Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Есеп беру "Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп"

Есеп беру "Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Нурбекова Гульжан Айдархановна мұғалім портфолиосы А1 есебі

2 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 09.11.2015 ж


Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп

Үшінші деңгейлік бағдарламасы жеті модульді қамтыса, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау екінші модулі. Бұл модульде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің өзі сын тұрғысынан ойлана алу қажет. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Ол ойлау туралы ойлану. Ал адам қашан ойланады? Алдымен бір поблеманы шешу үшін сосын жаңа қпаратпайда болған а болғанда, екіншіден сол проблеманы шешкенде сосын жаңа ақпаратпен танысқанда. Осыған байланысты Д. Дьюи былай деген: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау керек кезде басталады».Сыни тұрғыдан ойлау – бақылaудың, тәжіpибенің, oйлау мен тaлқылаудың нәтижесінде алынған ақпарaтты ойлауға, бaғалауға, тaлдауға және синтездеуге бaғытталған пәндік шeшім. Ол болашaқта әрекет жасауға негіз болa aлады (үшінші деңгей бағдарламасының мұғалімге арналған нұсқаулықтың 46 бетінде).Сын тұрғыдан бағалау балаларды ерте жастан бастап жұмыс істеу барысында дамытып, дағдыландыруды қажет етеді. Сын тұрғысынан ойлануға үйрету балаларды өз тәжірибесіне дәлел береуге мән беру. Физика пәні бойынша үшінші деңгейлік тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында мен барлық сабағымда сын тұрғысынан ойлау модулін кіріктіргім келді. Бұл модульді неліктен әр сабағыма пайдаланғым келеді? Себебі, осы модульді пайдалана отырып, физика пәнін оқытуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын дәлелдеп, ізденіп, проблемалық сұрақтарды талқылау, тәжірибе немесе есеп шығару барысында нәтижелерді ой елегінен өткізу, білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, одан әрі дамыту, өздері берген ақпаратқа сыни көзқараспен қарай отырып, талдау жасауға, түрткі жасай отырып, қоғамдық әрекетке бейімдеу. Менің мектептегі алғашқы тәжірибелік сабағымда бірінші тақырып: «Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы».Сабақтың мақсаты: «жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгеру, оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау, өлшем бірліктерін анықтау» . Осы сабақта сын тұрғысынан ойлау модулі қалай орын алды? Ой сергіту сәтінен бастап, сұрақты неге біз «жылы», «жылу» сөзін қолдандық? және оның физикалық мағынасы қандай? деген сұраққа оқушылар өз ойларын , бастапқыда жабық сұрақ ретінде қабылдаған оқушылар қысқа жауап берсе, артынан дарынды оқушылардың арқасында сұрағымның күрделі, оның арғы жағында ойлауды қажет ететін үлкен мағына жатқанын байқап, ойлана жауап бере бастады. « Серпілген сауалдар» тәсілі арқылы тақырыпты ашу мақсатында қойылған сұрақтар қойылды. Нәтижесінде оқушылар бір-бірімен диалог құра отырып, мұғалімнің нұсқауымен бірінің білімін бір толықтырып жатты. Мысалы сыныпта осы тақырыпқа байланысты бірнеше өмірмен байланыстырылған ашық сұрақтар қойылды. Олар: Қандай денелердің жылуөткізгіштігі жоғары? Үйдің жылы әрі жайлы болуы үшін құрылысқа қандай материалдар пайдаланған дұрыс? Үй мұржасының ұзын болғаны дұрыс па әлде қысқа болғаны дұрыс па? Үйде неге жылу батареясы терезе астына, ал желдеткіш жоғарыда орналасады? деген сияқты сұрақтар қойылды. Сонда оқушылар тарапынан мынадай жауаптар болды: « Жылуөткізгіштігі жоғары денелер жылуды ұзақ сақтайды. Үй мұржасының аласа болғаны дұрыс, себебі пеш ішіндегі оттың сыртқы орта ауасымен сорылып, тартылып кетеді. Үй ішіндегі батареяны терезе астына қою керек, себебі конвекция жүреді» Ал «кім жүйрік» есептер шығаруға арналған әдісінде оқушыларға бірнеше деңгейлік есептер берілді. Деңгейлік есептер шығару барысында дарынды балалардың С деңгейлік есептерді шығарып, нәтижесін талдағандары, баламалы шешімдер қабылдағаны, іс-әрекет барысында есептерді басқа жолмен шығару қарастырылғанда осы модуль жақсы іске асты. Үй тапсырмасын беру барысында, яғни тақырыптың көлемінде ашық және жабық сұрақтар дайындау шығармашылық тапсырма берілді.

Екінші сабағым «Отынның меншікті жану жылуы.Отынның энергиясы». Сабақтың мақсаты: Отын жанғанда энергияның бөлінуін түсіну, отынның меншікті жану жылуы және оның өлшем бірлігін, отын жанғанда бөлініп шығатын энергияны есептеу. Алдымен «Бірік, ойлан, бөліс» әдісі берілген сурет бойынша проблемалық сұрақтар жұппен жұмыс оқушыларға отынның энергиясы тақырыбын өздігінен меңгеріп, қосымша мәліметтерді талқылайды. Сыныпқа жалпы мынадай ашық сұрақтар берілді: Қай отын түрін жағу адам өміріне әрі пайдалы, әрі жану жылуы жоғары? Мұнда әр оқушы өз біліміндегі білетінін жұппен бөліседі, өзінің білім қорын толықтырады. Суретке қарап отырып, сонымен қатар берілііп тұрған сұрақтарға жауап беру үшін ойларын қозғайды, ой ұшқырлығын байқатады, топтарға жариялау барысында да білімдерімен алмасады. Мысалы: Д деген оқушы өзінің ой ұшқырлығын көрсеткендей болды. Оның жауабы: «Біз жағуға пайдаланатын отын түрлерінің ішінде көмірге қарағанда табиғи газдың жану жылуы жоғары, әрі пайдалы арзан отын түрі. Қолдануға ыңғайлы, ауаны ластамайды» Маған оның берген жауабы қатты ұнады. Оқушымның сабақ барысында сөйлеудегі өз ойы дарынды баланың қабілетіндей болғанына мен риза болдым.Сонымен қатар сабақтың ең көлемді кезеңі- «постер қоғау». Әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар беріледі.Алған білімдерін қолданып,сонымен қатар интернет желісін пайдаланып, осы тақырыпты өздері қалай елестететінін көрсетіп, қағаз бетіне түсіреді. Әр постер жанына есеп сұрақтар берілгенде оқушылар сыни ойлау арқылы есептер шығарады. Бұл жұмысты , топта шығарады, ұжымға жариялайды. Бұл әдісті қолданған кезде бірнеше кемшіліктер орын алды. Бұл әдісті қолданудағы сәтсіз тұсым: уақытты үнемді пайдаланбау, oқушылapдың өз oйлaрын жетік айта aлмaуы, бір -бірінің пікірлерімен сaнaспaуы, топта дaу- дaмайдың туындaуы. Кейінгі сабақтарымда бұл кемшіліктерді жібермеуге жұмыс жасадым. Oқушыларым бірнeшe тізбeктeлгeн сaбaқтaрдан кейін сыйлaстыққа, ынтымақтастыққа үйрене бастады. Үй тапсырмасын бергенде де оқушыларға « Отын энергиясы: кешегі күні, бүгіні, болашағы тақырыбында « табиғат ресурстары» журналына мақала жариялау деп бердім. Оқушыларда қызығушылық байқалды. Келесі сабағымның тақырыбы: «Механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы». Сабақтың мақсаты: механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу заңын тұжырымдай білу, энергияның айналу процесінің маңыздылығын ұғыну,бұл заңның ашылу барысында ашылған жаңалықтарды анықтау. Оқушылардың энергия тақырыбындағы ашылған қызықты жаңалықтарды біліп,оны күнделікті өмірде тиімді пайдалана білу керек екені, соны ары қарай білгісі келетіні мені қатты ойландырды. Неге мұндай қызығушылық болды? Себебі, мен сабақ басында топқа бөлу кезінде механикалық, биологиялық, электрлік энергия бойынша бөлдім. Сол кезде өздерінде осы тақырыптар бойынша білімдерінің бар екенін оқушылар сөйлеу арқылы өз білімдерін көрсетіп жатты. Мұның арты «Қар борату» әдісімен жалғасты. Бұл әдіс үй тапсырмасын тексеру барысы үшін алынған. Әр топтан бір оқушыдан шығып, есепті түсіндіреді, яғни сол кезде өткен сабақтағы негізгі дерек ретінде шығарылған тапсырма есептерімен салыстырады. Ұжымдық талқылау арқылы шығармашылық жұмыстарын жариялайды.Оқушылар метатанымдық түсініктерін байқатады. Берген ақпараттарын жинақтап өткізеді. Осы шығармашылық тапсырманы орындауда , яғни «отын энергиясының кеше, бүгін, ертеңі» деген тақырыптағы мақаласы С деген оқушының әдеби тіл шеберлігінің, яғни болашақ тіл маманы екендігін айқындады. Физика пәнінде бұл оқушы өзінің білім деңгейін айқындаған еді, бірақ өзінің басқа салада талантты екенін көрсетті. Келесі әрекет- «ой қозғау». Бұл кезде электронды оқулықтағы аз уақыттық тәжірибені көру барысында да оқушылар көрген ақпараттарына шолу жасады, бір-бірімен талдады, алдыңғы сабақтағы көрген тәжірибелік тапсырмамен салыстырды, зерттеудің не үшін жасалғанын түсіндіріп, қорытындылай бастады. Негізі сәтсіз болған тұсым осы тәжірибені электронды оқулықтан көрсетпей-ақ, өздеріне қажетті құралдарды беру арқылы мәселені шешуге нұсқауым керек еді. Топтық диалог «ЖИГСО» арқылы механикалық және жылу процесіндегі энергияның сақталу және айналу заңы тапсырмасын орындауға бағыттаймын. Ол ПРЕС әдісі арқылы жүзеге асады 1 топ - P/П – point of view / өз ойын 2 топ- R/Р — reason / себептер, E/Е — example / мысалдар 3 топ- S/С — summary / қорытынды. Осы жерде айтып өткендей бұл әдісте диалог арқылы сын тұрғысынан ойлау ды дамыту орындалады. Ең қызығы бұл сабақтың пікірталас сияқты өтуі «қатені түзету» әдісінде дұрыс, бұрыс жауаптарын айтқанда, оқушылар сабақты өздері қорытындылай бастады. Бұл кезде әр оқушы дәлелді дәйекті оқулықты көрсету арқылы іске асты. Сонымен қатар бұл модуль келесіге үй тапсырмасына «энергия» тақырыбында эссе жазу берілгенде іске асады.Бұл сабақта мұғалім ынталандырушы болып қана отыру қажет болды. Таңдап алынған әдістердің барысында балалар сын тұрғысынан ойлауды өздері орындай бастағанда, әсіресе диалог арқылы таласқа түскені мені қатты ризаландырды .

Төртінші сабағымның тақырыбы: «Практикалық жұмыс . Сапалық және мәтінді есептер шығару». Сабақтың мақсаты: физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруарқылы сапалық және мәтіндік есептерді тұжырымдама жасай алу арқылы шығара білуге уйрету. Топта бірлесе, ынтымақтастықта , белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау . Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету. Сабақтың ертегі әлімінде «Сауалдар тізбегі» әдісінде оқушыларға Алдар көсе қонақта ертегісінің желісі бойынша ертегі оқылады. Ертегінің әр кезегінде алдар көсенің тапқырлық сұрақтары келеді. Оқушылар топ болып, кеңесіп, ұжымда жариялайды. Әркімнің әр-түрлі берілген өз нұсқасы бойынша ойларын жиектеп, алдар көсенің өз дұрыс жауабы да беріліп отырады. Сонымен қатар «Сен білесің бе?» әдісінде тақтада өмірден алынған бірнеше сұрақтар беріледі. Мысалы: Даладағы самаурынның қайнағанын үйдегі адам қайдан білді? Сырттан үйге кірген мысықтың жүні неге үрпиген? Дастархан бетіне әкелген бауырсақ неге суық болып қалған?. Сұрақтарға өз ойларымен жауап беру арқылы осы сабақ бойынша білімдерін толықтырады. Оқушылардың сыни тұрғыда ойланып берген жауаптары: Самаурын даусының шығуы судың қайнағанын білдіреді, сыртта күн суық болғандықтан мысық жүні үрпиеді, темір ыдысқа бауырсақ алып келгенде суып қалады. Әсіресе орта деңгейдегі жеке оқушылар көрсеткен түрлі жауаптар мені оларды зерттеуіме жақсы көрсеткіш берді. Өмірмен байланысқан сұрақтар арқылы қоғамдағы орны мен білім деңгейінің қандай екені анықталды, сабақ дәлелдерін айтты. Қойылған үш сұрақтың бес минут ішінде қаншама сабақтағы деңгейінің төмендігіне қарамастан оқушының қызығушылығын артқаны байқалды. Сонымен қатар жеке жұмыс жасау есеп шығару әдісінде сын тұрғысынан ойлау, яғни оқушыда есепті шығару барысында сұрақ қойылып, көзбен шолып, сенімсіздік танытып, неге олай? деген оқушылар болды. Осы жерде менің де білім деңгейімді айқындау, өзіме-өзім іштей есеп беруім сезілді. Келесіге тапсырма тарау мәселелеріне қарай отырып, шығармашылық тапсырма: «жылу мөлшері» тәжірибе құрап келу. Бұл әдіс те оқушылардың дамуына, яғни тәжірибе, өз ойларында жүрген сұрақтардың жауабын табу үшін өздерінің тәжірибе құрауы тарауды толықтыру үшін қажет.

Қорытынды:

Тізбектелген сабақтар топтамасында бұл модуль менің сабақтарымда жалпы қалай орын алды? Неге бұл модульге баса көңіл аударылды

Себебі, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу және сабақта әңгімелесуді пайдалану,сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар логикалық тапсырмалар орындауды оқушының сыни ойлауын қажет етеді. Мектептегі мұғалімдердің іс-тәжірибесінен көріп жүргеніміздей, диалогтық білім берудегі тиімді тәсіл екені айқын. Сонымен қатар практика барысында өзімнің де сыни тұрғыдан ойлауым түрлі жастағы балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлауымды дамытты. Білім беруде сын тұрғысынан ойлауға, оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуғы әсер ететін әңгімелесуді, шағын топта қалай ол жүзеге асатыны тиімді екені туралы түсінік қалыптасады. Сыныптағы оқушылар бір-бірімен бірлесе жұмыс істеу, талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерді пайдалану өте жақсы жүзеге асатыны байқалды. Жалпы сыныптағы оқытуды жақсарту үшін сын тұрғысынан ойлаудың диалогтық сипаты өте жақсы екенін көрдім. Ауызша және негізгі түрдегі ақпарат көздеріне оқушы тәуелсіз ойлануына және ой қорыту, өзіндік түсінік қалыптастыруына ықпал етеді.Әрине сыныпта түрлі көзқарас болады. Оларды бағалауда мұғалім жауаптары мен талқылауына жол сілтеп отырса болғаны. Оқушы қашан ойланады? Оқушыға ойланатын және ойландыруға ерік беретін қызық сұрақ қойғанда ойланады. « Ойланудың қандай да болмасын қиындық, ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болады»(Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. – М.: Совершенство, 1997, 21 бет).

Физика пәніндегі сұрақтарға толассыз түрлі сыни жауап беруге болады. Яғни тәжірибе жасау түрлі дәлел, дәйектемелерін келтіреді. «Дұрыс жауап беру жеткіліксіз, оны дәлелдеп беру керек» деген нақыл сөз осы сын тұрғысынан ойлауға арналған модуль үшін айтылған. Негізінде сын тұрғысынан ойлау оқушы үшін ойын терең қолданатын, ұтымды дәлеледер айта алатын, өз пікірі бар және оны дұрыс пайдалана алатын оқушы болып табылатынын мен практика барысында байқадым. Менің тағы бір жақсы түсінгенім сабақтың тақырыбы айтылғанда проблемасын дұрыс айқындап алу керек екен. Яғни жаңа тақырып бойынша білімдірін айқындау үшін бұл тақырып бойынша не білесің? Мұндағы проблемалар не? Бұл туралы тағы не білгің келеді? Деген сияқты сауатты сұрақтар қою арқылы сабақты ашса, сыни ойлау осы жерден басталып кетеді. Сынып болып талқылай басатағанда, проблемамыз айқындала бастайды. Яғни жаттанды жауаптар алғанша, оқушылардан ойланатын жауаптар алуға тырыстым. Мысалы сабақ барысында сұрақ: Жылу дегенді қалай түсінеміз? Теңіз климаты мен континенттік климат арасындағы айырмашылық неде? Жылу мен энергия арасында қандай байланыс бар? Неліктен тұрғын үйдің жылыту жүйесінде су қолданады?

Массалары бірдей су мен сүттің бірдей температурада қыздыру үшін бірдей жылу мөлшері бірдей бола ма?деген сұрақтар бір қарағанда оңай сұрақтар болып көрінгенмен, оқушылар өз жасында бұл сұраққа өздерінше жан-жақты қарастырып , пікір қалыптастыруға, өмірден мысал ретінде дәлелдер айтып, өз деңгейлеріне қарай жауап берді. Сондықтан сыни ойлау басқа үш модульдермен, яғни жас ерекшеліктерін оқыту мен саралап оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалау модуьдерімен тығыз байланысты екеніне көз жеткіздім. Бастапқыда дәстүрлі оқыту кезеңімде сын тұрғысынан ойлау деп жүрген модулінен терең түсінік қалыптастырдым. Өзімнің өмірлік тәжірибелерімді кешегі күндері мен бүгінгі күндерімді салыстыра отырып, бұл модуль бойынша толығырақ мағлұматты практика барысында жинап , қорытындылай бастадым.

Мен сыни ойлауды сонымен қатар өздеріне жауапкершілікпен қоршаған ортасына қорықпай жаңалық әкелуге құмар адамдар екенін жақсы түсіндім. Сыни ойлау бәсекеге, бірінші болуға жетелейтін модуль. Д. Халперн сыни ойлауға төмендегідей анықтама береді: «Сыни ойлау -қажетті нәтижені алу ықтималдығын арттыратын танымдық дағдылар мен стратегияларды пайдалану. Ол қисындылығымен, мақсатты бағыттылығымен , елеп-екшелгендігімен ерекеленеді». Сыни ойлаудың оқушыға берер өмірлік жолындағы тәрбиелік мәні қандай? десек, сыни ойлау өмірге баланы белсенді араласуға, тиімді ойлануға үйретеді. Сыни ойлау реті танымдық қызметтен басталып, сонымен қатар ақпаратты қосуда жүзеге асады, мақсатқа жетуге тырысады. Блум таксаномиясында сыни ойлау критерийлерге сын айтады. Ол жөнінде Дж.Курфус мынадай пікір айтқан: Сыни ойлау- білім тапшылығы жағдайында нақты жауабы жоқ сұраққа ұтымды жауап беру. Бұл-қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып-үйрену мақсатындағы зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, «сыни ойлау-критерийлерге негізделген пікір айту өнері».



   


Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров455
Номер материала ДВ-155638
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх