Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Жауқазын-Наурыз мерекесінің белгісі"

Ертеңгілік "Жауқазын-Наурыз мерекесінің белгісі"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

«Жауқазын Наурыз мерекесінің белгісі»

(атты ересек тобына арналған ертеңгілік)

БҚО, Орал қ. 35  «Шұғыла» бөбекжайының

музыка жетекшісі: Бірмұқанбетова Анаргүл

Нариманқызы

 

Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту мақсатында халқымыздың салт- дәстүрін балалардың бойына сіңіру

 

музыка залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді.

1-бала:  Армысыңдар ағайын,

Бармысыңдар, ағайын.

Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын!

2-бала:   Наурыз келді, нұр келді

Түгел аймақ түрленді,

Наурызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

3-бала:   Басталды міне тойымыз

Ұнады әнмен ойымыз

Наурыз бақыт әкелсін

Тойға ұлассын тойымыз.

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші: — Міне, көктем келді,

Жер құлпырып көгерді.

Дала қысқы ұйқыдан оянып,

Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.

Би: «Жауқазын».

 

(Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді).

Жауқазындар: Біздің жауқазын гүліміз қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан құтқарады?

(Ортаға батырлар шығады).

 

  • Мен Ертөстікпін ең батылдымын, батырмын!

  • Мен Тазша баламын – ең айлакермін!

  • Мен Желаяқпын ең шапшаңмын!

  • Мен Саққұлақпын жердің асты-үстіндегінің бәрін естимін!

  • Мен Таусоғармын тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!

Бәрі бірге: Біз жігіттер ең тапқырмыз!

(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады).

Ертөстік: Әрқайсымыздың өз басымыз бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба?

Батырлар: — Ия, дайынбыз!!!

Ертөстік: Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер.

Батырлар: — Аттанайық!!!

Жүргізуші: — Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты.

  • Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге жеткенше, біздер көңілімізді       көтеріп ән салайық, Наурызға арнап, жыр арнайық.

 

 

4-бала: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан-дала қарлы шың.

                        5-бала: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің

Береке-ырыс сыйлашы.

6-бала: Армысың, Наурыз!

Қуаныш боп кір, төрлет!

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.

 

(Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады)

Тазша бала: — О,Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз?

Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын… Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді.

Батырлар: — Рахмет, әже!! Біз аттанайық!

(Залды бір айналып шығып кетеді).

 

Жүргізуші: — Салт-дәстүрімізді сақтаған,

Қазағымнан айналдым.

Батырларымызға сәт-сапар деп,

«Домбыра» ойынын бастадым.

Ойын «Домбыра».

 

Жүргізуші: — Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатырған ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайды

.

Мыстан: — Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?

Саққұлақ: — Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті!

Мыстан: — Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, әрі өткізбеймін. Қара дауыл менің досым ғой. Мен неге сендерге болысу керекпін? Ал егерде… сендер менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, сонда ғана мүмкін ойланып қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі, оның жауабын ешкім таба алмаған.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-046758

Похожие материалы