Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Есептер шығару. Қайталау сабағы.

Есептер шығару. Қайталау сабағы.



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.Есептер шығару.

Мақсаты:

А)Білімділігі:Мемлекеттік стандарттағы білім,білік,дағдыны,іскерлікті қалыптастыру.

Математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.

Ә)Дамытушылығы: Әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін анықтай отырып,

өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)Тәрбиелік мәні: Пәнге қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс жасауға,тазалыққа,

ұжымдық жұмысқа,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап,ізденушілік,есептерді шығару.

Сабаққа қажетті құралдар: маркер,стикер,интерактивті тақта,слайд.

Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиеттік оқу

Күтілетін нәтиже:

1.0-ден 100-ге дейінгі сандар,қосу және азайтудың ауызша тәсілдерін біледі.

2.Өз беттерімен жұмыс істей білу дағдылары артады.

3.Оқушылардың өз ойын еркін айта білу дағдылары молаяды.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а)Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.

ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.(1 минут)

Психологиялық дайындық:

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

(қол алысып амандасады)

Қызығушылығын ояту.

Оқушыларды “Алғырлар” және “Білгірлер” деп екі топқа бөлемін.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Мысал №4. Дәптерлерінен үйге берілген тапсырманы оқыту.(2 минут)

100-7=93 93+7=100 48+2=50 90-7=83

100-5=95 95+5=100 50-8=42 88+2=90

ІІІ.Білімін жан-жақты тексеру. (з минут)

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

-Оны неден аңғардыңдар? (айнала аппақ қар,күн суық,боран соғады)

1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)

1 дм неше см бар? (10 см)

1 аптада неше күн бар? (7 күн)

1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

1 жылда неше ай бар? (12 ай)

Мағынаны тану.

Қаршаларды іліп болған соң:

-Ендеше,айтыңдаршы,бұлар неге ұқсайды? (жауып тұрған қарға)

-Қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?

Оқулықпен жұмыс. (7 минут)

Екі топқа тапсырма беру.Әр топ есепті өз топтарында талқылап алып шығарады.

Тақтаға екі топтан бір-бір оқушы шығады.Шешуіне тағы келесі оқушылар шығады.

а)Есептің мазмұнын оқыту.

ә)Талдау(не белгілі,не белгісіз)

б)Қысқаша белгілеп шығарту.

Алғырлар” тобына есеп №1.

Бірінші қорапта-10 ыдыс 16 ? кем

Екінші қорапта-?

Шешуі: 1) 16-10=6 2)10-6=4

Жауабы: екінші ыдыста 4-еуі кем.

Білгірлер” тобына есеп №2.

Кішкентай қабыршақ-60 дене ?

Үлкен қабыршақ-? 40 дана кем

Шешуі: 1)60-40=20 2)60+20=80

Жауабы: барлығы 80 ұлу қабыршағын жинады.

Сергіту сәті:

(1 минут)

Жапырақтары жайқалып,

Биік ағаш өседі.

Самал желмен тербеліп,

Бұлттар жылжып көшеді.

ІҮ.Түсінігін тексеру.

Мысал №6 (6 минут)

Алғырлар” тобына:

50-4 40+(4+7)

61+9 50-(6+9)

35-5 25-(12-5)

Білгірлер” тобына:

65+6 20+(6+7)

71-8 30+(30-5)

35+9 55+(50-30)

Ойын “Кім көп балық аулайды?”

(7 минут)

hello_html_1e460b5c.pnghello_html_790eedc2.pnghello_html_495f3505.pnghello_html_mb1e94ff.pnghello_html_49a75b98.pnghello_html_671f98e8.pnghello_html_34bbe101.pnghello_html_25976761.pnghello_html_213f8a64.png

Ү.Бекіту.

Теңдеу шешу №4 (7 минут)

Алғырлар” тобына:

8+х=60 x-8=52 60-x=8

Білгірлер” тобына:

x+7=45 x-7=38 45-x=7

Баспалдақ” ойыны:

(5 минут)



Ой толғау.

Ауызша логикалық сұрақтарға жауап алу. (5 минут)

а)Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды.

Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды? (10)

ә)Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды.

Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды? (37)

б)Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді.Олардың екеуі

түскі тамақ ішуге кетті,ал түстен кейін

олар мұзайдынға қайтып оралды.

Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? (8)

в)Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса,ұлдар да сонша.

Отбасында қыздар қанша,ұлдар қанша? (2-ден)

Қорытынды:

-Бүгінгі сабағымызда қандай жұмыстарды істедік?

Бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма:

137 бет №7

Кері әсер парағын толтыру:

1.Маған не ұнады? Ұнамады?

2.Бүгін не үйрендім?

3.Айтар сұрағың,пікірің.









Шығанақ орта мектебі







Ашық сабақ





2-сынып





hello_html_3bfae58a.jpg



Өткізген:Ахметжанова А.Б.





Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров50
Номер материала ДБ-053315
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх