жаңа жылды сондықтан

Күтеді барлық балапан

Гүлім: аппақ, аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырау,қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Асылхан: Көрікті шыршамыз шамдары самсаған

Көңілді ортамыз,айтамыз шырқап ән.

Жұлдыз : Мұздан моншақ тағылған,күміс қырау жамылған

Ортада тұр ақша қар,көптен күтіп сағынған.

Би: «Малинки»

Алуа: Биік төбе ,көк тайғақ,шана теуіп ойнаймыз

Соқса да аяз қақ байлап ,қызыққа еш тоймаймыз

Аяздан біз қорқпаймыз

Ұлпа қарда ойнаймыз

Жанарыс:Шырқатып өлеңді

Қызыққа батамыз

Ақшақар кел енді,кел аяз атамыз

Қандай әссем шыршамыз

Ойыншықтары әдемі,бақшамызға әкеліп

Қойып кеткен кім еді.

Жамиля: Аппақ қыстың бояуы,аппақ қыстың бораны.

Ақ көрпеге оранды, ақ қар байтақ даланы

Аязды келіп қыс ,алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз, ақ қырау жабысты.

Ақторғын: бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды

Жүзімізде күкі ойнап қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап , шаттанамыз бәріміз .

Жаңа жыл:Есік қағылып Жаңа жыл Мешін кіреді.
Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып
Жүздерінен қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен
Айналайын балалар қарсы алыңдар
Жаңа жылды асыға көптен күткен.
Аяз ата: - Ой мына балалар өнерлі екен. Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен.,

Жаңа МЕШІН жылы сөйлейді
Армысыздар балалар
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық Жақсылыққа бағыт алған
Мешінмін мен Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жаңа жылдың мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бақыт жолды қолдаймын
- Қонысыңыз құтты болсын Мешін жылы
Қонарсыз төрімізге ырыс болып

Ән «Жаңа-жыл» орындайтын Әселхан

Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады).
(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
               Өнерлі ару қыздарың,
               Жарқын, жарқын жүздерің,
               Жайнап өссін, гүлдерің.
               Күнбағыстай жайқалып,
               Биіктердер өздерің.
               Ақ көрпемді жамылып,
               Мұздан алқа тағынып,
               Әр жыл сайын сендерге,
               Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!    
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыз

Жаңа жыл барлығымызға құт береке, мереке алып келсін! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.






Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров143
Номер материала ДВ-354256
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх