Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЕртеңгілік Кел кел Жаңа жыл

Ертеңгілік Кел кел Жаңа жыл

Скачать материал

Жаңа жылға сай әсем безендірілген зал ортасында түрлі – түсті ойыншық-тармен көз тартар жасыл шырша орын алған. Әдемі киінген балалар көңілді  әуен ырғағымен бір- бірінің соңынан кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті  балалар! Құрметті қонақтар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

                   Жаңа жылды қарсы алып.

                   Жасаймыз той жылда бір.

                   Жарқын-жарқын ән салып

                   Жалғасады жырға жыр ! 

                   Жасыл шырша  тұр міне,                                  

                   Көңілдіміз бәріміз  .                                            

                   Ән салуға,би билеуге.

                   Біз дайынбыз бәріміз.

Тәрбиеші:  Балалар қазір жылдың қай мезгілі ? (Қыс)

Ауа – райы қандай?(Суық)  .

Қыс мезгіліне арналған бір әніміз бар , айтып берейік.

« Қыс» әні орындалады.

1.Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

 Құлақшынды кимесен,

Құлағынды тістеген.

2.Қыс дегенің аймақта,

Қатып жатқан қаймақ па?

Сырғанаймыз шанамен,

Қыр басынан сай жаққа.

Тәрбиеші.
 Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
 
(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан аққала  шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

 Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Тулкі
:
Аққалаға  бір сәлем!

 Аққала : Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Тулкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.

Аққала: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

 Аққала,түлкі бipгe билей жөнеледі .  Біpге:

Тәрбиешіге бәpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Тәрбиеші: Құрметті аңдар, «Достық» демекші, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз «Аңдар достығы» биін билейміз деп отыр. « Аңдар» биіне ортаға «Құлпынай » тобының балалары шығады.

 « Аңдар» биі биленеді.

Аққала ,түлкі: Биіңіз сондай тамаша, рахмет балалар! Біз сендерге ойын ала келдік. Келіндер қар лақтырайық.

«Қар түйіршігін бір-бірірне лақтыру." ойын ойналады.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жыл мерекемізге Аяз атаны шақырып көрейік.  Бізді табалмай жүрген шығар.

Түлкі: Ал мен орманнан Аяз атаны іздеп көрейін, - деп  кетеді.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны бip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен?/
Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір!/
Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды/Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. /Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда/: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Тағыда шақырып көрейік.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

 Айхай, Айхай ! -  деп , Аяз ата мен Ақшақар келеді

 Аяз Ата: Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Тәрбиеші: Құрметті Аяз ата отырып демалыңыз! «Құлпынай» тобының балалары жаттаған тақпақтарын бірге тамашалайық! Ортаға балалар шығады..

Балалар:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.    Айкумис

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.        Алдияр

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,      Расул

 Би билейміз тақпақ айтып   

 Біз айтамыз жаңа жыр

 Құтты болсын,құтты болсын

 Құтты болсын жаңа жыл.      Ф.Алихан

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы       

Аппақ екен мұрты да    

Аппақ екен шапаны         Алихан

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.      Нурмухамед

Ақ қырауға малынған
 Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.     Гулим

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтарын тәзген ,

Шыршаны да көрдәк.

Аяз ата келді ,

 Тамашаны көрді ,

Риза болып, қуанып,

Бізге сыйлық берді.     Меруерт

Тәрбиеші:  Балалар Аяз атаға арнаған әнімізді айтайық.

Балалар ортаға шығып ән орындайды.  Мейрамбек, Расул, Нұрболат, Мансұр, Қарлығаш, Әдемі,Меруерт,Амир, Алихан.

«Аяз ата» әні.

 Түлкі: Miнe,қандай сұлу шыршамыз тұр.Шамдары неге жарқырамай тұр?

Аяз Ата: Рахмет,рахмет түлкіжан!  Қызым қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бірақ шамдары жанбай қалыпты ғой.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарынды жарқырат,
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Балалар маған көмектесесіңде ме, бірге 1, 2, 3 шырша жан! Шырша  жан!

(Шырша жанбайды)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық,сондай әдемі еді. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, Аққала, іздеп көрші, сол затты мүмкін тауып алармыз.
/сөйтіп жатқанда  аққала  сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/

Балалар маған көмектесіңдер, бірге 1, 2, 3 шырша жан! Шырша  жан!

Қоян: Алақай шеңберге түрып, шыршаны айналып, ән айтамыз.

«Шырша» әнін орындайды

1Орманда шырша туды,

Орманда ол өсті.

Қыс, жазы  жасыл болып,

Сымбатты боп өсті.

2.Боран оған өлең айтты,

Ұйықта шырша, ұйықта.

Аяз оны қымтап жапты.

Ұйықта, шырша ұйықта.

Тәрбиеші:   Енді мектепалды тобының балалары Аяз атаға дайындаған тақпақтарын айтады.

Базарлықты бақшаға ,

Әкеліпті ол тағы,

Қарасын деп тамсанып,  

Безендірдік шыршаны     

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды. Мейрамбек

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.          Әдемі

 Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.     Нүрболат    

Қараңдаршы далаға

Дала аппақ ақша қар.

Тау мен үйлер қалада,

 Жамылыпты ақ шатыр      Мансұр

 Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп           Қарлығаш

Келдің міне жаңа жыл,

Қуанту  мен біздерді!

Құтты болсын қуаныш!

Құттықтаймыз Сіздерді!             Амир

 Тәрбиеші:   Ал енді ойынның кезегі келді:
«Кім тез   киінеді»- деген ойын ойналады.

Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлық  әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды да ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
Ақшақар: Жоқ Ата оны іздеп қажеті жоқ,  біздің сандық сыйқырлы. Балалар  жұмбақтарымды шешсін.
 
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Ақшақар: Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.   

Тәрбиеші:  Сандық ашылсын деп  кішкентай бүлдіршіндер   ,би билеп береді

Ер балалар би билейді.

«Арива» биі.

Ақшақар сандықты ашып көреді, ашылмайды!(Екі иығын көтереді)

Ақшақар:  Ата  әліде   ашылмады . менімше, бір ән жетіспейтін сияқты!

Тәрбиеші:  Балалар «Жаңа жыл»әнін шырқайық.

Шеңерге тұрайық. «Жаңа жыл» әні

1 Аяз ата ,Ақшақар,

   Бораны бар, қары бар.

   Жаңа жылым қызықты ,

   Ән – күі бар, сәні бар.

            Қ/сы:

2  Қол ұстасып бәріміз,

   Шырша жаққа келейік.

   Аяз ата жанында,

  Өлең айтып берейік.

              Қ/сы  

Сандық ашылады . Балалар құанады , шапалақ соғады.

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2015-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Кел,кел

Жаңа жыл!!!

                                                                                                            Тәрбиешілер:

                                                                                                  А.Н.  Батырбаева.

                                                                                           А.Қ.Утемисова

                                                                                           Г.Қ.Сайранова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік Кел кел Жаңа жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кел кел Жаңа жыл

                                                                                      &nb

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2015 2516
    • DOCX 59.3 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырбаева Арайлым Наукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батырбаева Арайлым Наукановна
    Батырбаева Арайлым Наукановна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11017
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов