Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертенгілік Қош бол, Әліппем

Ертенгілік Қош бол, Әліппем

библиотека
материалов

Тақырыбы: Қош бол, Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.


1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, асыл халқым!

2 - жүргізуші:  Армысыздар, ардақты әкелер мен аналар!

1 - жүргізуші: Сәлем замандастар, қарлығаштар, құрбы-құрдас, достарым!

1-2 - жүргізуші: Бүгінгі той жиынға жиналған күллі қауымға, баршаңызға мың сәлем!

2 - жүргізуші: Той тойға демекші,тойға бүгін себепші

Тойда өзі болмаса,ортаға өзі шықпаса

Қайдан сәні бұл тойдың!

1 - жүргізуші: Уа, халайық,сахнаға,

Шақырайық қол соға.

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкірттерімен ортаға.

(ортаға оқушылармен мұғалім шығады)
Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «В»
 сыныбының әзірлеген «Қош бол,Әліппем!» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйреніп, не білдік 
Кәне, ортаға салайық. 
Өтті оқу сан сабақ, 
Бүгін үлкен салтанат. 
Басқа оқулық достаспақ, 
Әліппемен қоштаспақ. 

Әліппемен қош айтысып қаламыз 
Енді қолға басқа кітап аламыз. 
Ата-ана қуанышқа ортақ бол, 
Сауатты болып шықты міне балаңыз! 
Әліппе деген алтын жол 
Апарады сені алысқа. 
Жеңіл емес ауыр жол, 
Тырысып бақ намысқа. 
Мұғалім: - Балалар Білімдегі жарық не? 
Оқушылар:Болашаққа жол ашқан 
Ол сүйікті Әліппе. 
Мұғалім: - Әліппені ортаға шақырайық. 
Хормен: Әліппе! Әліппе! 

Әліппе: Армысыздар, жас достар! 
Армысыздар, ата-ана ! 
Болашаққа жол ашар , 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген . 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің . 
Қуанышы баланың, 
Қуанышы халықтың. 

Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы. 

Мұғалім:Жақсы Әліппе онда біздің қонағымыз болыңыз!Төрлетіңіз!

Осы кезде кішкентай көбелек сценаға ұшып келеді,айнала ұшып жүр,аузында хаты бар./Айсана/

Мұғалім:Ой, балалар, бұл не бізге ұшып келген?Адасып кетті ме екен?Жоқ, балалар, қараңдар, аузында хаты бар.Алматы қаласы,Алматыкітап баспасынан

Хаттама: «Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар». Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!Таза ұстаңдар,кірлетпеңдер! Ана тілін сендерге жібердім,қарсы алыңдар.
Ана тілі:Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Мұғалім:Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз./Әліппенің қасына отырады./

 Мұғалім: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:

Әліппе: Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Хормен: Қош бол, сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін.

Бүгінгі салтанатты мерекені қорытындылаймыз!





Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қош бол,  Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.

Общая информация

Номер материала: 399061

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG