Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Ертеңгілік «Жаңа жыл мерекесі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Ертеңгілік «Жаңа жыл мерекесі»

библиотека
материалов

«Әсем» балалар бақшасы










«Жаңа жыл мерекесі»










Тәрбиеші: Тастандиева А.Т












2014 жыл

Музыка залы қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Балалар әсем безендірілген залға көңілді әуен ырғағында кіріп,орындықтарға отырады.

Жүргізуші:Армысыздар құрметті жиналған тәрбиешілер,қонақтар,сүйкімді де әдемі бүлдіршіндер!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тағы міне жаңа жыл,

Қақты уақыт қақпасын!

Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әніміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз.

Балалар:Жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші:Балалар жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдарма?

Балалар:ия

Жүргізуші:Олай болса,бүгінгі мерекеге арналған ән-жырымыздан шашу шашайық.

Осы кезде Ақшақар келеді.

Ақшақар:Сәлеметсіңдерме балалар !Мені таныдыңдарма?Мен аяз атаның немересі Ақшақармын.Алыстағы қар патшалығынан келдім.Аяз ата сендерге сәлем айтты,өзі де кешікпей келіп қалар.

Осы кезде Қоянның жылаған даусы естіледі.

Ақшақар:Қоян саған не болды?Неге жылайсың?

Қоян:Жаңа жылдық шыршаны Мұз ханшасы тартып алам дейді.Енді мерекені қалай өткіземіз.

Осы кезде түлкі келеді әндетіп.

Түлкі:Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін.

Қулығыма жетпейсіңдер.

Менен асып кетпейсіңдер.

Ақшақар:Сәлеметсіңбе!Түлкіжан келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

Біздің бір өтінішіміз бар:Жаңа жылдық шыршамызды Мұз ханшасы алып қоймақшы,соны қайтаруға көмектесші.

Түлкі:Ойланып көрейін,жарайды көмектесем көмектесейін.Еріңдер соңымнан....Шырша артынан Мұз ханшасы шығады.

Түлкі:О,оҚұдіретті Мұз ханшасы!Біз сізді мерекемен құттықтауға келдік.

Қандай керемет,әдемі шырша.Жаңа жыл мерекесін шыршасыз қалай тойлаймыз?Балалар да күтіп отыр.Шыршаны балаларға қайтарыңызшы?

Мұз ханшасы:Ой,қу түлкі,сені адамдар бекер қу деп атамаған.Менің бір шартым бар:Егер менің көңілімді көтерсеңдер,онда шырша сендердікі.

Жүргізуші:Көңілдіміз біз бүгін

Жаңа жылды қарсы алып,

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып.

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Жүргізуші:Даламызға,қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Міне,біздің балалар

Тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:Абзал,Ясин,Саян,Даулетали,Қаһарман,Нұрайым,Шерхан.

Жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алып

Шыршамызды айналып

Би билейік,ән салып

Барша жұртқа жар салып.

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар:Менің әсем ұлпаларым

Маған ұшып келіңдер

Таңқалдырып өнеріңе

Бәрің билеп беріңдер-деп бәрі бірге би билейді.

Тақпақтар:Милана,Нұрасыл,Мәди,Медина,Аман,Нұрай.Нұртас,Бисұлтан.

Жүргізуші:Өте тамаша!Биіңізтаңғажайып екен!

Түлкі:Құдіретті Мұз ханшасы,балалардың өнерлі екенін көрдіңіз,көңіл кйіңізді көтерді ме?

Мұз ханшасы:Жоқ әлі де көтермедіңдер.Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:Балалардың тақпақтарын тындаңыз:Дидар,Айым,Руслан,Қазына,Б.Іңкәр,Иманғали,Даяна.

Ақшақар.Рахмет балалар сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.енді бір ойын ойнайық.Кім жылдам ойынын ойнайық.

Түлкі:О,о құдіретті Мұз ханшасы,көңіл күйіңіз көтерілген секілді.Сізге ұнады ма?

Мұз ханшасы:Менің көңілімді көтердіңдер.рахмет балалар.Шырша енді сендердікі.ен өзімнің мұз патшалығыма қайттым.Сау болыңдар!Жаңа жылдарыңмен!

Жүргізуші:Уа,халайық,тұрмайық.

Әндетіп жырлайық

Думандатып би билеп

Інжу маржан шашайық.

Би: «Гномдар».

Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар!Енді барлығымыз қосылып,Аяз атаны шақырайық.

Балалар:Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата!

Аяз ата:Естіп жатырмын

Келе жатырмын

Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым,балғыным

Өмір гүлім,шалғыным

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулықтарың

Амансыңба?ұлдарым

Аппақ ару қыздарым

Мен сендерге әкелген

Құтты болсын жаңа жылдарың!!!

Балалар:Сәлеметсіз бе!Аяз ата.

Жүргізуші:Рахмет,Аяз ата.Сәл отырып деміңізді алыңыз.Келгеніңіз жақсы болды.Жаңа жылды бірге тойлайық.Сізге арнап балалар ән орындап береді.

Ән: «Сәлеметпе Аяз ата».

Жүргізуші:Кел балалар тақпақты,

Тақылдатып айтайық.

Аяз ата таң қалсын,

Сыйлық алып қайтайық.

Тақпақтар:Марғұлан,Жанәділ,Нұрай,Ерасыл,Мейірлан,Мирас,Темірлан

Аяз ата:Балалар мен сендерге жұмбақ әкелген едім,шешеіп көріңдер!

Жұмбақтар:

Жүргізуші:Ал,балалар құр тұрмайық.

Ойын ойнап,ән салайық,

Жаңа жылдық мерекеде

Қол соғып,шаттанайық.

Ойын: «Қар жауды».

Жүргізуші:Тақпақты да жаттады,

Би де үйренді көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Балаларға разы болсын деп.

Тақпақтар:Амира,Назерке,Нұрәділхан,Жамиля,Усманбек,Камилла,

Бағдаулет.

Би «Вальс».

Ақшақар:Балалар,сендерге рахмет.Әсем ән айтып,би биледіңдер,тақпақтар айттыңдар.

Ойын:Ата-аналармен ойын.

Шарты:Суретте көргенін,мимикамен көрсету.

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым!Барлықтарың өнерлі екенсіңдер,киген киімдерің де әдемі. Мен енді өздеріңмен қоштасып,келесі бақшаға барайын.Онда өздерің секілді балалар күтіп отыр.

Ақшақар:Ата сен әзілдеп тұрсыңба?

Сыйлықтарды ұмыттың ба?

Әлде сен балаларды сүймейсіңбе?

Оларға сыйлықтарды бермейсіңбе?

Аяз ата:Ал,сыйлықтарыңды сиқырлап жастықтарыңның астына қойдым.Топқа барған соң аласыңдар.

Аяз ата,Ақшақар:Сау болыңдар балалар!

Балалар:Сау болыңыздар!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар,ата-аналар,әріптестер Жаңа жыл құтты болсын,отбастарыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!
























Краткое описание документа:

Музыка залы қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Балалар әсем безендірілген залға көңілді әуен ырғағында кіріп,орындықтарға отырады.

Жүргізуші:Армысыздар құрметті жиналған тәрбиешілер,қонақтар,сүйкімді де әдемі бүлдіршіндер!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тағы міне жаңа жыл,

Қақты уақыт қақпасын!

Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әніміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз.

Балалар:Жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші:Балалар жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдарма?

Балалар:ия

Жүргізуші:Олай болса,бүгінгі мерекеге арналған ән-жырымыздан шашу шашайық.

 

Осы кезде Ақшақар келеді.

Автор
Дата добавления 03.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров476
Номер материала 362010
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх