Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Есеп беру "Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлективтік есеп"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Есеп беру "Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлективтік есеп"

библиотека
материалов

Нурбекова Гульжан Айдархановна мұғалім портфолиосы В2 есебі

2 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 09.11.2015 ж



Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлективтік есеп

Мұғалімге араналған нұсқаулықта айтып өткендей бағдарлама нәтижесінде өзін еркін ұстайтын, өзіндік дәлелі бар, сабаққа ынталы, дамыған, құзіретті оқушы қалыптастыру деп айтылғандай үшінші деңгей бағдарламасының мазмұнды идеясын түсінуге қол жеткізу үшін, жеті модуль идеясымен таныса отырып, «Мектептегі тәжірибе» кезеңінің төрт аптасында тәжірибелік төрт сабақ өтілді. Тізбeктелген сaбақтар тoптамасын жaсау барысында «оқу мазмұны мен тізбeктелген сaбақтар топтамасын жоспарлауды ескерту» тақырыбына сүйене отырып, сегіз тезис негізінде сабақ жоспарын құруды қарастырдым. 8-сынып бойынша «Жылу құбылысы» тарауы бойынша тоғызыншы сабақ бойынша рефлективтік есеп. Сабақтар бағдарлама бойынша блум таксономиясы бойынша құрылған. Ол таным, ойлау әрекеттері, оқу мақсаттарына жету үшін орындалады.

Сабaқтың тaқырыбы: Oтынның мeншікті жaну жылyы.Oтынның энeргиясы

Сaбақтың мaқсаты: Oтын жaнғанда энeргияның бөлінyін түсінy, oтынның мeншікті жaну жылyы жәнe oның өлшeм біpлігін, oтын жaнғанда бөлініп шығaтын энеpгияны есeптеу

Сабaқтың нәтижeлері:

1.Oтынның меншікті жану жылуы ұғымын меңгеруі

2. өз oйын eркін жeткізуі

3.танымдық белсенділігі артуы

4.білімін іc жүзінде қoлданып, іскeрлік қaбілеттері дaмуы.

Тақырып жаңа сабақ болғандықтан сабақ барысының мағынаны ажырату кезеңіне үлкен көңіл бөлінген.

Балалар қандай білім алса, тақырыпты жақсы меңгереді? деген сұрақ туады. Алғашқы бетпе-бетте үйренгеніміздей оқушының нәтижелі білім алуы үшін оқушы өздігінен алған білімдерін дамытады, зерделейді, өздерінің қате тұжырымдарын түзетіп дұрыс ой түйеді. Бастапқы, яғни жаңа білімді алайын деп отырған оқушы дұрыс табысқа ,яғни нәтижелі білімге қол жеткізу үшін оқушы мен мұғалімнің білім игеруінің ортақ нүктесі болу керек, яғни білімдері үйлесім таба білуі керек. Ол үшін сабаққа дұрыс әдіс-тәсілді таңдап алу, белсендірілген сұрақтар мен тапсырмалар даярлап алу керек. Осы жерде Ұлттық оқу зертханасы , Бефель, Мэн штаты, АҚШ, oқу пирамидасын негізге аламыз. Сонымен қатар баланың бір сабақ ішінде өзін-өзі реттеу, яғни: білу, түсіну, реттеу, ойлау, қатесін танып білу, есте сақтау сияқты таным үдерісінтерін дамытып отыру қажет. Мұның бәрі метатану үдерісін меңгерген оқушыға әкеледі. Ал Флайвелдің пікірі бойынша мұғалім кеңес беруді ұмытпаса, яғни оқушыға бағыт берсе, «өнімділік тапшылығына» мұғалім тап болмайды деген пікірі бар.

Сабақтың ең бастапқы кезеңінде сыныппен амандасып, көтеріңкі көңіл-күй атмосфералық ахуал тудырып алдым. Көңіл-күйлерін, хал-жағдайларын сұраған соң оқушыларға орындарына жайғасуды сұрадым. Тәжірибелік сабағымды бастау үшін сыныпты алдымен топқа бөліп алдым. Яғни оқушылардың алдарында тұрған әркім өз затын менің қабыма жинап салып берді, мен оны араластырып, қайта парталарға тараттым, әркім өз заты тұрған орынға келіп жайғасты.

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0732.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0730.JPG

« Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы ұсыныстар» Қасымбек А.А еңбегінде былай айтылған. Топты құрып, жұмыс ережесін бекіту барысында ұстаз тарапынан:


C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0728.JPG

1.Қолайлы ахуал, өте тиімді жұмыс ортасын қалыптастыруға;

2. Әр оқушының өз мүмкіндігін дамытуына жағдай тудыруға;

3.Жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік жасауға;

4.Ізденіс пен шығармашылыққа жол ашуға;

5. Тың идеяларды назардан тыс қалдырмауға;

6. Уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыруға;

7.Пікірді дәйекті дәлелмен нақтылай білуге мән беріледі

Мен сол үшін алдымен оқушыларға топтық жұмыстың алтын ережесімен таныстыруым үшін А деген оқушыны тағы бір рет оқушылар есіне түсіру үшін, топ ережесін қайтадан оқып шықты. Иә, сонымен қатар топ мүшелерінің атқаратын қызметін де айтып өтті. Яғни ұйымдастырушы, бағалаушы, тайм-кипер, хатшы, сыни сарапшы, бақылаушы қызметтерін оқушылар барынша еске түсірді. «Бaлaға күштeп білім бeргeннен гөрі, бaланың білімгe дeген құштaрлығын oяту-eң мaңызды мaқсат» дeп К.Д. Ушинcкий aйтқан eкен.Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін:

  • Әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату маңызды;

  • Оқушылардың бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызу керек;

  • Сергіту жаттығуларын жасаудың маңызы зор;

Сабақтағы екінші әрекет ой сергіту «қарама-қарсы сап» әдісі бойынша сәлемдесу. Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айтып амандасып,көңіл -күйлерін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады.

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0705.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0704.JPG

Бұл әдіс біріншіден оқушыларды амандасуға, бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелейді, екіншіден оқушылар ой сергітеді, яғни сергіту сәті орын алады, көңіл-күйлерін көтереді. Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтып өткендей: «Көптеген адамдар өздеріне айтылған сөздердің өз-өзіне деген сеніміне әсер ете отырып, өз естерінде ұзақ сақтайды. Жағымды пікірлер өзіндік тиімділік арттырды». Яғни сабақтағы тиімді жұмыстың, дұрыс білім алудың бастамасы болып саналады.

Үшінші әрекет «тест сұрақтары» жеке жұмыс ұйымдастырылады. Өткен тақырыпты қалай түсінгенін бақылау үшін, оқушылар тест жұмысын орындайды.C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0738.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0819.JPG


Парақшаларын ауыстырып бірін-бірі тексереді. Бағалау критерийлерімен дискрипторын пайдалана отырып жеті мунит көлемінде жеті сұрақты шешу арқылы өз білімдерін өздері тексереді. Мұндағы негізгі мақсат сын тұрғысынан ойлау арқылы танымдық белсенділігін арттыру, яғни Александрдың тәжірибеде зерттеген білімді игерудің бес үлгісінің бірі –декламацияда айтып өткендей бұрын өткенді еске түсіруге ынталандыру . Сұрақтар да үш есеп, екі күрделі сұрақ, екі жабық сұрақтар қойылған. Жазып болып, оқушылар өздері тексеру нәтижесіндегі алған білім деңгейімен танысып алып, қатемен жұмыс жасап алады. Сабақтарда өткен сабақты сұраудың бұл түрі әсіресе оқушыларды өткен білімдерін бағалау, өз бағаларын оқушылардың танысуы, өздеріне тексертіп, қатемен жұмыс жасау, білімдерін қорытындылайды.

«Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білімі, біліктері мен дағдыларының жиынтығын объективті түрде (оқытушының қатысуынсыз) өлшеу мүмкіншілігін береді деп айтылған мұғалімге арналған нұсқаулықта.

Төртінші әрекет «Бірік, ойлан, бөліс» әдісі ой қозғау үшін арналған жұмыс . C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0711.JPG C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0708.JPG

Тақтада сурет көрсете отырып, проблемалық сұрақтар қойылады, оған оқушылар жұптасып ой қозғап, бір-бірімен бөліседі. Оқушыларға тақтада мынадай сұрақтар қойылады:1.Отынның қандай түрлері бар? 2. Энергияны қалай алуға болады? 3.Кез-келген отын жанғанда бірдей жылу бөле ма? 4. Отынның меншікті жану жылуы қандай? Сұраққа жауап беру арқылы ой қозғалады, яғни миға шабуыл жасалады. Оқушылар тарапынан берілген жауаптар: ағаш, көмір, мұнай, бензин, керосин-отын түрлері. Энергияны отынды жағу арқылы алады, әр отынның жану жылуы әр-түрлі М: табиғи газ көмірге қарағанды жылу бөлуі жоғары. Сонда А есімді оқушы үйде көмірден гөрі табиғи газды пайдалану өте ұтымды, әрі арзан, әрі жылу берілуі жоғары деп айтып кетсе, Б есімді оқушы жауапты қысқа қайырып, білетін білім көрсетті. Мұнда сын тұрғысынан ойлау модулі мен оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі орындалып отыр. Бесінші әрекет «постер қорғау» топпен жұмыс жасауға арналған . Тақтаға жаңа тақырып «Отынның меншікті жану жылуы»көрсетіледі. Сынып оқушылары дәптерін ашып, күн ретін жазып, тақырыпты жазады. Тақырыпта көрсетілген формула мен өлшем бірлікті, негізгі қағидасын дәптерге жазу арқылы түсіреді. Отынның энергиясы тақырыпты өздігінен меңгеріп, топта талқылайды Сосын оқушыларға топ бойынша тақырыпшалар беріледі. Өз тақырыбы бойынша оқулық материалымен, интернет материалын пайдаланып, постер даярлайды. Берілетін уақыт -15 минут ( 5 минут оқулық мен АКТ ны пайдаланады, 5 минут постер дайындайды, 5 минут қорғауға беріледі )

І топ. Отынның түрлері мен олардың жану жылуы. (7 жаттығу 1 есеп)

ІІ топ. Отынның меншікті жану жылуы. (2 есеп)

ІІІ топ.Отынның жану жылуы, өлшем бірлігі (3 есеп)

ІV топ . Қазақстандағы отынның түрлері мен пайдасы, зияны.(4-есе C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0749.JPG C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0742.JPG Барнс пен Мерсердің айтуынша «мұғалім оқушыларды әңгімеге тарту кезде зерттеушілік әңгіме жүзеге асады.Оқушылар топта жұмыс істегенде ортақ проблеманы шешуде бір-бірімен пікір алмасып, идеялар талқыланып,

Баға беріліп, түсінік қалыптасады, яғни оқушылар бірге ойланады.

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0763.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0764.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0770.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0778.JPGПостер даярлаудың тәрбиелік мәні оқушылар арасында өзара диалогтық қарым-қатынас, сыни ойлау, өз рольдері бойынша жұмысқа тартылады. Балалардың дамуына, ынталануына өз ойларын бір-біріне айтуға, өз қырын көрсетуге жетелейді

Харрис отбасы әсеріне қарағанда, отбасы тәрбиесіне қатысы жоқ құрбы-құрдастар тобы немесе қоршаған ортаның кездейсоқ факторларының ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының тәрбиесі қалыс қалған кезде мектеп тәжірибесі жастардың «тәрбиесінен» елеулі орын алуы мүмкін. ( мұғалімге арналған нұсқаулық 16 бет)

Сонымен қатар постер жасау оқушылардың сол тақырып бойынша есте сақтау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар сол постер дайындау барысында әр топқа берілген бір ғана есепті топ болып орындап, постерге түсіреді. Бұл жағдайда оқушылар тақырыпты және есепті шығаруды өз беттерімен орындай бастайды. Мысалы: әр постер жанына есеп сұрақтар берілгенде оқушылар сыни ойлау арқылы есептер шығарады. Бұл жұмысты , топта шығарады, ұжымға жариялайды. Бұл әдісті қолданған кезде айтарлықтай сәтсіз тұстарым орын алды.Сәтсіз тұсым: уақытты үнемді пайдаланбау. Әрине,қиындықсыз нәтиже болмайды. Мен нәтижеге жету үшін көп жағдайда оқушылардың баяу қимылын жылдамдатуға , уақытты тайм-кипердің үнемдемеуі бағыт беріп отырдым. Мұндағы құндылықтар : oқушылардың өз oйларын жeтік aйта aлмауы, бір -біpінің пікіpлерімен сaнаспауы, тoпта дaу- дaмайдың туындaуы, мұғaлімінің бaқылауынан қaшуы. Мeн бұл жaғдайды кeлесі сaбақтарымдaғы жоспaрымда прoблеманы шeшуге қoйдым . Oқушыларым бірнeше тізбeктелген сaбақтардан кейін сыйластыққа, ынтымақтаса жұмыс істеуге, әр пікір құнды деген ұстанымға жете алды

Сонымен қатар бұл әрекет барысында оқушылар АКТ, яғни интернет желісін пайдаланып, орындауына да болады. АКТ оқушыларға түсініксіз ұғымдарды түсініп алуға, оларды тез,әрі жылдам тауып қабылдауына көмек береді. Олар өздерінің қалауы бойынша сурет немесе, мысал және түсіндірмелерді жүктеп алып, соны постерге пайдаланады Уақыт тағы бес минутқа созылып кетті. Менің тәжірибемдегі бұл постер қорғау алғашқы рет болып отырған әдісте менің түсінгенім уақытты үнемді пайдалану. Сонымен қатар мен сыныптағы дарындылығы бар Д және М деген екі оқушыға арнайы даярланған күрделі есеп бердім. Мұндағы мақсатым талантты және дарынды оқушылармен жұмысымды бірге алып жүру.

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0786.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0794.JPG

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0797.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0801.JPG

Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін.

( мұғалімге арналған нұсқаулық 69 бет)

Алтыншы әрекет диалог әдісі. Оқушылармен сабақ бойынша кері байланыс орнату. Мұнда оқушылар өз білімдерін қортындылайды. Өздерінде болатын сұрақтарды мұғалімге немесе бір-біріне қояды және сонымен қатар тақтада бірнеше қорыту сұрақтар беріледі.

- Балалар,бүгін біз не жайлы мағлұмат алдық?

Сұрақтар :

1.энергияны қалай алады?

2. Отын жану үшін ол қандай химиялық қоспалардан құралады?мағынасын ұғыну

3.Отынның жану меншікті жылуы, формуласы мен өлшем бірлігін түсінуі

4.меншікті жану жылуы дегеніміз не?

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0754.JPG

Бұл сұрақтар сабақ барысында талқыланды және бұл сұрақтарды сабақтың алғашқы жаңа тақырып кезеңінде бағалау критерийлеріне енгіздік.

Александрдың диалогтық оқытуда айтқандай оқушылар идеясын дамыту , жұмыс жасай отырып, түсінбеушіліктерін жеңе білуге сабақты диалог арқылы қорту тиімді. Кең ауқымды диалог нәтижесінде оқушылар тарапынан да тақырып бойынша сұрақтар болды. Е есім қыз тақырып бойынша « Қазақстанда өндірілетін отын түрлерін елімізде өңдейтін орындар бар ма?» деген сұраққа оқушылар тарапынан бірнеше жауаптар айтылды. Мұнда сабақ бойынша пәнаралық байланыс: химия, география сабақтарынан білетін білімдерін оқушылар өздерінің талдауы арқылы талқылайды.

Келесі әрекет кері байланыс «Күту ағашы» .

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0722.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0726.JPG C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0727.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0729.JPG

Оқушылар сабақтың бас жағына қайта оралып, өздерінің не білгені, бүгін нені білгені, енді нені білгісі келетінін стикерге жазып күту ағашына жазып қалтырады, мұғалім сабақ аяқталғанда оқушылар қалдырған осы қағазға қарап, келесідегі сабақ жоспарына кіріктіреді. Рефлексия жасау-оқушы өзнің білім деңгейін қорытындылап, өнімдейді. Ол үшін оқушы өз ойына жүгіне отырып, меңгерген білімін саралап, салыстырады. Балалардың өздерін бағалау үшін рефлексия әр сабақта болып отырса, сабақ нәтижеге қол жеткізеді. Ертедегі философтардың айтуынша «Адамның табиғи қасиеті есте сақтау емес - ұмыту» деген. Сондықтан сабақ соңында оқушылар өздеріне есеп беру үшін сабақ бойынша кері байланыс жасау, оны жазбаша орындау есте қалдырады. «Менің өзіме жасатсаң – үйренемін!» деп Конфуций айтқандай сөзбен сабақты қорытқанда жазбаша қорыту болғаны дұрыс. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.(мұғалімге арналған нұсқаулық 52 бет)

Сегізінші әрекет оқушыларға бағалау критерий парақтарын таратады. Мұндағы критерийлер бойынша оқушылар бағалау дискрипторына қарап отырып, өздерін-өздері бағалайды.

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0719.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0720.JPG

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0821.JPG

C:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0723.JPGC:\Users\user\Desktop\сур\IMG_0721.JPG

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.( мұғалімге арналған нұсқаулық 52 бет)

Яғни мұнда бағалаудың қалыптастырушы түрінде жүзеге асады. Бағалау кезеңі сабақтың қаншалықты нәтижеге жеткенін және өсуімен дамуын анықтайды. Жалпы бағалау-оқудың ажырамас бөлігі.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.( мұғалімге арналған нұсқаулық 54 бет)

Мұндағы сабақтағы сәтті тұсым: оқушылар өздеріне баға беріп үйренетін болса, сәтсіз тұсым: оқушылардың өздерін-өздері жоғары бағалауы. Яғни кейбір оқушылар критерийлерге қарап отырып, өздеріне жоғары балл бергені. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту яғни, сұрақтың тиімді болуы, оқушылармен бірге критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін-өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз ету деп жазылған мұғалімге арналған нұсқаулықтың оқу үшін бағалау модулінде.

Келесі әрекет үй тапсырмасы, яғни келесіге тапсырма: 7-жаттығу. 4-7 есептерін шығару. Бағалау- блум таксаномиясы бойынша синтездеу деңгейі болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық тапсырма: «Отын энергиясы. Кешегі күні, бүгін, болашағы»- тақырыбында «табиғат ресурстары» журналына мақала жазу. Бұл әрекетте оқушыларға жалпы үй жұмысының құрылымын, шығармашылық тапсырманың талаптарын тақтадан ашып көрсеттім. Негізінде оқушыға үйге тапсырма берілмесе, сабақтың толық нәтижеге жете алмайтыны белгілі. Бұл сабақтың қорытынды кезеңі.

Мұғалімнің жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.( Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Қорытынды:

Сабақтың сәтсіз тұсы: мендегі тәжірибе барысындағы оқушылармен жұмыс істеуде уақытты тиімді пайдалана алмау. Жетістігім: Өзімнің алға қойған проблемам бойынша нәтижеге қол жеткізуім. Дәстүрлі педагогика бойынша мұғалім оқушыға көбіне жаттатып, қайталатып, көшіртеді. Ал оқушылар білім дегеніміз қайталау деп түсінеді. Сондықтан олар көбіне жаттап алуға тырысады. Әлімов А оқулығындағы бірнеше зерттеуде айтып өткендей біз репродуктивті білімді қойып, конструктивті білімге ден қоюымыз керек екен. Яғни оқушыларға білімді блум таксономиясына сүйеніп сатылай жоғары шыға отырып алу қажет. Сабақтың жоспарын да соған сәйкес құру қажет деп түсіндім.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров518
Номер материала ДВ-155628
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх