Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ер-тоқым туралы /Зерттеу жұмысы/
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Ер-тоқым туралы /Зерттеу жұмысы/

библиотека
материалов

hello_html_m63ab2801.gifhello_html_e5ac164.gifhello_html_m2f1272ec.gifhello_html_m6e00be2d.gifhello_html_787cc967.gifhello_html_m35acc877.gifhello_html_m339fc01e.gifhello_html_599c20f6.gifhello_html_m37013503.gifhello_html_m3a9e744c.gifШығармашылық зерттеу жұмысы

Ер-тұрман

Бағыты: Этномәдениет

Аннотация Зерттеу ер-тұрман туралы толық мәлімет беруге бағытталған: қазақтың дәстүрлі қолөнері, ағашты ұқсату, ер қосу, ердің түрлері, ер-тұрман жасау және ағаш шеберлігі өнерін үйрету.

Болжамы: технология пәнін оқытуды, теория мен практикада алған білімдерімізді іс жүзінде дамытсақ, онда бойымыздағы түрлі қабілеттер ашылады, өйткені өз бетімізше ізденіп, ой-қиялымыз дамиды, әрі шеберлігіміз шыңдалады.

Зерттеудің барысы, кезеңдері:

  1. Жетекшімен бірге жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалады.

  2. Интернет және кітапханамен байланыс, іздену кезеңдері.

  3. Қажетті материалдар жинақталады.

  4. Зерттеу обьектісінің жобасы, технологиялық картасы сызылады.

  5. Сыйкәделік ер-тоқым жасалады.

  6. Зерттеу әдістері арқылы нақты талданады, нәтиже жасалады

Мазмұны:

  1. Кіріспе бөлім.

    1. Ұлттық қолөнер туындысының бірі- ер-тұрман.

  2. Негізгі бөлім

    1. Ер-тұрман түрлері

    2. Ер-түрман жабдықтары

    3. Ер-тоқымның жасалу технологиясы

  3. Қорытынды.

Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй және тұрмыстық бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай "үйші", "ерші", "арбашы", "ұста", "саз аспапшы" деп атаған.

Көшіп қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат, соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше.

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы ат әбзелдерін ою-өрнекпен көркемдеп безедіріп отырған.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер.

Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.

Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауды талап ететіні белгілі.

Ер дегеніміз – салт атқа мінуге арналған ат әбзелдерінің негізгі құралы. Ер-тоқым мінген адамға жайлы әрі аттың арқасына батпайтын, жүріске бөгет болмайтын болуы шарт

Ел арасында сапалы ер-тұрманға деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантпай қоймайды. Бұл ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны сақтап, төл өнерімізді өркендетуге деген ықыластың артқанын аңғартады. Ұлттық қолөнерді дамытудың экономикалық тиімділігі де жоғары болмақ. Елімізге келген шетелдік туристер ең әуелі айқара көзге ұратын қазақтың ұлттық құндылықтарына айрықша қызығушылық танытатыны сөзсіз.

Ер – салт атқа мініп жүру үшін қолданылатын жабдықтардың бірі. Көне заманнан бері көшпелі халықтың өмір қажетіне сай қалыптасқан айрықша құрал-жабдық және өнер туындысы. Ұлы Абай:

«Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,

Қиыстырып қиыннан айтсам демек.

Атқа жайлы, мінуге және ыңғайлы,

Алды-арты бірден келсін дөп-дөңгелек»,- дегенде ер қосу өнерінің аса қиын да, қажетті өнер екенін айтқан.

Сыртқы бітім ерекшелігіне орай ердің «қазақ ері», «:қоқан ері», «құранды ер», «ашамай ер», «қазық бас ер», «орыс ері» деп аталатын түрлері бар. Осылардың ішінде құранды ерден басқасы көбінде бес бөлікті қосу арқылы жасалады. Олар екі қас (артқы қасты көрсен деп те атайды), екі қаптал және бел ағаш (орта ағаш). Бұлардың ішінде қазақ халқы арасында көп тарағаны қазақы ер. Оның екі түрі әйелдерге және еркектерге арналған түрлері қолданылады.

Еркектерге арналған ердің сүйегі жұқа және ықшамды, өте жеңіл келеді. Мұндай ерлерді онша әшекелемейді, тек жасалуына көп көңіл бөліп, жете өңдейді.

Әйелдерге арналған ердің сүйегі ауыр, әшекейі мол, алтын, күміс, асыл тас, сүйек мүйізбен әшекейленеді.

Балаларға арналған ерді- ашамай дейді. Ер бала дүниеге келгенде қазақ оған арнап жаңа туған құлын бәсірелейді. Сол бәсіресі тай, құнан болғанда үкі тағып, ашамай жасатып, баланы мінгізген. Ашамайдың алдыңғы және артқы қасы, қос қапталы болады.Ашамайда үзеңгінің орнын қоржын тәрізді тоқылған немесе ақ киізден басылған тепшік қолданылады.

Ер - тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ершілер көбінесе ағаш ұсталығын, темір ұсталығын, зергерлік өнер мен үйшілік, тігіншілік, өрімшілік өнерін қатар меңгерген әмбебап шебер болып келеді. Ердің ағаштан жасалған негізгі бөлегін сүйегі деп атайды. Ағаш тапшы жерлерде ердің сүйегін бірнеше бөліктен қиюластырып, құрап, желімдеп жасайды. Оны "құранды ер" -  деп атайды. Сол сияқты жуан ағаш дөңбекті екіге жарып, әр бөлігінен ер сүйегін тұтас шауып шығуға да болады

Жасалуы: Құранды ер жасауға қайың ағашының безі (беріші, үйілі, көзі, оқырасы деп те атайды) өте қолайлы. Өйткені ол өте берік, әрі жарылып шытынамайды, қаңсымайды, өңделген кезде ағаштың табиғи өрнектері ашыла түсіп, өте әдемі болады.

Ер сүйегін тұтас шабу үшін тал, киіз терек тәрізді ағаштар қолайлы. Ағашты су күйінде өңдеп, ер сүйегінің нобайын келтіре, жеңілдете, жұқарта шабу жұмысында желден ағаш тез кеуіп, жарылып кетуі ықтимал.

Суға тұзды мол салып, қаныққан ертінді жасап, жұмыс істеуінде сол ертіндіге ер сүйегін әлсін-әлсін малып отырса, ағаш жарылмайды. Әзір болған ер сүйегін байырғы шеберлер сиырдың жас жапасымен орап, күн, жел тимейтін  көлеңкеде бабымен кептірген.

Ер сүйегі кепті-ау деген кезде, сиыр жапасынан тазартып, өңдеп қартауға дайындайды. Ол үшін алдын-ала ірі қараның терісін жылы суға бірнеше күн салып, жүнін жібітіп түсіреді. Тері сәл дегдіген соң қажет мөлшерден артықтау етіп кесіп алынады. Содан кейін ердің сүйегін шалқасынан аударып, оқпанынан бастап екі жақ қапталдың қырына қарай тартып, отырып, ұсақ шегелермен шегеленеді. Шегеленіп болған соң қапталдың қырынан артылып тұрған теріні екі жақ қапталын шегеленеді, кейде кергіні өрнектеп те шегелейді. Мойынды қаптамас бұрын қанжығалық пен алдыңғы қолын қаптап алып, соны бастырып мойны мен ердің басы қапталады.

Ер—тұрманның безендірілуіне байланысты жасаған материалына байланысты атауларға бөлінеді.

Мысалы: күміс ер, алтын ер, лажылы ер т.с.с. бағдарлы ер әйелдер мінетін ердің алдыңғы қасына, айыл - тұрманның, қалишының алақанына, салып салпимақшарына, асыл тастан көз орнатып, зерлеп жасалады.

Ердің үзеңгі бауы, қанжыға құйысқандығы(бүлдіргі) болуға тиіс. Үзеңгі бау алдыңғы қастың етегінен кейінірек қапталдан тесіледі.Ал құйысқан байланатын бүлдіргі мен қанжыға қапталдың артқы қанатынан тесіп өткізіледі. Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым,қайыстан өрілген айыл-тартпа,үзеңгі,құйысқан, өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны толықтырып ер-тоқым атауына ие болады.

Жалпы ер-тұрманды атаулары бойынша былай жіктеуге болады:
Ер – ердің ағашы, сүйегі, қаңқасы ағаштан жасалады.

Қас – ердің алдыңғы және артқы шошайып тұратын бөліктері. Қазақ ерлерінде алдыңғы қас және артқы қас болады. Алдыңғы қас артқы қасқа қарағанда биіктеу келеді.

Қаптал – ат арқасына үйлесімді етіп жасалған екі қисық ағаш. Ердің алды-артына байланысты «қапталдың алды», «қапталдың арты» болып бөлінеді.

Үзеңгілік – үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.

Үзеңгі  атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.

Ер-тоқым тұрманындағы тоқымның өзі ерді жабдықтайтын бірнеше бөлшектерден тұрады: тебінгі тоқым, ішпек, ішкілік, терлік, өң және көпшік, өткерме сияқты төсеніш жабдықтары кіреді.

Тоқым  аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.

Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі. 

Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады. 

Тұрман – аттың жабдығы, сонымен бірге, қазақта әр аттың өзіне ғана арнап тұрман жасату ертеден келе жатқан дәстүр.

Жүген – атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.

Сағалдырық – жүгеннің ат алқымы астынан орап тұратын бауы. Сағалдырық жүгеннің ат басынан сыпырылып түспеуі үшін қажет.

Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы. Ер-тұрман жабдықтарының даму эволюциясында құр тоқымды атқа бір немесе екі айылмен тартып мінген заманда өрге, тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.

Құйысқан – өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.


9

8

7

6

5

4

3

2

1

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21365201.jpg

Әшекейлі сыйкәделік қазақ ері

р/с

Ер-тоқымның бөлшектері

Материалы

1.

Алдыңғы қасы

қайың

2.

Артқы қасы (керсен)

қайың

3,

Бел ағашы

қайың

4.

Қапталы

қайың

5.

Құйысқандық пен қанжыға


6.

Үзеңгілік


7.

Үзеңгі

Күмістелген металл

8.

Оқпан


9.

Нақышталған әшекей

Күміс, асыл тастар



Сыйкәделік қазақ ерін жасаудың технологиялық картасы

р/с

Орындалатын жұмыс

Графикалық кескіні

Құрал-саймандар

1.

Көрсетілген өлшеvдегі қайың ағашынан дайындама дайындау

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21373507.jpg



Қарындаш,

өлшеуіш сызғыштар, ара

2.

Алдыңғы қасы, бел ағашын, артқы қасын тұтастай шауып дайындау

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21373507.jpg



Балта, қашау, ара, шот балта, түрпі, шарық қағаз

3.

Екі қапталды жұқа тақтайдан шауып дайындау

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21373507.jpg



Ара, балта, шот балта, өлшегіш, қарындаш, түрпі, шарық қағаз

4.

Екі қапталды белағашпен алдыңғы және артқы қастарға бекіту

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21373507.jpg



Бұрғы, бұрауыш, бұрама шеге,өлшегіш

5.

Ердің үстін былғарымен қаптау, алдыңғы қасын күміс өрнекпен, асыл тастармен әшекейлеу

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\My Pictures\Samsung\SCX-3200_20130201_21373507.jpg



Балға, шеге, былғары, түсті метал,асыл тастар, шапқы, егеу, бұрғы



Қорытынды. Жоғарыдағыларды ескере отырып мынадай қорытынды жасауға болады.Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер-ер жасауы бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап, ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Шаңырақ» энциклопедиясы

  2. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»

  3. «Қазақтың ұлттық қолөнері»

  4. «Білім және еңбек» журналы

  5. «Мектептегі технология» журналдары







Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров968
Номер материала ДВ-195314
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх