Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "ЖАҢА ЖЫЛ" жаңа жылға
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік "ЖАҢА ЖЫЛ" жаңа жылға

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

«Ақшұқыр мектеп – лицейі»мемлекеттік мекемесі

«Кәусар» шағын орталығы












hello_html_714707f2.jpg


Дайындаған: Түгелбаева Перизат Елубайқызы

шағын орталық тәрбиешісіі.








Ақшұқыр ауылы – 2016 жыл.


Жаңа жыл ертеңгілігі

(ересектер тобы)


Балалар залға көңілді әуен-сазбен кіріп шеңбер құрып тұрады

Жүргізуші:

Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді

Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді

Келіңіздер , келіңіздер би де билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

1-бала

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды

2-бала

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

3-бала

Өлеңді де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір бәрі де әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл , жаңа жыл

Жүргізуші: Бәріңізді орманға шақырамыз, кел дейміз

Осы кешті ғажайып ертегіге тең дейміз

1 «Жаңа жыл» Әні орындалады.

Жүргізуші:Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар неге келмей жатыр?

Кәне бәріміз бірге оларды шақырайықшы.(Балалар шақырады. Бірақ олардың орнына Базилио мысық пен Алиса түлкі келеді)

Түлкі:Ақсақ, соқыр Базилио мысықты жіберіңізші, кіргізіңдерші!

Мысық: Аязға тоңып қалдық. Бізде «Ақымақтар» елінде сондай суық.

Түлкі: Біздер кесіп, алау етіп жағып, түбінде жылынатын үлкен ағаш іздеп жүрміз.

Мысық: (Шыршаға қарап) Ой, Түлкі қарашы міне үлкен ағаш, бұтағы да көп. Жақсы отын болады.

Түлкі: Қарасаңшы, Дұл ағаш шамдармен, шарлармен сәнделген ғой.

Мысық:Саспа, біз ағашты кесіп аламыз, шамдарды, шарларды алып, сатып жібереміз.Сонда бізде көп ақша болады. Тез балта әкел кесейік!( Түлкі шырша түбінен кілт тауып алады )

Түлкі:Базилио, қара қандай қызық кілт. (қолына алып, тісіне басып көреді.)

Түлкі: Бұл кілт біз жолда көрген үйшіктің кілті емеспе екен? Есіңде ме, сол үйшіктен тәтті иіс шығып тұр еді-ау!

Мысық: Мүмкін сонда көп ақша бар шығар! Түлкі бұл шыршаны қояйық. Анау үйшікке барайықшы. Сонда жылынып, тамақтанамыз әрі баймыз.(қашып кетеді)

Жүргізуші: Ой, түлкі мен мысық неткен жаман еді. Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп келмей жатыр екен? Кәне балалар бәріміз тағы да Аяз атамен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.

(Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.)

Аяз ата.

Амансың ба, ұлдарым!

Амансыңба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Алыс-алыс жерлерден

Ормандардан, белдерден

Биік-биік таулардан

Белес асып баулардан

Сыйымызды сендерге

Ұсынуға келемін

Өнеріңді көрсетсең

Хош алып, сый беремін!

Жүргізуші:

Жаңа жыл келеді.Жаңа жыл!

Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын, жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр

Жүргізуші: -Ендеше барлығымыз жаңа жылды қарсы алайық.(Залға маймыл кіреді)

Келді, міне Жаңа жыл

Қарсы алайық, бәріміз

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз.

4-бала.

Келді жылым-бақытым

Кемелденді уақытым

Сәлем саған Жаңа жыл

Жаңа бақыт, Жаңа нұр

5-бала

Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді, міне Жаңа жыл

Татуларын арқалап.

Аяз ата: Балалар шыршаның шамдары түгел жарқырап тұрған жоқ қой? Олай болса шыршаны жағайық. Барлығымыз бірге:

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

2 «Шырша» Әні орындалады.

Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер, тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан сыйлық алып көріңдер

6-бала

Ақшақарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағылып

Аяз ата келеді, балаларды сағынып.

7-бала

Ақ сақалды, таяқты

Қалың қырау қабақты

Аяз ата біздерге

Базарлығын таратты

8-бала

Тамаша сый алып

Көңілді Аяз атадан

Шаттанып, қуанып

Шырқап ән айтамыз

Жүргізуші:Жаңа жыл қарсаңында ертегідегі сияқты таңғажайып өзгерістер кездеседі.

Ақшақар: Қараңызшы, шыршада қандай жарқыраған моншақтар көп. Сол моншақтардан шыршаның инелері жарқырайды.

Жүргізуші:

Би керемет шаттықпен

Жарасып ән күйіміз

Тамашалап көрейік

Аққарлардың биін біз

3 Би «Ақшақарлар»

Аяз ата: Жарайсыңдар, ақшақарлар бүгін сендер мені қуанттыңдар

Жүргізуші: Аяз ата сіз балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, балаларға арналған сыйлығым бар.

Жүргізуші: Аяз ата ал енді біздің сыйлығымызды қабыл алыңыз!

9-бала

Барымызды, әнімізді

Аяамадық сізден біз

Сынашы ата бәрімізді

Бәрімізде өнерліміз

10- бала

Аппақ, аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырыу қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Аппақ біздің шанамыз

Аппақ қардан ағамыз

Шырқатып ән саламыз

Біз шадыман баламыз

11-бала

Жаңа жылда арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Б ақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын , құтты болсын жаңа

Жүргізуші:Балалардың орындауында көрініс «Қоянның үйшігі!»

5 «Көрініс»

Аяз ата: Бірақ сыйлықтар кәзір өзімде емес, алыстағы ағаш үйшікте. Енді оны шақыру үшін бәріміз бірге цып-цып деуіміз керек.

Жүргізуші: Тамаша сонда үйшіктің аяғы бар ма?

Балалар: (Шақырады цып-цып, үйшік шыршаны айналып келеді, көрермендерге қарап тұрады)

Үйшік:

Ыс,Ыс, Ыс

«Сендерден болдым алыс,

Кілтті тауып тезірек.

Тереземді ашыңдар,

Балалар арналған

Сыйлықтарды шашыңдар»

Аяз ата: Ақшақар кілт қайда?

Жүргізуші: Сіз қай кілтті айтып тұрсыз?Алдында ғана шырша түбінде жатқан кілтті ме? Ендеше, ол кілтті Алиса түлкі мен Базилио мысық алып кеткен, олар тіпті біздің шыршамызды отын етіп жаққысы келді.

Аяз ата: Не деген сұмдық. Мен ендеше іздеп келейін. (Ақшақармен шығып кетеді)

12-бала

Жаңадан тақпақ аламыз жаттап

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ

Шыршаға бардың әсем ән салдық

Қуантып елді жаңа жыл келді


13-бала

Кел достар бастайық

Бастайық жыл басын

Қызықтан бос қалып

Кең бала қалмасын

Ел құрметтеп көп тосқан

Келді Аяз атамыз

Келіңдер кел достар

Қазір ән айтамыз

14-бала

Келіп қалды қараңыз

Жарық-жұрық етіп шапаны

Шашуға толы даламыз

Күміс дала үстіне

Бізде зулап барамыз

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Жүргізуші: «Ленталар» Би.

(Бір жағынан түлкі мен мысық кіреді)

Мысық: Неткен жылдам үйшіксің? Сені қуып жету мүмкін емес қой, кәне маған қарап тұршы.

Түлкі: Неге саған қарайды? Тағыда сыйлықты алдымен алғың келіп тұр ғой. Жоқ, маған алдымен, мысыққа артыңмен.

(Екеуі бір-бірімен ұрыссады)

Түлкі: Тыңда Базилио, сен үйшікті қалай ашпақсың, егерде кілт менде болса?(екеуі алыса жұлысады, мысық кілтті алып қояды, үйшікке жақындай бергенде бетіне қар тиеді)

6 Ойын «Қарласу»

Мысық: Көмектесіңдер. Мүгедекті өлтіреді. Неткен тентек еді үйшік. Көмектесіңдер.

Түлкі: Ал, сен оны балтақпен соқ. Сонда барлық сыйлықтар түсіп қалады.( Мысық соға бастайды, осы кезде Аяз ата келеді)

Аяз ата: А-а баукеспе ұрылар мындасыңдар ма? Тағыда не бүлдіріп жатырсыңдар?Кәнекей кілтті беріңдер! Балалар сыйлық күтіп отыр.

Мысық: Тағы не? Бізде сыйлық алғымыз келеді.

Аяз ата: Онда мен сендерді қатырып тастаймын. Қанекей тезірек қатырайық бұларды.

7 Ойын « Қатырайық»

Мысық пен Түлкі : Керек емес. Міне кілтіңіз. Оданда бізде балалардың өнерін тамашалайық.

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тыңдайық

15-бала

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Тілеймінмен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Папа мама, папа мама

Құтты болсын жаңа жыл

16-бала

Қош келдің жаңа жыл

Бізбенен жүр ойна

Жамылып аппақ гүл

Шыршамыз тұр жайнап

17-бала

Болсын қызық салтанат

Болсын қызық мереке

Жаңа жылмен жадырап

Келсін бақыт береке

Сағындырған баршаны

Аяз ата кел дейік

Ойын ойнап атамен

Ән айтып, би билейік

18-бала

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанады жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

8 «Аяз ата»Әні орындалады.

Аяз ата: Әйтеуір, бәрі жақсы аяқталды-ау. Ал, мен түлкімен мысыққа да сыйлық әзірлегенмін орманда ертегі шалғында. (Аяз ата үйшікті кілтпен ашып, балаларға сыйлықтар үлестіреді)

Ақшақар:

Қуаныш көп сыйлаған

Сыйлықтарды жинаған

Кеткелі тұр Ақшақар

Өздеріңді қимаған

Аяз ата:

Аппақ қар боп денеміз

Орман таумен келеміз

Біз Ақшақар екеуміз

Бір жылдан соң келеміз

(Қоштасып, залдан шығып кетеді)

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар сендерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сендерге зор денсаулық, жан ұяңызға бақыт, табысты еңбек, бақытты балалық шақ тілейміз



Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров278
Номер материала ДБ-038622
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх