Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртенгілік: "Шағын орталықпен қоштасу" (сценарий)

Ертенгілік: "Шағын орталықпен қоштасу" (сценарий)

Скачать материал

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

№ 2 ЖОББМ шағын орталықтың

Тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шағын орталықпен қоштасу» 

ертеңгілік

Шағын орталықпен   қоштасу

Тәрбиеші:
Өсті міне ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші:
Мұнау үлкен үйде
Тағы да бір мереке
Балапандар қанат қақты
Баланын өсіп 1 жасқа есейді деп
Біз қимастық сезімдеміз.
Ал осы туралы балапандар не айтпақшы екен соңы тыңдайық.
Вальспен кіреді. Вальс биін билейді.
Тәрбиеші Балабақшадан балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір - бірден
Қимай кетіп барады.

1. Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы Дина
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

2. Самира: Балабақша есігін
Төртке тола ашқанбыз 
Едік аппақ нәресте
Көп-көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде

3. Расул: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа Ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

4. Дария: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың 
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

5. Әділ: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз 
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

6. С, Арслан: Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта 
Өз үйіміз сияқты

Ән «Қош бол балабақша».
Дина: Даниал сен осы жұлдыздар дегенді қалай түсінесің?
Даниал: Жұлдыз ол аспан әлеміндегі миллиондаған бірнеше жарықтар ғой.
Дина оны мен де білемін бірақ адамдарды жұлдыздар деп айтуға болама?
Даниал: Қыз балаға Жұлдыз, Жұлдызай деп ат қояды. Өнерлі адамға жұлдыз деп айтуға болады.
Самира: Ал сен балабақшаны неге ұқсатар едің?
Әділ Мен балабақшаны үлкен фабрикаға немесе заводқа.
Милана: Ол неткен зауыт, ол неткен зауыт мұнда не істеп шығарады.
С. Арслан: Мүмкін киімдер, мүмкін көрпе төсектер, мүмкін асыл бұйымдар, мүмкін қымбат жиһаздар.
Ильяс: мүмкін, бұл фабрика үйренетін әрі ойнайтын талантты балалар фабрикасы болар.
Арай: Мүмкін, бұл жерде кішкентай жұлдыздар көп жүзіне самғар.
Барлығы: Біздің балабақша жұлдыздар фабрикасы.
Тәрбиеші: Тақпақ «Әліппе»
Ән «Әліппе».
Ғалымбек кіреді. Сәлеметсіздер ме балалар, Сәлеметсіздер ме
қадірлі қонақтар?
Мен қайда келдім өзі?
Тәрбиеші бұл кісі кім? Киіміне қарап кім деп айтуға болды.
Балалар Ғалымбек деп айтады.
Ғалымбек Иә мен Ғалымбекпін. Түнде аспанға қарап жұлдыздарды санаймын сырларын түптен құпиясын ашамын. Ал сендердің мектепке дайын екендеріңді білемін бірақта жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
(Кітап, қалам, әліппе туралы жұмбақ).
Ғалымбек: Жұмбақтарымды шештіңдер енді барлықтарың ортаға келіңдер. Қазір жұлдызды
жаңбыр жауады(шарды тесіп ішінен жұлдыздар шашылады)
Ғалымбек: Балалар енді мен кетейін көмегім
керек болса шақырыңдар.
Тәрбиеші: ал біздің балалар оқып жүріп билей де алады...
Би «Әріптер».
Тәрбиеші: Бүлдіршін атты қалалық байқауында өзін әйгілі танытқан Дариғаның сүйікті әнін қабыл алыңыздар.
Бала Құрметті ата - аналар балалардың сұрақтарына жауап беруге дайынсыңдар ма.
1. Оны дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? Ернар
2. Ас атасы қалай аталады? (нан)
3. Жеті сан туралы не айта аласыңдар?
4, Үш жұртты атандар?
(Спанч боб кіреді)
Сәлеметсіңдер ме? Сендер мектепке барады деп естідім, ал мектеп не екенін мен білмеймін онда не істейді. Балалар жауап береді. Мектепте қоңырау соғылады.
Оркестр.
Тәрбиеші: Спанч боб сен білесің бе балалар мектепте үй жұмысын орындап келген үшін мұғалім оларға баға қояды.
Спанч боб Немене таға дейді.
Тәрбиеші: жоқ, таға емес, баға қазір саған ойын арқылы көрсетеміз.
Ойын «Бағаңды ал». осы ойын ата - аналармен балалармен.
Түшкірбек пен Жөтелгіш кіреді.
Тәрбиеші: Ой балалар бұл қонақтар кім? Бұларды кім шақырды?
Түшкірбек пен Жөтелгіш: келетін жерге келдік, қанша балалар, сендер бізді танымай тұрсыңдар ма?
Тәрбиеші: Есімізге түспей тұрсыңдар.
Түшкірбек: Ендеше таныстырып қояйын мен Түшкірбек.
Жөтелгіш: Ал мен Жөтелгіш тәтелерің. Не танымай тұрсыңдар ма?
Тәрбиеші: Әрине, біздің ондай тәтелеріміз болған жоқ.
Жөтелгіш: керісінше біздің есімізде, ол кезде балалар кішкентай еді, мұрындарынан су аға беретін, ауыра беретін.
Түшкірбек: Ол күндер қандай алтын болатын еді, енді қарашы біреуі де ауырмай отыр. Осы неден а, аа Бұл Баян апай күнде таңертең балаларға жаттығу жасататын.
Ал Роза апай күнде-күнде тамақтарын қадағалап, витаминді салат береді.
Ал Зауреш апай ән айтқызып. Гүлден апай билетіп аяқтарын оңға, солға билетіп үйретіп жүр.
Тәрбиеші: сондықтан біздің балалар керемет билей алады.
«Спорт би».
Ағылшын тілде тақпақтар, ән.
Түшкірбек Балаларды осылай міне қинайды, ағылшын тілде сөйлеткізеді олар сосын қайдан аурады. Қане көмектес ауыртайық тағы да.
Тәрбиеші: Тоқтай тұрыңдар мынау не деген сұмдық, балалар сиқыршы Ғалымбекті шақырайық.
Балалар Ғалымбек деп шақырады.
Ғалымбек: Мені шақырған кім? Қандай көмек керек.?
Мен сиқырлы таяғымен сендерді айналдырып жіберейін
1, 2, 3, енді сендер түшкірмейсіңдер, жөтелмейсіңдер қане жөтеліп, түшкіріп көріңдерші.
Ғалымбек: Дені сау адам әр қашанда көңілді болады, мектепте оқуды жақсы оқиды. Сендер білмейсіңдер ме оқымаған бала қандай болатынын. Ал кәнеки балалар көрсетейік.
Ән «Егер мектеп болмаса».
Түшкірбек пен Жөтелгіш: Біз енді мектеп не екенін түсіндік астапыралла жаңағыдай болса.
Тәрбиеші: Сендер мектепке барғыларың келмей ме?
Түшкірбек пен Жөтелгіш Біз барғымыз келеді. Балалар бірге бізді алар ма екен?
Тәрбиеші: Ал сендерде портфель бар ма?
Түшкірбек пен Жөтелгіш: Бар қазір алып келейік.
Тәрбиеші: Шамасы дүниенің барлық кітабын алған шығарсыңдар.
Жөтелгіш: Қайдағы кітап, мұнда біздің сүйікті заттарымыз бар.
Тәрбиеші: Қане көрейікші оһо мынау фанта ғой.
Жөтелгіш Тамағымды шайып сабақтың алдында бұл менің таңғы асым шупа шупс.
Т; Мынау не?
Жөтелгіш Мынау будильник мен сабақта ұйықтап қалсам үзіліске оятады.
Т; Мынау не?
Жөтелгіш: Мынау ең сүйікті жастығым ғой.
Т; балалар жастық алуға бола ма? Жоқ
Сіз дұрыс дайындалмапсыз, қане Түшкірбектікін көрейік.
Түшкірбек: Бәрі бар онда.
Т; Мынасы не? сен енді ауырмайсың ғой.
Түшкірбек: Ауру қалса әдет қалмайды ғой.
Т; Жарайды сіздерге портфельді қалай жинау керек екенін балалар көрсетеді.
Көрініс Портфель. Портфельдің суретіме салынған үйшік тұр.
Ақбота Биік те емес аласа
Бір портфель тұр жараса.
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа.
Сонда бұны кім алған
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Жанел: Түк, түк, түк.
Кіреуіме бола ма
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды.

Пенал - Жанат:
Пай пай пай
Түсім бе әлде өңім бе
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде.
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын.
Кім тұрарын портфельде
Жайлап біліп алайын.
Түк түк түк
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын.
(Ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші - Ақбота
Енді әліппе келеді
Портфельді ол да көреді

Әліппе - Нурали
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші - Жанел
Есікті ашып осы сәт
Панел шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды.

Пенал - Жанат
Кір Әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Жүргізуші - Ақбота
Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарады ол да телміре
Дәптер - Ернар
Жазу жазар болса кім
Онда мен де керекпін.
Кіргізіңдер мені де.
Бір тұрайық демекпін.
Жүргізуші - Жанел
Әліппе де жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты.

Әліппе - Нурали
Кел дәптерім келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп біліңіз
Жүргізуші - Ақбота
Түгелдесіп бір біріне
Достар күтіп алаңдар
Келіп жатты жүгіріп
Түрлі түсті қаламдар
Пайда болды 4 - тік те
Көп ұзамай 5 - тік те.
Айтып жатты жарысып.
Өз ойларын естірте.
5 - Тік - Дина
Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді.
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
4 - Тік Темірлан
Жақсы оқитын балалар
4 пен 5-ті алады
Ұқыпты өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Қызыл қалам М. аружан
Әрине, әрине!
Керексіңдер бәрің де
Көңіл сыйса сыямыз
Тар болса да ұямыз.
Көк Қалам К. Аружан
Тәртібінен сабақтан
«4» «5» Алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар таныссын.
Жүргізуші - Жанел
Міне осылай портфелдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
2 лік пен 1 де жетті
2 лік Мейрамбек
Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіңе
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіңе.
1 лік Арслан
Жалқаулардың жалдап алам
Аңқауларын алдам алам.
Көшпей қалса сыныптан
Досым үшін мен де қалам.
Жүргізуші - Ақбота
Сұрланып босағадан
Пенал шықты.
Ұрысып «1» « 2»- ні
Жерге тықты.

Пенал - Жанат
Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау кім деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы бола ма
Достарымыз 4 пен 5
Кетіңдер бізге жолама

Жүргізуші - Жанел
Кіргізбей 1 мен 2 ні
Сарт етіп есік Жабылды.
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
Оқушы қыз Арай жүгіріп шығады.
Түшкірбек: Балалар қандай ақылдысыңдар сендер мектепке барғанда тек қана 4 пен 5- ке оқисыңдар ма?
Иә.
-Ал мен 1 мен2-ге оқитынмын. Қиын болмай ма сендерді тексеріп көрейік.
Ойын портфель
Жөтелгіш: Жарайсыңдар балалар бәрін істеу білесіңдер 4 пен5 -ке ғана оқитынын енді
біздің көзіміз жетті. Аман болыңдар ауырмаңдар түшкірмеңдер енді бізге кету кере сау болыңдар.
Ән «Мен мектепке барамын».
Тәрбиеші: ал енді балалар болашақта кім болғылары армандағандарын сендерге айтып берсін.
Күнге күліп, күй шерткен Ернар
Айға әнін тыңдатқан
Ақын жырын жырласа
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді
Ұшқыш болмай немене
Қуат бітті денеме
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болғым келеді.

Арай: Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Өзім жақсы сүйемін
Дәрігермін мен деймін
Кәрі әжемді емдеймін
Көп-көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін.

Темірлан: Бірде қырға шабамын
Бірде тауға барамын
Қашан демін аламын
Түн демейді түнде де
Күн демейді күндіз де
Шаршадым деп айтпаймын
Өскенде шофер боламын.

Нұрымжан: Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын
Боламын десем боламын.

Света: Ғажап қой сырлы сөйлеген
Қазақтың қара өлеңі
Атамды тыңдап кейде мен
Ақын болғым келеді

Тәрбиеші: Ал қазір балалар өздерінің алғыстарын айтады.
1. Нурали: Гүлдендірген бақшаны 
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Нэйля Хамитқызына мың алғыс.

2. Ильяс: Жайдары жүз, ай қабақ 
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратып
Бижамал Хамитқызына көп рахмет.

3. Арслан Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Сәуле апайға мың рахмет.

Аружан: Ағылшын тілім білсін деп
Үйреткен бізді Шолпан апай
Қоштаспай біз қаламыз
Мектепке іздеп табамыз.

К. Аружан: Әрбір күні Бір-бір баладай
Сапқа бәріміз тұрамыз
Секір десе секіріп
Айтқан тілін аламын
Болды бізге Баян апай
Арайлап атқан ақ таңдай
Салауатты өмір кешіп
Самғаймын алға қырандай

4. Даниал: Үйренгеміз өнер біз 
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Зауреш, Гүлден апайларға мың алғыс.

5. Милана: Тәтті тағам пісірген 
Айран сүтін ішкізген
Еркеш, Жұлдыз апайлар
Сіздерге де мың алғыс.

6. Дариға: Жазу жазып үйреткен 
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген Нағима Мадиқызына,
Сұлушаш Заркешқызына
Айтамыз мың алғыс.

7. Темірлан: Бізді баптап қараған 
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Асел Амантайқызына көп рахмет. Балаларға арнап тәрбиешілері ән орындап береді. Сыйлықтар тарату.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертенгілік: "Шағын орталықпен қоштасу" (сценарий)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 1917
    • DOCX 33.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Сулушаш Заркешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Сулушаш Заркешовна
    Ахметова Сулушаш Заркешовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7427
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 444 человека

Курс профессиональной переподготовки

Управление дошкольной образовательной организацией

Заведующий детским садом (детскими яслями, яслями-садом)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек