Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Жолың болсын балдырған ! "

Ертеңгілік "Жолың болсын балдырған ! "

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Жолың болсын балдырған»


Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін

ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз

беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.


Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұрпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздеріңде көркем шаттық арайы,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.


Әділер: Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Алғашқы топты қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Мерей: Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Ата - ананы қуантып,

Кілең бестік аламыз.

Еркебұлан:Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Мектепалды тобымен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Ақерке: Мектеп қамқор анамыз,

Оқу білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біріншіге барамыз.


Ән: «Бала тілегі» - Әмір, Айбек

С.Дильназ: Күннің нұры шуақты,

Өтті сәби күндерім.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Шерхан: Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып билеткен.

Таныстырған ең алғаш,

Әріптермен, суретпен.

Әсия: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам болып шығармыз.

Қуантып ата ананы,

Таза сәби жүрекпен,

Айтамыз сізге мың алғыс!


Би: «Қамшы» - Тілеуқабыл, Алихан, Али, Ералы.


Ойын: «Күн шуағы»

Балалар мынау қандай пішін?

Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.

1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.

4. Рәміздерді ата.

5. Екі қоянның аяқтары нешеу?

6. Көктем мезгілінің айларын ата.

7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.


Саяхат: Біз балауса баламыз,

Жетілді ой санамыз.

Даярлықпен қоштасып,

Біріншіге барамыз.

Сабина:Жақсы оқушы боламын,

Кілең бестік аламын.

Тәрбиелі, үлгілі,

Қазақстан азаматы боламын.

Расул: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған,

Даярлыққа мың алғыс.

Адам: Биыл алты жастамын,

Кітапты оқи бастадым.

Әріптерді танып мен,

Енді жаза да аламын.



Ойын: «иа, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танартен ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата аналармен ойнау:

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз ба?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?


Ән: «Менің анам алтын» - Әмір, Дихан.


Нұралы: Мынау есеп кітабым,

Мынау әйбат әліппем.

Бәрін жинап сақтадым,

Білімге жол атталым.

Нұргелді: Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер қаламым.

Т.Дилназ: Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Даниял: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген білімнің ең үлкені.


Би: «Чинури» - С. Дильназ.


Ойын: Әріптерден сөз құрау.

А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А Ш


Ойын: Сандарды ретімен орналастыр

3 2 7 5 6 4 9 10 8 1


Жүргізуші: Қызықтырып өнерге,

Жетелеймін баланы.

Ұлттық өнер емес пе,

Дамытатын сананы,

Әнші, биші баланы

Адам етіп бағалы

Өнерпаз қып баулысам,

Өнер отын жағады.

Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.


Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.


Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,

Айым менің күндерім.

Маған қызық тілдерің,

Естен кетпес күндерің.

Сендердікі болашақ,

Өтер балғын жастық шақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Осымен біздің «Қош бол, даярлығым!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!





















ЖОББ № 7 мектеп- лицейі

C:\Users\user\Desktop\лого 3.png


Даярлық топпен қоштасу:

«Жолың болсын балдырған!»

0 «Ә» тобы


hello_html_m6a4e7845.png


Өткізген тәрбиеші: Исабаева А.Ш.


Мамыр 2014


ЖОББ № 7 мектеп- лицейі


hello_html_20c3ccb5.pnghello_html_m3406526d.png

Тәрбиеленушілер марапатталуда

hello_html_m664ba9e0.png


«Жолың болсын балдырған!»

Мамыр 2014






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров118
Номер материала ДВ-314962
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх