Инфоурок Музыка КонспектыЕртеңгілік "Алтын күз - 2014"

Ертеңгілік "Алтын күз - 2014"

Скачать материал

                                                       БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің

                                                         «Балдәурен» МДҰ МКҚК 

                                                         музыка жетекшісі  Ж.Ш.Жакенова

Алтын күз

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.

Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.

- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.

(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)

Жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік. Енді Алтын күз өзіңе арналған «Жапырақтар» биін қабыл ал.

Би: «Жапырақтар»

Орындайтындар: «Еркем-ай» тобының қыздары

(Қыздар билеп болғасын қолдарындағы жапырақтарын Алтын күзге сыйлайды)

Алтын күз: Рахмет достарым.

: Құтты болсын тойымыз

 Сәтті болсын ойымыз.

 Бүгін менің мерекемде,

 Той тойлайық бәріміз.

-Қане балалар, күз туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер ме, айтып беріңдерші.

Күз туралы тақпақтар:

Досжан: : Ас атасы –нан

 Санжар: О, алақай, балалар

 Келді міне, Алтын күз.

Ақбота; Арпа, бидай, ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Алтын күз: Рахмет, сендерге.

(«Балапан» тобының балалары өнер көрсетеді)

«Саңырауқұлақтар» биі

Көрініс:

(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)

Бақтияр : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!

(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

2 - бала: Енді, енді не етеміз?!

(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?

Жүргізуші  : Сабыр сақта, саспайық

Дәрігер шақырайық!

Санжар : Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім қарайын

Ақниет: Онда дәрі ішіп ал,

Менде міне, көп дәрі бар!

Санжар: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек

Бұл - дәлелденген рецепт!

1 - бала: Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Дәрігер-Сабина  : Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!

Дәрігер: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол - аяғың әлсізденген

Қызуың ыссы екен

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендер жетіспеген!

Досжан бала: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші : Қазір күз мезгілі түсті ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық

Күз өнімдерін осында алдырайық!

Санжар : Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)

- Алло, алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек

Машинаға тиеп жіберіңіз

Мүмкін болса тезірек!

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)

Досжан: жүргізуші

Қайсар- Көктем келе бүрлеймін,

 Ең алдымен гүлдеймін.

 Шілде болмай пісемін,

 Дастарханға түсемін.

Али- Бір сабақта көп түйме,

 Жей алмайсың көк күйде.

 Санап қара қанша,

Оның аты ... (Шие)

Ералы-Алма: Пісіп тұрған алмамын,

 Тамсандырар бал дәмім.

 Жерге сілкіп түсірме,

 Ісіп кетер маңдайың.

Айқаракөз- Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын

 Таңсығымын бар жұрттың.

 Жақсы өсіре алмайды,

 Қараса егер салғырт кім.

Ерасыл-Әңгелек: Сары алтындай дөңгелек,

 Қандай тәтті әңгелек.

 Дәмі аузыңнан кетпейді,

 Барлығы оған жетпейді.

Қарбыз- Батырбек

Мен көкала қарбызбын

Айсана-Қызанақ: Бақшамызға көптеген,

 Қызанақты өсірдік.

 Күз болғанда шырынын

 Дайындадық мол етіп.

 Дәм татыңыз қып – қызыл,

 Қызанақ деген мен болам.

Рахман-Қияр: Қияр деген мен болам,

 Ерте пістім бақшада.

 Салат жасап өзімнен,

 Қуантамын бәріңді.

Қырыққабат: Қабат-қабат тоным бар,

 Капустаңыз мен болам.

 Аспаз тәтей дәмді ғып,

 Дайындайды әрдайым.

Ақниет-Сәбіз: Әжем менің  бақшаға

 Әкелді сәбіз қаншама?

 Сол сәбізден дәм татып,

 Бойым өсті соншама.

 

жүргізуші: Жақсы балалар, көкөністер мен жемістерді үнемі жеп жүрсек,  біздің ағзамызға өте пайдалы екен. Ауырмаймыз, деніміз сау болады.

Ал енді, Алтын күз, бәріміз ойын ойнайық.

Ойын «кім біледі?» ойынын ойнату. Шарты алтын күздің себетіндегі жемістер мен көкөністерді ажырату керек, дәмі қандай екенін айту.

-Саңырауқұлақ кіреді.

Сәлеметсіңдер ме балалар, мені таныдыңдарма? Иә саңырауқұлақпын. Сендерді ,алтынкүзді мейрамымен құттықтайын деп келдім. Мен ормандағы ең ірі саңырауқұлақпын. Шын айтам. Мен бәрін білемін. Сендердің не ойлап отырғандарыңды да білемін. Сен жаз мезгілі қайтадан келсе гой деп отырсыңдар, солай ма?

-Иә

-Бәсе айттым гой, бірақ жаз қайта оралмайды. (осы уақытта күн күркірейді, жауын жауады)

-Бұл не?

-Жаңбыр жауды, жаңбыр жауды,

-Мен жаңбырды жақсы көремін.

Жүргізуші: балалар жаңбыр жауса, жер қандай болады? Әрине балшық, су болады. Олай болса,аяғымызды былғамай, бүлдірмей секіріп-секіріп қолшатырдың астына тығыламыз.

(балалар қолшатырдың астына тығылады)

Ойын: 1. «Кім жылдам»

 2. Ата – аналар жарысы. (жемістерді вазаға, көкөністерді себетке салып жарысады)

Алтын күз: - Балалар, жарайсыңдар! Менің туған күнімді өте жақсы өткізіп жатырсыңдар. Келіңдер енді бәріміз бірге би билейік.

Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.

(Күз, балаларға алма таратады)

-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Еркем-ай» тобының дайындаған ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі мерекеде кездескенше сау болыңыздар! Балала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтама

 

 

Алтын күз мерекесі-«Еркем-ай» тобының балаларымен өтті. Әсем безендірілген залға кірген Алтын күз өзінің туған күні екенін айтып қуанады. Ал балалар Алтын күзді туған күнімен құттықтауға келіп, қыздар тобы «Жапырақтар» биін билесе, ер балалар күз туралы тақпақтарын айтып береді.Мерекеге сай билеп көңіл көтеріп жатқанда бір әлсіз, жүдеу баланың құлап қалғанын көреміз. Осы кезде дәрігер шақырайық деп, жедел жәрдем дауысы шығып дәрігер де келеді. Ол баланың (Қуанышбек) ағзаға дәрумендер жетіспегендігі, сол себепті басы айналып құлағанын айтады. Ол үшін көкөністер мен жемістер жеу керектігін ескертеді. Ал балалар: ендеше қоймаға хабарласып, жемістер мен көкөністер алдырайық деп хабарласады.(машина дауысы естіледі)

Осы кезде жүргізушімен бірге тіркеліп, көп-көп жемістер мен көкөністер болып киінген балалар кіреді.Олар ауырған балаға кім екендерін айтып береді. (осы кезде балаларға жемістер мен көкөністердің ағзаға қаншалықты керектігін айтып беремін).

Жемістер мен көкөністердің аттарын дұрыс атау мақсатында балалармен «Кім тез біледі?» ойыны ойналды. Балалар жарысып, білетіндерін айтып ортаға салды. Ойын тоқталысымен әуенмен ортаға Саңырауқұлақ(Жадыра Төлеуғалиқызы)  кіріп келеді. Ол балалардың қазір не ойлап отырғанын білетіндігін айтып, балаларды таңқалдырды. Осы кезде күн күркіреп жауын жауып балалар кедергілерден (алдын-ала дайындалған) секіріп-секіріп қолшатырдың астына тығылды. Саңырауқұлақ болса жауынды жақсы көретінін айтып, балалармен ойнап, содан соң қоштасып кетіп қалды. Ата-аналармен де «Кім жылдам» атты  ойын ойналды. Ата-аналар да мерекеге қаьысып, белсенділік танытты.

Алтын күз болса туған күнімді ерекше тойладыңдар, сендерге ризамын деп өз сыйлығын беріп, балалармен бірге ортаға билеп, шығып кетті.

Бұл шара  өз мәресіне жеттті, ойымдағыдай болды деп есептеймін.

 

 

 

 

 

Анықтама иесі:                                          Ж.Ш.Жакенова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Алтын күз - 2014""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Алтын күз мерекесі-«Еркем-ай» тобының балаларымен өтті. Әсем безендірілген залға кірген Алтын күз өзінің туған күні екенін айтып қуанады. Ал балалар Алтын күзді туған күнімен құттықтауға келіп, қыздар тобы «Жапырақтар» биін билесе, ер балалар күз туралы тақпақтарын айтып береді.Мерекеге сай билеп көңіл көтеріп жатқанда бір әлсіз, жүдеу баланың құлап қалғанын көреміз. Осы кезде дәрігер шақырайық деп, жедел жәрдем дауысы шығып дәрігер де келеді. Ол баланың (Қуанышбек) ағзаға дәрумендер жетіспегендігі, сол себепті басы айналып құлағанын айтады. Ол үшін көкөністер мен жемістер жеу керектігін ескертеді. Ал балалар: ендеше қоймаға хабарласып, жемістер мен көкөністер алдырайық деп хабарласады.(машина дауысы естіледі)

Осы кезде жүргізушімен бірге тіркеліп, көп-көп жемістер мен көкөністер болып киінген балалар кіреді.Олар ауырған балаға кім екендерін айтып береді. (осы кезде балаларға жемістер мен көкөністердің ағзаға қаншалықты керектігін айтып беремін).

Жемістер мен көкөністердің аттарын дұрыс атау мақсатында балалармен «Кім тез біледі?» ойыны ойналды. Балалар жарысып, білетіндерін айтып ортаға салды. Ойын тоқталысымен әуенмен ортаға Саңырауқұлақ(Жадыра Төлеуғалиқызы)  кіріп келеді. Ол балалардың қазір не ойлап отырғанын білетіндігін айтып, балаларды таңқалдырды. Осы кезде күн күркіреп жауын жауып балалар кедергілерден (алдын-ала дайындалған) секіріп-секіріп қолшатырдың астына тығылды. Саңырауқұлақ болса жауынды жақсы көретінін айтып, балалармен ойнап, содан соң қоштасып кетіп қалды. Ата-аналармен де «Кім жылдам» атты  ойын ойналды. Ата-аналар да мерекеге қаьысып, белсенділік танытты.

Алтын күз болса туған күнімді ерекше тойладыңдар, сендерге ризамын деп өз сыйлығын беріп, балалармен бірге ортаға билеп, шығып кетті.

 

Бұл шара  өз мәресіне жеттті, ойымдағыдай болды деп есептеймін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 166 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 5144
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенова Жумагуль Шукиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38194
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 225 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек