Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртенгілік сценариі: "Жаңа Жыл хикаялары"

Ертенгілік сценариі: "Жаңа Жыл хикаялары"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңа Жылдың хикаясы»

 

Естияр топтары

        

 

 

 

 

 

 

2012ж

 

 

 

Қатысушылар:

Аяз Ата - үлкен

Аққала – үлкен

Шайтан – үлкен

Патша - үлкен

Саққұлақ – үлкен

Батырлар - бала

Ақшақар – үлкен

 

Музыка ойнап балалар залға екі екіден кіреді, орындакрына тұрады

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге бақ-дәулет, құт-береке, тыныштық пен бірлік әкелсін!

                                               Тілейміз бар әлемге,

                                               Дос көп болсын жан ашыр.

                                               Жаңа бақыт, жаңа жыр,

                                               Құтты болсын жаңа жыл!

4 бала әуенмен тақпақ  кіреді

1 бала: Амансыңба халайық,

              Жаңа жылды тойлайық.

              Ән салып би билейік,

              Көңілді көтерейік.

2 бала: Той думанды тойлаған,

              Пәк жандармыз мәңгі біз.

              Жүректе нұр ойнаған,

               Біз көңілді баламыз.

3 бала: Билейік айнала

              Жақсы ән күй келсін,

              Білмесе кей бала

              Білгеннен үйренсін.

4бала: Жүзімізде күлкі ойнап

            Қанаттанды жанымыз

            Жаңа жылды біз тойлап

            Шаттанамыз бәріміз

 

Би«--Жалпы би  

(Биден соң балалар орындарына отырады)

 Әуенмен көлеңке театры шайтан мен аққаланың кездесуі

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бұл кім болды екен? Мынаның түрі біреуге ұқсайды.

Балалар: Ол, Шайтан.

 (Бір кезде музыка ойнап, залға жылап Аққала келеді.)

Аққала: Сәлеметсіңдерме достар, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші: Аққала, саған не болды? Неге сондай көңілсізсің?  Жылама біздің жаққа Аяз ата келеді , балаларға сыйлық береді.

Аққала: Иә, Аяз ата мені сыйлықтармен сендерге жіберген, ал Шайтан алдымнан шығып сыйлықтарды тартып алды. Енді не істедік? Балалар сыйлықсыз қалатын болды ғой.

Жүргізуші: Ия жағдай қиын болған екен . Жарайды сен мұңайма, оданда кел отыр сен. балалардың қуаныштарын тыңдашы.Содан кейін сыйлықтарды іздейміз.

(тақпақ айтатын балалар ортаға шығады)

1 бала: Аппақ бүгін қыр далам,

              Ақ дастархан жапқандай.

              Халық біткен қарбалаң,

              Қонақ күтіп жатқандай.

2 бала: Көңілде көп қуаныш,

             Әркөңілде жақсылық.

             Кетер жылға мың алғыс,

             Әкелген көп жақсылық.

3бала: Жүзімде қуаныш

            Әр көңілде жақсы үміт

            Келе жатқан жаңа жыл.

            Әкелсін көп жақсылық.

4бала. Ақ қыс келіп сән құрды

            Тау далаға жараса

            Әйнектерден сан түрлі

            Әшекейді тамаша.

Аққала: Тақпақтарың жақсы екен. Бірақ сендерге беретін сыйлықтарымыз жоқ.

Жүргізуші: Балалар жолға шығайық сыйлықтарды іздеп табайық. Жаңа жыл болса келіп қалды, асығайық! Дайынсыңдарма?

Балалар: Ия, біз дайынбыз.

Жүргізуші: Олай болса әнімізді шырқатып сапарға шығайық.

 ӘН «--Қош келдің Жаңа жыл --»

 

(Барлық балалар доғаның астына тұрып, шеңбер бойымен ән айтып жүреді).

 (Балалар орындарына отырады)

(Шам сөніп, ширманың артында шайтан отырады).

Шайтан: О-О менің сыйлықтарым, керемет қандай мен ақылдымын, Аққаладан сыйлықтарды тартып алдым. Енді бұл балаларды сыйқырлап жолдан адастырып тастау керек.( деп ысқырады) СУФР- МУФР- ТУФР . Секіріп айналып кетеді.

(шам сөніп тұрған кезде көмекшілер толқындарды ұйымдастыру керек)

(Музыка ойнап балалар толқындардың ортасында тұрады).

Жүргізуші: Балалар біз қайда келдік? Толқындарды қараңдар, біз қайда келдік? (ортада теңіз патшасы отырады.)

1-бала: Балалар қараңдар, бұл теңіз патшасы ғой. Жанында алтын балықтар билеп жүр, теңіз аттары қандай керемет.

2-бала: Бұл Шайтанның ісі деп ойлаймын, не де болса, Патшамен амандасып үйге қайтатын жолды сұрайық.

Балалар: Амансыңба, теңіз Патшасы.

 Су Патша: Амансыңдар ма қонақтар, менің теңізімде кімді іздеп жүрсіңдер? Қайда жол жүріп барасыңдар?

Балалар: Біз сыйлықтарды іздеп жүрміз.

Аққала: Сыйлықтарды менен Шайтан тартып алды. Ал балалр болса жаңа жылда сыйлық күтіп отыр.

Су Патша: Ия қиын жағдай,. Ал сендерге сыйлықтарды не үшін береді, кім береді?

Жүргізуші: Бізде жаңа жыл мерекесі, біз әсем шыршаны безендіріп, ән айтамыз, би билейміз, тақпақ айтамыз. Сол үшін Аяз ата бізге сыйлық береді.  

Су Патша: Иә, балалар көңілдерін түсіп калыпты. Менің балықтарым сендердің көңілдерінді көтерсін.

                                                                                 Би:

Жүргізуші: Су патшасы бізге көмектесесіз бе?

Су Патша: Әрине мынадай балаларды қалай сыйлықсыз қалтыруға болады? Қазір менің  балықтарым сендерге жолды көрсетеді. (Барлық балалардың қолдарында қоңыраушалар, шеңбер бойымен ән айтып жүреді ).

 

(залдың бір жақ шетіне тұрады)

Музыка ойнап ортаға Саққұлақ шығады. Жерге жатып құлақ салады.

Саққұлақ:Бұл не дыбыс болды екен? Алыстан қоңыраулардың сылдыры естіледі. Бұл қызық екен, бір топ балалардың ән айтқан дауыстары естіледі.

Саққұлақ: Ассалау мағалейкум достар, жолдарың болсын.

Балалар: Рахмет.

Жүргізуші: балалар, таныдыңдарма бұл кім?

Балалар: ия, таныдық бұл Саққүлақ.

Саққұлақ : ия, мен Саққұлақпын. Ал сендер қайда жол жүріп барасыңдар?

Жүргізуші: Жаңа жыл жақындап қалды. Ал, біздің балалардың сыйлықтарын Шайтан алып кетіп, сыйлықсыз қалатын болдық. Сол сыйлықтарды іздеп жүрміз.

Саққұлақ : Е, жаңа алдымнан қап арқалаған Шайтан жүгіріп өткен. Сол сендердің сыйлықтарың болған екен ғой. Шайтанды тауып сыйлықтарды қайтару керек.(жерге жата қалып ) Тоқтаңдар бір дүрсіл естіледі, осы жаққа бет алып келеді. (сол кезде Батыр келеді.)

Саққұлақ : Ассалаумағалейкум батыр.

Батырлар: Уағаллейкум ассалам. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші:Рахмет сіздерге! Сіздер бізге көмектесе аласыздар ма? Шайтан біздің сыйлықтарымызды алып кеткен.

Батырлар: Кәне, Саққұлақ  көрсет жолды. (Шиырманың артынан батырлар Шайтанды қаппен алып шыгады)

Шайтан: балалар кешіріңіздер міне сенлердің сыйлықтарын берейін

Жүргізуші: рахмет батыр,балалар бір қуанып қалды ғой. Кәне біздің батырларымыз би билеп берсін.

Би«.............................»

Жүр: Ал шайтан қабымызды алып кел

Шайтан: Кешіріңдер балалар енді олай істемеймін.

Аққала: Аяз ата мені сыйлықтармен балаларға  жіберген, Сыйлықтарды сен тартып алдын. Ал балалар болса жаңа жылда сыйлық күтіп отыр.

Саққұлақ: Ал кәне қапты ашайықшы, мында хат бар екен (Хатты жүргізушіге береді).

 Жүргізуші:Балалар бұл хат ашылмайды? Өз елімізге бару керек, енді бізге кім көмектеседі, қалай барамыз?

Шайтан: Егер мені кешірсеңдер, мен сендерге жол көрсетемін

Жүргізуші: Алдамайсың ба, Шайтан?

Шайтан; Жок, шынымды айтамын.

Жүргізуші:  Онда бізді өз елімізге жібер.

Шайтан: Уф-муф-суфр-муфр (шам өшіріледі Шайтан кетіп қалады)

 

 

Жүргізуші: Балалар өз елімізге келгеніміз қандай жақсы.

1-бала: Қандай жақсы үйге қайтып келгенде.

2-бала: Иә, міне сұлу шыршамыз, достар да жиналды.

Аққала :Тек, Аяз ата мен Ақшақар ғана кешігіп жатыр.

Жүргізуші: Кәне хатымызды оқиық. Балалар мында сиқырлы сөз жазылыпты, осы сөзді айтсақ Аяз ата мен Ақшақар тез келеді, Кәне: Аяз Ата, Ақшақар кел, кел

Саққұлақ : Мен бір дауыс естіп түрмын.

(свет сөнеді, диапроектормен ортаға жарық түседі. Музыка ойнап залға, Аяз Атамен Ақшақар келеді. Аяз Ата қолында қабы бар)

Аққала :Балалар, алақай ,алақай Аяз атамен Ақшақар келді!

Аяз Ата :Амансыңдар ма, достар ұлдар менен қыздар.

                Ата – аналар, қонақтар.

                Тілеймін мен бар әлемге

                Дос көп болсын жан ашыр,

                Айналайын туыстар

                Құтты болсын Жаңа жыл!

                Тілеймін мен бар адамға

                Жаңа бақыт жаңа жыр

                Балапандар, немерелер

                Құтты болсын Жаңа жыл!

Ақшақар: Аспан жерге төгеді

                Ақ күмісін уыстап

                Жаңа жылда келеді

                Бізге қарай жылыстап.

                Сәбилердің өнерін көру үшін келемін

                Аяз ата сыйлығын үлестіріп беремін.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келгендерің қандай жақсы болды.

Аяз Ата : Қандай бәрің әдемісіңдер. Қандай бәрің өнерлісіңдер, шыршаларың қандай сұлу. Бірақ шамдары жанбай, көңілсіз болып тұр,Қане бұл қателікті түзейік. Бәріміз ортаға шеңбер құрайық.

Бәрі:  Әсем ойыншық ілінген,

                Көп мойыншақтар тізілген,

                Сұлу шырша жарқыра.

(музыка ойнап шыршаның шамдары жанады)

Ән «Шырша».

(Балалар орындарына отырады)

Аяз Ата : Рахмет, әндерің жақсы екен. Мен де бос қол келген жоқпын. Кәне балалар бізбен ибірге шыршаны айналып би-билейік

                                                                           Би «Аяз Ата мен Ақшақар»

Жүргізуші: Аяз Ата шаршап қалдыңыз ба, біздің балалар өнер көрсетеді,  биін қарсы алыңыздар.

                                                                     Би «......................................»

Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Аяз Ата , біздің балалар тақпақты да біледі тыңдашы.

1-бала: Жауды жауды ақшақар,

              Жердің беті жаңарды.

              Жаңа жылда айнала,

              Ақ мамыққа айналды.

2-бала: Тақпақтарды жаттадық,

              Би де үйрендік көрсін деп.

              Аяз ата шаттанып,

              Бізге риза болсын деп.

 

Аяз Ата: Менің қабым қайда, көп кешіктірмей балалардың сыйлықтарын берейк

Ақшақар: Маған күлдіргіш достарым қапты алып келуге көмектессін.

                                                                        

Аяз Ата қапты ашады, ішінен Жылан шығады

Ұлу: Амансыңба халқым менің. Ассалаумағалейкум Аяз ата.

Аяз Ата : Уағалейкум ассалам, бар бол балам бар бол!

                Қадамыңа гүл бітсін,

                Заманыңа нұр бітсін.

                Басқар Жылан  жылыңды

                Бердік саған билікті.

Міне сыйлықтарда табылды. Жаңа жыл да келді. Бәріде жақсы болды.

 Аяз ата : Ал, балалар, жол жүретін уақыт келді. Алыс- алыс ауылдар, өздеріңдей балалар, күтіп отыр біздерді Ақшақар екеумізді. Сау болыңдар, кездескенше.

(Музыка ойнап шығып кетеді.)

Жүргізуші: Жылан  жылымен ән шырқайық

 

 

Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған ойын сауығымыз аяқталды қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертенгілік сценариі: "Жаңа Жыл хикаялары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 719 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 900
    • DOCX 64.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кутыбаева Алия Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кутыбаева Алия Толегеновна
    Кутыбаева Алия Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53664
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика организации услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов