Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік."Армысың, әз Наурыз!"Мектепалды даярлық

Ертеңгілік."Армысың, әз Наурыз!"Мектепалды даярлық


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы:"Армысыз, әз -Наурыз "

Мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы  түсініктерін тереңдету.

Білімділік: Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен таныстыру

Дамытушылық: Балалардың ойлау, қабылдау,  шығармашылық  қабілеттерін дамыту. әртістік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Ертеңгілік

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,  интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, арқан.

Тәрбиеші:

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!

Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған  «Армысыз, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен,              

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.                 

Құтты болсын-әз Наурыз!

Тәрбиеші:  Ұлыстың ұлы күні 22-наурызда күн мен түн теңеліп, жер анамыз балбырап, Көктем аруымыз бен Наурыз серіміз жер бетін гүл мен нұрға бөлеп ,әр шаңырақты Қызыр бабамыз аралап ерекше бір қуанышқа,шаттыққа кенелетін кез екен. Бүгін міне, осы қонақтар біздің де төрімізге келіп жетіпті.Қарсы алайық!

Көрініс

  Жер-Ана:/Алтынай Ж/

Армысыздар дархан елім!Мен Жер-анамын! Наурыз құтты болсын! Еліміз тоқ болсын! Уайым-қайғы жоқ болсын!/шашу шашады/

Қызыр ата: /Диас//Бата береді/

Көктем-ару: /Камила/Жер дүниені жылытып Көктем-аруларыңыз менде келдім ортаңа. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Наурыз-жігіт:/Руслан/ Баршаңызды қуантқан

Наурыз жігіт мен болам

Думандатып даламды

Ерекше бүгін той қылам

«Күн мен түн»  Күн мен Түн ортаға шығады)

      Күн:/Алтынай А/   Сәулесі көп күнмін.

      Түн:/Аслия/    Жұлдызы көп түнмін

      Екеуі  Бірдей болып біздер,

                  Теңелеміз бүгін.

Тәрбиеші:

Наурыз тойын бастайық,

Ән мен жырым төгілсін.

Жаңғырып ата-салтымыз,

Ақ тілектер өрілсін-деп ортамызға кішкентай бүлдіршіндерді шақырамыз

/Тақпақтарын арнайды./


1-ші бала: Алдияр

Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.

2-ші бала: Балғын

Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

3-ші бала: Арнұр

Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Келіп жеткен бүгін

Наурыз тойын тойлат.

4-ші бала:Ақнұр

Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.

Далада құстар сайрасын.

5-ші бала: Руслан

Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Көріңіздер қуанып

Наурыз таңын атқанын.

6-шы бала: Камила

Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,

Наурызым келді жадырап,
Соны тойлар ел енді.

7 бала: Диас

Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,

Ырым етіп жиылып,
Көшеге тал егеміз.

8 бала: Кәусар

Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.

Мерекесі халқымның

Наурызым керемет
9 бала: Ернұр

Нәзік үнмен сыңқылдап,
Құстар жетті далама,
Наурыз құтты болсын деп

Айтамыз біз баршаңа.

10 бала:Алтынай Ж

Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.

Бүршік жарды қара ағаш

Наурыз тойын тойлауға

Дүрлігуде ел іші.

Жалғасын тапсын жыл сайын

Өнердің алтын кеніші

11 бала: Расул

Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Үлкен кіші жиылып,

Наурыз күнін қарсы алды.

Тәрбиеші:

 Ұлы өнерді халқымыздан үйренген,

 Жүректерді күмбірлетіп күйменен.

  Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы,

 Мың бұрала  «Домбыра» биін  билеген.

Би: «Домбыра» қыздар тобы

 Тәрбиеші:Наурызға араналған тақпақтарын қабыл алыңыздар

12 бала: Алтынай А

Көктем келсе әрдайым,
Болады ғой Наурыз!

Сіздерге бүгін арналар,

Өнерім менен әніміз

13 бала: Мағжан

Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы, Наурыз!

14 бала:Аслия

Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.

15 бала: Ақтілеу

Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
16 бала: Еңілік

Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.


17 бала Нұрқасым

Наурыз тойын тойлайық,

Өнерге терең бойлайық

Жаңғыртып ата салтымды,

Қызығына тоймайық

18 бала Мадина

Әнші де бар ортада,

Бишіде бар бұралған.

Наурыз тойым жаңғырсын,

Дәстүр, салттан құралған

19 бала Ислам Қ

Ұлттық ойын ойнайық

Қой десе де қоймайық.

Бабадан қалған аманат,

Наурыз тойын тойлайық

20 бала Аяла

Наурыз көже дәмінен

Дәм татыңыз халайық.

Ұлттық дәстүр салтымның

Өнегесін алайық

21 бала Диашон

Аңқытып жұпар иісін,

Дастархан толы ас болсын.

Батасымен үлкеннің

Баршаңызға бақ қонсын

22 бала Нұрасыл

Ұлыс оң болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын!
Тәрбиеші: 

Ұлдарымыз өнерлі,

Көрсетеді өнерді

Ел қорғайтын ертеңгі

Батыр болар өрелі-деп ендігі кезекте ұлдарымыздың «Батырлар»биіне кезек береміз.

Би «Батырлар» ұлдар тобы

Тәрбиеші:

Ендігі кезекте, «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ер көгерер» деген аталы сөз бар, олай болса біздің өнерлі ұлдарымыз бата айтудан сайысқа түседі,соны тамашалаңыздар!

Бата-сайыс/ұлдар/

 Тәрбиеші: Ұлттық ойндарға кезек берсек:

«Қол күрес», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Асық ату», «Арқан тартыс»

Тәрбиеші:

                                    Бауырласқа тәнтіміз,

                                    Бұзылмаған салтымыз.

                                    Кең даламның ежелгі,

                                    Қазақ деген халқымыз

                                    Өзге ұлттай біздің де

                                    Бар дәстүр мен салтымыз.-дей келе бұл тойымыздан ата-аналарымызды да құр қалдырмайық. Ортаға әжелерді шақырамыз

/оларға бір-бір сұрақ беріп, «Той бастар» әнін айтқызу/

Ән: «Той бастар»/әжелер тобы/

Дастархан басына шақырып, наурыз көже ішу.


Сұрақтар:

  1. Қазақ халқында той көп. Қандай тойларды атар едіңіз?

  2. Қазақтың ұлттық тағамдарына нелер жатады?

  3. Қазақтың ұлттық киімдеріне нелер жатады?

  4. Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарына нелер жатады?

  5. Наурыз көже қалай жасалады?









Общая информация

Номер материала: ДБ-015866


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Песочная терапия в работе с детьми»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс повышения квалификации «Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности»