Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ертеңгілік "Әліппе, саған мың алғыс" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ертеңгілік "Әліппе, саған мың алғыс" (1 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы:

Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды сиқыршы қыз билеп жүреді.

Сиқыршы қыз: Бүгін күн қандай тамаша! Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім: Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «к» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім: Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұр.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Оқушылар билеп ортаға шығады

Рамазан

 Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Гүлназ

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

Сиқыршы: Мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?

Балалар: Ойнаймыз.

 

Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар, көжекте жоқ. («Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде» («Л» әрпі)

3. Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

4. Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

5. Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар, шарда жоқ. («П» әрпі)

6. Ешкіде бар, қойда жоқ,

Кеседе бар, қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Мұғалім:

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен: Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен: Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Рамазан:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Аружан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Гүлназ:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Сая:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Әли

Енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе

Айғаным

Үйретті бізді әліппе
42 әріппке
Сөз сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке

Санжар

Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбат маған анамдай

Жұлдызай

Ол не? деген сұраққа
Бұл не? деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сеннен әліппем

Фатима

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Айдана

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым

Санжар

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 Мұғалім:

Балалар, біз бүгін «Әліппе» әлемінен, «Ана тілі» әлеміне саяхатқа аттанамыз. Саяхатқа «Достық» поезымен шығамыз. Дайын болсақ, саяхатымызды бастайық.

Алдымызда шашылған әріптер кездесті. Оларды орнына реттеп, жинап қойайық.

Әли Аа

Алыбы алыптардың – Ата-ана,

Ақыл, Ар, Адам,

Арман –

А-дан ғана.

Аружан Әә

Әкелген еді анам «Әліппе»,

Әр беті толған әріпке

Жұлдыз Бб

Барабан, балға, бала – барлығы да,

Бой ұрып, бас ұрады осы «Б»-ға

Санжар Вв

Ваня ағай толғанды,

Виолончелін қолға алды.

Айдана Гг

Газет, Гауһар, газ, гуіл,

Гүл сөзінен «Г»-ні біл

Гүлназ Ғғ

Ғажабымын ғарыштың

Ғалымдардай таныс кім?

Бейназир Ғғ

Дәмежанға дәрігер,

Дәрі беріп әбігер

Рамазан Ее

Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Фатима Ёё

«Ё» әрпін біз білдік,

Ёлкаға бас болып жүретін.

Сиқыршы: Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

 «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық, әрі жұмбақтың шешуін табайық.

«Ұйқасын тап» ойыны

  1. Құйрығы сүйір,

Алаботаға үйір

Оның аты (Сиыр)

  1. Тастан тасқа секірген,

Шұнаңдап ойнап есірген

Құйрығы келте шұнақ,

Оның аты (Лақ)

3) Теңбіл түсті, өзі ширақ,

Ұзын мойын, ұзын сирақ,

Білгің келсе, аты (Жираф)

  1. Тоны түкті,

Түрпі,

Оның аты (Кірпі)

Әліппе: Жұмбақтарды шешіп болдық, саяхатымызды жалғастырайық.

Алдымызда тағы да, әріптер кездесті. Реттеп орындарына қойайық.

Сая Жж

Жаз биыл да жаңбырлы,

Жайлау талай жаңғырды.

Айғаным Зз

Зәуре ұзақ биледі,

Зерлі көйлек кигені.

Арман Ии

Иттер келіп икемді,

Иесіне сүйкенді.

Әли Йй

Йод-дәрі, мемлекет-Йемен,

Басталады шолаң «й»-ден

Аружан Кк

Көктемде жер кепкенде,

Көк қонды көк белге

Жұлдыз Ққ

Қауырсынын құстардың,

Қызықтауға құштармын.

Санжар Лл

Латиф пен Лайық

Лақты қуды,

Бұл-айып.

Айдана Мм

Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып қыздарының орындауында «Көңілді қыздар» биі.

«Көңілді қыздар» биі.

Сиқыршы: Алдымызда кездескен әріптерді реттеуді жалғастырайық.

Гүлназ Нн

Нағашым өтінді Назардан,

«Нан әкел» деп базардан.

Беназир Ңң

Шаң-тозаң, кетті-ау мазаң,

«Ң» әрпін тап, таң, паң, маңнан.

Рамазан Оо

Орындықта отырып,

Оқулықты оқылық.

Әліппе: Саяхатымызды жалғастырмас бұрын ойын ойнап алайық. Ойнымыз «Орнын тап» деп аталады. Комьпютер көрсеткен суреттердің орналасуын есте сақтап, қағаз бетіне қайталап шығу керек.

«Орнын тап» ойыны

Мұғалім: Жолымызды жалғастырайық. Әріптерді орындарына қойып, реттейік.

Фатима Өө

Өз бөлмемнен көрмедім,

Өрмекшінің өрмегін.

Сая Пп

Парвиз палау пісірді,

Папасына ұсынды.

Айғаным Рр

«Р-рр» деп бір ит жолықты,

Райхан одан қорықты

Арман Сс

Самарқау Самат сабақта,

Сап үңілді сағатқа.

Әли Тт

Тәп-тәтті нан –Таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.

Аружан Уу

Уфаға барып оқыған,

Уәли жібек тоқыған.

Жұлдыз Ұұ

Ұл атауы ұрыншақ,

Ұят екен ұғынсақ.

Сиқыршы: Алдарыңызда оқушылардың орындауында «Қошақан» әні. Қабыл алыңыздар.

«Қошақан» әні

Әліппе: Әліпбиді құрастыруды жалғастырайық.

Санжар Үү

Үзіліп түскен түйнекті,

Үйрек тістеп түйрепті.

Айдана Фф

Фототілші Фуатты,

Фархат келіп қуантты.

Гүлназ Хх

Хаттар айтар амандықты,

Хабарлайды жақсылықты

Беназир Һһ

«һ» әрпінен «қаһарман»

«Гауһар» деген сөз қосам.

Рамазан Цц

«Циркуль керек» деп маған,

Цехқа қарай кетті ағам.


Фатима Чч

Чемпионаттағы кешегі

Чехтар жеңді деседі

Сая Шш

Шабындық жер шалғай ма?

Шалғысы бар шал қайда?

Мұғалім: Саяхатымызды ойынмен жалғастырайық. Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.

«Кім мектепке тез жиналады» ойыны

Сиқыршы: Саяхатымызды жалғастыра отырып, келесі тапсырмамызды орындайық.

Айғаным Щщ

«Щёткамен тазарт киімді»,-

Деп ағам маған бұйырды.

Арман ь,ъ белгісі

Әріп емес, таңба

Жаңылысып қалма

Айыру мен жіңішкелік белгісі

Түсіндің бе енді

Кездеседі өзге

Тілден енген сөзде

Әли Ыы

Ырыс алды – ынтымақ.

Ынтымақ –ырыс қазығы.

Аружан Іі

Ізбасар болар ініміз,

Ісінен оны біліңіз.

Санжар Ээ

Экология – бүкіл әлем тағдыры,

Экологтар жолға қояр ұлы істі.

Айдана Юю

Оюларды салыңдар,

Ою мәнін таныңдар.

Ою-өрнек тоқыңдар,

Ою жайлы оқыңдар.

Гүлназ Яя

Ясы – көне қала тегінде,

Яссауи келген өмірге.

Әліппе: Міне, балалар, біз әліппе әлемінен ана тілі әлеміне де келіп жеттік. Ана тілі әлемінде кім бар екен, көрейік.

Ана тілін ортаға шақыру.

Ана тілі

Сәлеметсіздер ме балалар

Туған елдің тілімін
Ақылыммен таналам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Мұғалім: Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Әліппе: Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

1 дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.
Мұғалім: Ортада «Буратино» биімен сынып бүлдіршіндері. Қарсы алыңыздар.

«Буратино» биі

Әліппе:

Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарын есте болсың,

Күнделіктерің 5-ке толсын!

Әліппе бестіктер таратады.

Қош, сау болыңдар, балалар.

Арман

Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

Беназир

Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет

Хормен:

Біздерге білім үйреткен,

Әліппеге мың рахмет.

«Рахмет, саған, әліппе» әні

Әліппе кетеді.

Мектеп басшыларына сөз беріледі.

Дипломдар беріледі.

Мұғалім:

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

Шашу шашылады.

Мұғалім:Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет! Қош сау болыңыздар.
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы:

Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды сиқыршы қыз билеп жүреді.

Сиқыршы қыз: Бүгін күн қандай тамаша! Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім:Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «к» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұр.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Оқушылар билеп ортаға шығады

Рамазан

 Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Гүлназ

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

Сиқыршы: Менсендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

 

Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ. («Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»  («Л» әрпі)

3. Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

4. Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

5. Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

6. Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Мұғалім:

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен: Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен: Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Рамазан:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Аружан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Гүлназ:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Сая:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Әли

Енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе

Айғаным

Үйретті бізді әліппе
42 әріппке
Сөз сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке

Санжар

Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбат маған анамдай

Жұлдызай

Ол не? деген сұраққа
Бұл не? деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сеннен әліппем

Фатима

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Айдана

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым

Санжар

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 Мұғалім:

Балалар, біз бүгін «Әліппе» әлемінен, «Ана тілі» әлеміне саяхатқа аттанамыз. Саяхатқа «Достық» поезымен шығамыз. Дайын болсақ, саяхатымызды бастайық.

Алдымызда шашылған әріптер кездесті. Оларды орнына реттеп, жинап қойайық.

Әли   Аа

Алыбы алыптардың – Ата-ана,                                                     

Ақыл, Ар, Адам,

Арман –

А-дан ғана.

Аружан  Әә

Әкелген еді анам «Әліппе»,

Әр беті толған әріпке

Жұлдыз Бб

Барабан, балға, бала – барлығы да,

Бой ұрып, бас ұрады осы «Б»-ға

Санжар  Вв

Ваня ағай толғанды,

Виолончелін қолға алды.

Айдана  Гг

Газет, Гауһар, газ, гуіл,

Гүл сөзінен «Г»-ні біл

Гүлназ  Ғғ

Ғажабымын ғарыштың

Ғалымдардай таныс кім?

Бейназир  Ғғ

Дәмежанға дәрігер,

Дәрі беріп әбігер

Рамазан  Ее

Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Фатима  Ёё

«Ё» әрпін біз білдік,

Ёлкаға бас болып жүретін.

Сиқыршы: Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

 «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық, әрі жұмбақтың шешуін табайық.

«Ұйқасын тап» ойыны

1)    Құйрығы сүйір,

Алаботаға үйір

Оның аты                  (Сиыр)

2)    Тастан тасқа секірген,

 Шұнаңдап ойнап есірген

           Құйрығы келте шұнақ,

           Оның аты                     (Лақ)

     3) Теңбіл түсті, өзі ширақ,

          Ұзын мойын, ұзын сирақ,

          Білгің келсе, аты           (Жираф)

4)      Тоны түкті,

 Түрпі,

Оның аты                       (Кірпі)

Әліппе: Жұмбақтарды шешіп болдық, саяхатымызды жалғастырайық.

Алдымызда тағы да, әріптер кездесті. Реттеп орындарына қойайық.

Сая  Жж

Жаз биыл да жаңбырлы,

Жайлау талай жаңғырды.

Айғаным  Зз

Зәуре ұзақ биледі,

Зерлі көйлек кигені.

Арман  Ии

Иттер келіп икемді,

Иесіне сүйкенді.

Әли  Йй

Йод-дәрі, мемлекет-Йемен,

Басталады шолаң «й»-ден

Аружан  Кк

Көктемде жер кепкенде,

Көк қонды көк белге

Жұлдыз  Ққ

Қауырсынын құстардың,

Қызықтауға құштармын.

Санжар  Лл

Латиф пен Лайық

Лақты қуды,

Бұл-айып.

Айдана  Мм

Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып қыздарының орындауында «Көңілді қыздар» биі.

«Көңілді қыздар» биі.

Сиқыршы: Алдымызда кездескен әріптерді реттеуді жалғастырайық.

Гүлназ  Нн

Нағашым өтінді Назардан,

«Нан әкел» деп базардан.

Беназир  Ңң

Шаң-тозаң, кетті-ау мазаң,

«Ң» әрпін тап, таң, паң, маңнан.

Рамазан  Оо

Орындықта отырып,

Оқулықты оқылық.

Әліппе: Саяхатымызды жалғастырмас бұрын ойын ойнап алайық. Ойнымыз «Орнын тап» деп аталады. Комьпютер көрсеткен суреттердің орналасуын есте сақтап, қағаз бетіне қайталап шығу керек.

«Орнын тап» ойыны

Мұғалім: Жолымызды жалғастырайық. Әріптерді орындарына қойып, реттейік.

Фатима  Өө

Өз бөлмемнен көрмедім,

Өрмекшінің өрмегін.

Сая  Пп

Парвиз палау пісірді,

Папасына ұсынды.

Айғаным  Рр

«Р-рр» деп бір ит жолықты,

Райхан одан қорықты

Арман  Сс

Самарқау Самат сабақта,

Сап үңілді сағатқа.

Әли  Тт

Тәп-тәтті нан –Таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.

Аружан  Уу

Уфаға барып оқыған,

Уәли жібек тоқыған.

Жұлдыз  Ұұ

Ұл атауы ұрыншақ,

Ұят екен ұғынсақ.

Сиқыршы: Алдарыңызда оқушылардың орындауында «Қошақан» әні. Қабыл алыңыздар.

«Қошақан» әні

Әліппе: Әліпбиді құрастыруды жалғастырайық.

Санжар  Үү

Үзіліп түскен түйнекті,

Үйрек тістеп түйрепті.

Айдана  Фф

Фототілші Фуатты,

Фархат келіп қуантты.

Гүлназ  Хх

Хаттар айтар амандықты,

Хабарлайды жақсылықты

Беназир  Һһ

«һ» әрпінен «қаһарман»

«Гауһар» деген сөз қосам.

Рамазан  Цц

«Циркуль керек» деп маған,

Цехқа қарай кетті ағам.

 

Фатима  Чч

Чемпионаттағы кешегі

Чехтар жеңді деседі

Сая  Шш

Шабындық жер шалғай ма?

Шалғысы бар шал қайда?

Мұғалім: Саяхатымызды ойынмен жалғастырайық. Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.

«Кім мектепке тез жиналады» ойыны

Сиқыршы: Саяхатымызды жалғастыра отырып, келесі тапсырмамызды орындайық.

Айғаным  Щщ

«Щёткамен тазарт киімді»,-

Деп ағам маған бұйырды.

Арман  ь,ъ белгісі

Әріп емес, таңба

Жаңылысып қалма

Айыру мен жіңішкелік белгісі

Түсіндің бе енді

Кездеседі өзге

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров282
Номер материала 399117
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх