Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертенгілік "Айналайын ақ мамам"

Ертенгілік "Айналайын ақ мамам"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Айналайын, ақ мамам»

Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің келгенін түсіндіру.Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Айналайын, ақ мамам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Балалар бізге әр жыл мезгілі сайын дайындаған Рамазанның жұмбағы бар, мұқият тыңдайық.

Рамазанның жұмбақғы.

Қар, тоң еріп, су көбейіп

Сай- салаға қашады

Бүршік жарып, жапырық ашып,

Гүл бәйшешек атады.

Балаларым айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады.

Балалар жауабы «Көктем»

Ән «Көктем келді»

hello_html_m5b9e2cd3.jpg

Нәсіп

Қар еріді , су ақты

Күндер түнді шуақты

Байтақ дала келбетті

Түкті клем сияқты

Айзере Қ

Көкке бояп өнерді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада , орманда

Құстар әні төгілді

Адия

Жаңбыр жауып бастады

Күлімдейді көкте күн

Кемпірқосақ асылды,

Өрмегіндей көктемнің.

Адина

Өсіп тұрған гүлдерді

Текке біздер жұлмаймыз

Мерекеде құшақтап

Анамызға сыйлаймыз

Ән «Көктем келді»

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.

Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.

Түрлі- түсті гүлдерді,

Сендерге сыйға ап келем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

(Көктем қолындағы гүлдерін жерге себеді)

Жүргізуші:Қош келдің «Ару көктем»

Ару көктем ,сенің келгенің қандай тамаша , табиғатымыз өзгеріп бізге өзінің жылулығын сыйлай бастады.

Ару көктем: Мен өзіммен бірге аналар мерекесін ала келдім.

Рамазан: Эльмира Сабырғалиқызы біз аналар мерекесіне сыйлық дайындадық .

Жүргізуші: Ия Рамазан өзіміздің қолы өнерімізді салып сыйлық дайындыдық.

Нәсіп: Ал мен Эльмира Сабырғалиқызы ол күні мен балабақшаға келген жоқпын. Мен анама не сыйлаймын.

Жүргізуші:Сен мұңайма кәзір бір нәрсе ойластырайық, балалар Нәсіпке көмектесеміз бе?

Ару көктем: балалар маған бір ой келді менім алып келген әсем гүлдерімді Нәсіпке жинап берсек қалай болады.

Әрина. (Балалар гүлді жинауға шығады оны Нәсіпке әкеліп береді)

Нәсіп: Рахмет достарым мен сендерді қатты жақсы көремін.

Жүргізуші:Балалар ендеше аналарымызға дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастайық!

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған .
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім? Ана, ана, ана.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Амир: Таң қалғандай ғалам
Кім сұлу адам?
Айдар : Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Сұлтан: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Олжас: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Дінмұхамбет: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол - менің анам.
Алихан: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Рома: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.







Ән «Құттықтаймын мама»

hello_html_m1e566c83.jpg

Би «Қуыршақтар» Жаннель, Гүлім,Айзере Қ, Айша, Анель, Адина.hello_html_m1f691cff.jpg

Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Тақпақтар:

Аяулым :

Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Керек болса бәріне.

Базарға да барады

Бәрін сатып алады.

Арсен суын әкелсе,

Мирас отын жарады.

Жаннель

Әжем өрнек тігеді,

Сырмақ сырып оюлап

Басы аура береді

Шәй ішпесе қоюлап

Олжас

Мені жақсы көреді

Күдей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Айша

Әжемдей данадан

Ертекке қанамын

Шақырса даладан

Жүгіріп барамын

Алихан

Ақ шашты әже аналар

Ақылды қамқор даналар

Әжелердің маңынан

Шықпайды жақсы балалар

Таңшолпан

Шашымды өріп тараған

Қабағына қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Гүлім

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әженің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Ән «Әжем»

Жүргізуші:Балалар сендерді аналарың, әжелерің қалай еркелетеді?

Балалар жауабы.

-Ендеше балалар біздің ақылды қыздарымызтентегім биін тарту етеді.

Би «Тентегім» орындайтын Айсана, Фатима, Таңшолпан ,Тамина, Нәсіп,Аяулым.

hello_html_m68dd9cb2.jpg

Балалар біз аналарымызға көмектесеміз бе?

Қалай көмектесесіңдер?

Балалар жауабы-Ал мен сендердің ойын арқылы қандай шапшаң, ақылды, қалай көмектесетіндеріңді байқайын.

Ойын «Анаға көмектесеміз» (Қыстырғышпен киім іледі) hello_html_58d42b78.jpg

Ән «Ақ мамам» (орындайтын Рамазан, Фатима, Жаннель)

Тақпақ:

Фатима

Өнері қол ұшында

Мамам менің тігінші

Тігіншінің ішінде

Бас бармақтай бірінші





Жазира

Озып шығар қатардан

Жұрттан алғыс жинаған

Үздік шебер атанған

Мамам менің сыйлы адам.

Ясмин

Айналайын анашым

Асқар таудай панасың

Күн көзінде күлімдеп

Құшағыңа аласың

Тамина

Сыйлайыншы гүлімді

Теіп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан















Ару көктем: Мен аналармен бір ойын ойнағым келіп тұр.

«Өз банаңды тап» (көзін байлап баласын табу керек)

hello_html_m2b1126f7.jpg

Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді бүклі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Мерекеміз құтты болсын аналар!

Би «Аналар мен қыздарhello_html_567c9402.jpg»



Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер сендерге біздің бұлдіршіндеріміздің дайындығын сыйлықтарын тарту еруге рұқсат етіңіздер.


Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!









Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-006644

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>