Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Еңселі елден-Мәңгілік елге" атты сыныптан тас шара

"Еңселі елден-Мәңгілік елге" атты сыныптан тас шара

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

А.Губайдуллина

М.Қаналиев атындағы

Алғабас мектеп-балабақша кешенінің

тарих пәні мұғалімі.

Сырым ауданы,

Батыс Қазақстан облысы.



Тақырыбы: Еңселі елден - Мәңгілік елге

(Қазақ хандығының 550жылдығына орай)

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу процесін талдай отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;

Оқушылардың логикалық ойлау,шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;

Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге,өз Отанын,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: сыныптан тыс шара

Әдіс-тәсілдері: СТО, топпен жұмыс,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, хандардың суреттері, сызба-нұсқалар.

І ұйымдастыру (Оқушыларды 3 топқа бөлу,сынып бойынша)

І топ. «Хандар» 9 - сынып

ІІ топ. «Батырлар» 10а сынып

ІІІтоп. «Билер» 10б сынып

Мұғалім сөзі:

2015жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. «Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық.Елдің тұтастығы мен бірлігі,татулығы мен тыныштығы ең басты назарда»- деп Елбасымыз атап көрсетті.

Бүгінгі тарихи кешімізге сарапшы мамандары тарих пәнінің мұғалімдері Нұржан Нәділшеұлы,Бибігүл Саматқызы.

І жүргізуші:Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан-алтын бесік отаным

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің

ІІжүргізуші:Ата-бабам,жаны күйіп қорғаған

Тәңір қолдап,бақ береке орнаған

Қазақстан-тәуелсіз ел сен бүгін

Ақ тілегін болашаққа арнаған.

І жүргізуші: 10а-сынып оқушысы Мәжік Айкүмістің Қазақ хандығының 550жылдығына арнап шығарған «Ақ таңы,азаттықтың жеңді,міне!» (өз шығармашылығы)атты өлеңін тыңдайық.

«Ақ таңы , азаттықтың жеңді, міне!»

Аспанына ту тігіп , асқарына ,

Ойып жазған көне ескерткіш тастарына .

Бес ғасырдың данасы , қазақ жұрты ,

Тойлап жатыр хандықты ақтарыла !

Тізіп айтсам толқынын ақ-қараның ,

Қынабынан қан тамған замандардың .

Ата-қоныс жайлаған қазақ жұрты ,

Сыйлады құдайындай патша ханын .

Шежіре бар , шертілер ғасырлардан ,

Тарихта хандықпен аты қалған .

Жәнібек пен Керейдің басшылығы ,

Күллі жұртқа кемел жол , қадам болған .

Дәріптедік Қасымның қасқа жолын ,

Жүріп өттік Есімнің ескі жолын .

Нұрсұлтанның нұрлы жол ізіменен ,

Айналдық тәуелсіз бір елге бүгін .

Алдың қазақ Алтай мен Атырауды ,

Шыңғыс ханға бермедің Отырарды .

Қарымы қайтпасын деп келер күннің ,

Батырлықпен ен дала қосып алды .

Бес жүз елу жыл толып хандығына ,

Бес ғасырдай жалғапты өсиетін .

Тамырын терең жайған қазақ халқы ,

Күннен-күнге жаңғыртты тарих үнін .

Тарихтың көз тастап кеңдігіне ,

Тауыса алмайсың , жетпейді-ау уақыт мүлде .

Қынабынан қан тамған замандардың ,

Ақ таңы , азаттықтың жеңді, міне!

ІІжүргізуші:Армысыздар бүгінгі кештің қонақтары және өрлі де,асқақ рухты тәуелсіз елдің жастары!Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі елден-Мәңгілік елге» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер!

І жүргізіуші: Ендеше І кезеңімізде «Қазақ хандығының құрылу процесі», «Қазақ хандығының аумағы мен халқы» және «Қазақ хандығының сыртқы саясаты» атты тақырыптарда топтардың шағын көріністері немесе сипаттап жеткізулері керек.

І топ. «Хандар» «Қазақ хандығының құрылу процесі»

ІІ топ. «Батырлар» «Қазақ хандығының аумағы мен халқы»

ІІІтоп. «Билер» «Қазақ хандығының сыртқы саясаты»

ІІ жүргізуші: І кезеңді қорытындылау үшін сарапшы мамандарымызға сөз кезегін береміз.

І жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі бейнероликті тамашалайық. hello_html_m752a900d.gif

ІІ жүргізуші:1465-1466жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп,Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,Орда құруы ең алдымен,көшпелі қазақтардың ел болып,еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.

І жүргізуші:Екіншіден,суы мол,топырағы құнарлы,жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

ІІ жүргізуші: ІІ кезеңіміз топтардың постер қорғау сәті.Сіздерге мынадай тақырыптар беріледі.

«Хандар» - Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады.

«Батырлар» - Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.

«Билер» - Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады.

Ән: «Қазақтай ел қайда» орындайтын Ғайнетден Мұхтархан

І жүргізуші:Сөзді сарапшы мамандарымызға береміз.

ІІ жүргізуші:ІІІ кезеңде әр топтың шығармашылық жұмысы,яғни слайдтарын қорғау.

«Хандар»- Ханның рөлі,3 ханды сипаттау.

«Батырлар»- Батырлардың алатын орны,3 батырды сипаттау.

«Билер» - Билердің рөлі,3 биді сипаттау.

І жүргізуші:Сөзді сарапшы мамандарымызға береміз.

ІІ жүргізуші: IV кезеңіміз дода деп аталады.Мұнда әр топқа сұрақтар қойылады 2минутта жауап берулері керек.

Ітоп.

1.Қазақ ханы Керейдің ұлы: БҰРЫНДЫҚ

2.Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібекті барынша қолдаған хан:МОҒОЛСТАН ХАНЫ

3.Қазақ хандығында бірнеше рудан құрылған арысты басқарды:БИ

4.Қазақ халқының қалыптасып мемлекеттің құрылуында тарихи роль атқарған мемлекет: Ақ ОРда

5.Қазақ сөзінің шығу тегіне байланысты «қазғақ оғлұм» сөзі кездесетін жазба: ОРХОН-ЕНЕСЕЙ жазбаларында

6.Қазақ сөзі пайда болған уақыт: КӨНЕ ТҮРІК дәуірі

7.1680жылы қазақ хандығының билігін қолына алған Жәңгір ханның ұлы: ТӘУКЕ

8.ХVғасырдың ІІжартысында қазақ хандығы өзінің негізгі күшін жұмсады:СЫР бойындағы қалаларды басып алуға

9.Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері:ҚОЗЫБАСЫ (Жетісудің батысы)

10. «Тарихи-и-Рашиди» еңбегіндегі құнды дерек: Жәнібек пен Керейдің Өзбек ханнан бөлінуі.

11.ІХ-Хғасырларда «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер: Шығыс Дешті Қыпшақта

12.Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы: Тәуекел

13.1470жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан

14.Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Шайбани ханмен болған шайқас нәтижесінде қазақ хандығының құрамына кірген қала: Сауран

15.Шайбани ұрпағы мен қазақ хандығының арасындағы Сырдария қалалары үшін күрек созылды: 30жылға

16.ХVIғасырдың алғашқы ширегінде қазақ хандығын билеген хандар: Бұрындық пен Қасым

17.Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды: Монғол шапқыншылығы

18.Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтанның Хақназар ханды өзіне жақындату мақсатында қазақ хандығына берген қалалар: Түркістан,Сауран

19.Қазақ хандары Қаратау өңірін өздеріне қаратты: ХVғасырдың 70-жылдары

20.1598жылы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып ,екі хандық хансыз қалды,бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

ІІтоп.

1. ХVғ Өзбек ұлысында ержүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан

2.1470ж Созаққа шабуыл жасаған қазақ ханы: Жәнібек

3. «Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларымен өз таңбаларын салған жері: Таңбалы Нұра

3.Қазақ хандығының құрылу қарсаңында арғындар мекендеді: Ертістен Батысқа қарай,Орталық Қазақстанда

4.Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты роль атқарған тайпалар: Ақ Орда тайпалары

5.Керей мен Жәнібекке жер бөліп берген Моғолстан ханы: Есен-Бұға

6.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында ұлы көш басталды:1459жылы

7.Қазақ халқы қай тайпалық одақтардың бірігу нәтижесінде құрылды:Қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағы

8.Қазақ хандығының құрылуы жайында мәліметтер кездесетін тарихи еңбек: «Тарихи-и-Рашиди»

9. ХVғ соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар: Созақ, Сығанақ

10.В.Степанов бастаған орыс елшілерінің қазақ хандығына келген жылы: 1595жыл

11.Қазақ хан тағының мұрагерлері: Сұлтандар

12.Ресейдің Шығыс пен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт пен Қақпа» ролін атқарды деген патша: І Петр

13.1710жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып,жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм

14.Қазақ сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: ХІVғ

15.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде қазақ сөзінің мағынасы: мықты,берік,алып

16.Алаш аңызында айтылған үш жүз негізін қалаған: үйсін,алшын,болат

17. ХVІғ басында Қасым хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюына батыстағы осы мемлекеттің әлсіруі себеп болды: Ноғай Ордасының

18. ХVғ қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген ер: Түркістан аймағы

19.Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізген жер: Күлтөбе

20.Қасым ханның кезіндегі қазақ хандығының астанасы: Түркістан

ІІІтоп.

1.Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі неше жылға кешеуілдеді: 150-200жылға

2.Сауран қаласы қазақ хандығының қарамағына түпкілікті өтті: ХVІғ

3.ХІІІғ басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: еркін,кезбе

4.Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт: ХVғ ІІжартысы

5.Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қоңыраттар мекендеді:Түркістан мен Қаратау аралығында

6.Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрды: 7

7. ХVІғ қазақ жерінің басым бөлігін өзіне қаратқан қазақ ханы: Қасым

8. ХVғ ІІжартысында Шайбани ханға қарсы соғыста қазақ хандығы мен одақ құрды: Әмір Темір әулеті

9. «Алаш»сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды:ІХ-Хғ

10. ХVғ 70-жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері: Сырдария мен Қаратау аймағы

11.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейін қазақ халқының жүзге бөліну себебі: Өз жерін қорғау үшін

12.Қазақ ханы Қасымның билігі тұсында: Қазақ хандығының территориясы кеңейді

13.Қазақ хандығы алғашқы қарым-қатынас жасаған ел: Моғолстан

14.Қазақ хандығындағы таптық негізгі екі топ: Феодалдар мен қарапайым халық

15. ХVІІғ 70-жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп,қосып алған қалалар саны: 9

16.1613жылы Есім хан бастаған қазақ әскері шабуыл жасайды: Самарқанға

17.Қазақ ханы Жәнібек: Ақ Орда ханы Барақтың баласы

18. ХVІІғ басында қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім,Тұрсын

19.Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым: Ш.Уәлиханов

20.1680жылы қазақ хандығының билігін қолына алған Жәңгірдің ұлы: Тәуке.

Ән:Алға,Қазақстан! Орындайтын 11сынып оқушысы Науан Эльдар.

Мұғалімінің қорытынды сөзі: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат,бабаларымыз құрметті,әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға.Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық,өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

Қорытындылау үшін сөзді Нұржан Нәділшеұлына және Сұлужан Жәдігерқызына береміз.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-381895
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх